Сынып: 5
Пәні: Жаратылыстану
Тақырыбы: Табиғи құбылыстардың
көптүрлілігі. Жарық бөліп шығару құбылысы. Жылу
құбылысы
Мақсаты: Білімділік: табиғаттағы құбылыстардың
әртүрлі болатындығын түсіндіру және оларды ажырата білуге
үйрету.
Дамытушылық: ойын элементтерін пайдалану
арқылы оқушылардың ой өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,
іскерлікке, өз бетінше еңбектенуге, тез ойлауға
тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: аралас
Сабақтың
әдісі: сұрақ – жауап, ой қозғау,
сандар сыры, т.б
Көрнекіліктер: оқулық, интерактивті тақта,
барометр, таразы, майонез қорапшасы т.б
Сабақтың
барысы
І.
Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, ә) түгендеу, б)
сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру: оқушыларды үш топқа
бөлу.
І.
«Таныстыру». Топ басшысын сайлау.
Анаграмманың шешуін табу арқылы өз тобының атын
қорғау.
-
«атом» -
(мота)
-
«молекула» -
(лалекумо)
-
«диффузия» -
(фуздифия)
Әр топ басшысына бағалау
парағы беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балдан жазып отырып, сабақ
соңында бағалаймыз
ІІ. «Ой
қозғау». Партаның
үстіне келесідей заттар
жатады: барометр, Исаак Ньютон – фотосуреті, майонез қорапшасы,
стаканға құйылған су және гуаш, таразы. Оқушылар осы заттарды
түсіндіреді:
Барометр – атмосфералық қысымды өлшеу
үшін қолданатын құрал. Бірінші рет атмосфералық қысымды өлшеген
итальян ғылымы Эванджелиста Торричелли (1608-1647). Қалыпты
атмосфералық қысым – 760 мм. Барометрдің екі түрі бар сынап
барометрі және анероид (ылғалсыз)
барометр.
Исаак
Ньютон – ағылшын ғалымы, осыдан
300 жыл бұрын Бүкіләлемдік тартылыс Заңын ашты. Тартылыс күші Күн
жүйесіндегі ғаламшарларды Күннің айналасында өз орбиталарында ұстап
тұр. Тартылыс күші Жер атмосферасын да ұстап тұр. Бұдан басқа
көптеген процестер тартылыс күшіне
байланысты.
Майонез – бұл тағам түрін
біз күнделікті өмірде асымызға қолданамыз, ал бірақ оның қандай зат
екеніне назар аудармаймыз, майонез – бұл қоспа себебі оның
құрамында – май, уксус, сарыуыз бар. Жалпы табиғатта таза заттар
болмайды, болған жағдайда да өте сирек, ал қоспа – әр түрлі
заттардың жиынтығы. Олар – сұйық, қатты және газ тәрізді деп
бөлінеді.
Стаканға құйылған су
және гуаш – Ішінде суы бар ыдысқа
бір тамшы гуаш құйып, аралартырсақ, гуаш тез арада сумен араласып
ыдыстағы суды лезде белгілі бір түске өзгертеді. Себебі гуаштың
құрамындағы молекулалар ұдайы қозғалыста болғандықтан тез араласып
кетеді. Сұйықтың ішіндегі және газдағы молекуланың таралуын
диффузия деп атайды. Диффузия латын тілінде – таралу, ыдырау,
жайылу деген мағынаны білдіреді.
Таразы – салмақты өлшеу үшін
қолданылады, ол біздің күнделікті өмірімізде өте қажет, Масса
бірлігіне килограмм пайдаланылады.
Парта
– бұл дене, физикалық дене
дегеніміз – бізді қоршаған дүние (үй, жиһаз, ойыншықтар және т.б.),
ал зат дегеніміз – физикалық дененің құрамдас бөліктері, мысалы
физикалық денеміз парта болса, оның құрамдас бөліктері яғни заты –
бұл ағаш және темір.
ІІІ. «Сандар
сыры». Берілген сандардың артындағы
сұрақтарға жауап беру.
