400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Табыс септік қмж. 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектебі: Алға мектеп – гимназиясы Пәні: Қазақ тілі

бөлім:

Табиғат құбылыстары

Күні:

27.01.2021 ж

Педагогтің аты-жөні

Байхадамова К.Т.

Сынып: 4 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Табыс септік

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мәтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Сабақтың барысы.

Сабақтың кезеңі

уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларға өткен материалды пысықтау үшін «Қане, тап» ойыны жүргізіледі. Тақтаға бірнеше сөздер беріледі. Оқушылар берілген сөздердің орнына 2 минут ішінде септіктерді жазып шығады.

Үлгі: «жұмысқа» сөзінің орнына Б.с, «жанартау» сөзінің орнына А.с, «аққуға» сөзінің орнына Б.с деп т.с.с. жазады.


жұмысқа жанартау аққуға

сел аққудың жауынның

аққу егіншіге альпинистің

-Сөздердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Ойын арқылы оқушылар өтілген септіктерді қайталайды.










ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.



Психологиялық ахуал.


Алдыңғы білімді еске түсіру

тапсырмалары.

Ортасы

(Ұ.Ж) 4.4.2.3 - зат есімді септеу, тәуелденген сөздердің септелуін білу.

1-тапсырма.

52-жаттығуда берілген сөйлемді ауызша талдау. Асты сызылған сөздерге сұрақ қою.

1.Халық аққуды киелі құс деп есептейді. 2.Аққуды қармақтан босаттым. 3. Аққулар өзен жағасын әнге бөледі. 4. Алыстан балықшыны байқадым.

- аққуды –нені?

- өзен жағасын- нені?

- балықшыны –кімді?

-Бұл зат есімнің септелу кестесінде қай септікке тән?

-Жалғаулары қандай?

2-тапсырма.Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын жалғап жазу: құс, су, Өскемен, Әсет.

(Т) 4.3.2.1 - тірексөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу.

1-қадам. Оқушылар оқулықта берілген Б.Тұралиевтің «Аққу» мәтінін оқиды.

2-қадам. Мәтін мазмұны бойынша берілген етістіктер қай сөзге тиісті екенін тауып жазады. Бұл тірек сөздер болады. Уақыт беріледі. Белгіленген уақыт ішінде қай топ тез орындайтындығы анықталады.

Оянды, сабалайды, ұша алмайды, жүгірді, шешті, сыңсиды, малтыды, айбат шекті, ұстады, саңқ етті, қиқулады, қосылды, көтерілді, ұстады, босатты.


Бала не істеді?

Аққу қайтті?



3-қадам. «Қабырға газеті» және «Галереяға саяхат» әдісі бойынша тапсырма орындалады. Қабырға газетіне мәтін кейіпкерінің қамқорлығы туралы кестедегі тірек сөздерді қолдана отырып, қысқаша мақала жазу керек. Баланың іс –әрекетін жаңалық ретінде хабарлап жазады.

1.Мақалаға тақырып ойлау керек. Тақырып оқырманды оқуға қызықтыратындай болу керек. Үлгі Аққуды құтқарған бала. Қармаққа ілінген аққудың жағдайы не болды? Аққуды құтқарам деп... Неліктен аққу айбат шекті?т.б.

2.Жазған кезде әр сөйлем 6-7 сөзден аспау керек. Құрылымын ойластыру: кіріспе бөліміне, негізгі бөлімге, қорытындыға не жазатындығын ойластыру.

3.Мақаланың басын фактіден бастау керек (қайда, қашан,қай жерде). Қорытындысын өз пікірімен аяқтау керек.

Топтағы оқушылар не жазытындықтарын ойластырғаннан кейін кіші топтарға