-
Деформация дегеніміз
не? (Сыртқы күштен кез келген
дененің пішінінің өзгеруі)
-
Тепе – теңдік дегеніміз
не? (Дененің күйі, тыныштық
немесе бірқалыпты қозғалыс үстіндегі
құбылыс)
-
Күш дегеніміз
не? (Физикалық өлшем,
денелердің бір – біріне қатысты
қозғалысы)
-
Механикалық қозғалыс дегеніміз
не? (Уақыт өтуіне қарай дененің
немесе оның кейбір бөліктернің санақ денесі деп аталатын басқа
денелерге қатысты кеңістіктегі орын
ауыстыруы)
-
Адамдар тепе – теңдікті қалай
сақтайды? (Арнайы мүше – тепе –
теңдік мүшесі (ішкі сезім)
орналасқан.)
-
Қысым дегеніміз
не? (Бір дене екінші дене дене
бетіне әсер еткенде п.б қалыпты күштің қарқындылығын сипаттайтын
физикалық шама)
-
Үйкеліс күші қайдан пайда
болады? (Дененің тіреу бетімен
сырғанаған кезінде әсер ететін
күш)
-
Тартылыс күші дегеніміз
не? (Күн жүйесіндегі
ғаламшарларды күннің айналасында өз орбиталарында ұстап
тұр)
-
Кинематика қандай
бөлім? (Механиканың, дене
қозғалысының қасиеттерін, олардың массасы мен оған әсер етуші
күштерді ескермей зерттейтін
бөлім)
ІІІ. Жаңа
сабақ.
Ал енді оқушылар тақтадағы
бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбына назар аударыңдар, бүгін біз
сендермен «Табиғат құбылыстарының еліне» саяхат жасмаймыз, мен
сендерге бүгінгі саяхатта сәттілік тілеймін. Бір заттың екінші
затқа көшуін ондағы болатын өзгерістерді «құбылыс» деп атайды.
(видеоролик).
Метеорологиялық
Биологиялық
Дыбыс
шығару
Химиялық
Табиғи
құбылыстар
Магнитті
Жылу
бөлу
Электрлі
Жарық
шығару
Табиғи құбылыстардың ішіндегі
бүгінгі тоқталатын тақырыбымыз: Жарық бөліп шығару және жылу
құбылыстары.
І. Тәжірибе
жасау.
1. Спектрдің қалай ақ түс
беретініне көз жеткізу үшін қағаздан шеңбер қиып алыңдар. Шеңберді
7 түске кемпірқосақ сияқты қылып бояп, ортасынан қарындаш
өткізіңдер. Қағазды қарындашпен айналдырғанда қандай түс пайда
болатынын байқайсыңдар.
2. Әртүрлі заттардың жылу
өткізгіштігі: қолдарыңа бірі темір бірі ағаштан тұратын қасық және
пластмасса сызғыш алыңдар. Олардың бір басына қатып тұрған майдан
алып қойыңдар, екінші ұшын ыстық су құйылған кесеге салыңдар. Бұл
жерде ыстықты жылдам өткізетін зат қайсысы екенін
көресіңдер.
ІҮ.
Бекіту:
ІҮ. «Кім
жүйрік?» Оқушылар берілген
сурақтарға жылдам жауап беру
керек.
-
Жер бетіндегі ең күшті жарық
көзі: (Күн)
-
Табиғи жарық көздері: (Ай,
күн, алау, электр лампасы)
-
Жасанды жарық көздері:
(Алау, шам, электр
лампалары)
-
И.Ньютон тәжірибе жасап қандай
түстің күрделі екендігін дәлелдеді:
(Ақ)
-
Жүріп келе жатқан көлік ішінде
кітап оқуға болады ма (Болмайды)
-
Кемпірқосақта негізгінеше түс
бар: (7)
-
Адамның жарықты қабылдау
органы: (көз)
-
Жылуды аз өткізетіндер? (ағаш,
су, ауа.)
-
Жылуды жақсы қабылдайтың түс?
(қара)
-
Температураның өлшем бірлігі?
(градус)
-
Жылуды тез өткізетіндер?
(металдар)
-
Энергияның белгілі бір пішіні?
(жылу)
V. Үй тапсырмасын
беру: § 22 оқу тапсырмаларды
орындау. Терминдерді дәптерге
түсіру
VI. Оқушыларды
бағалау: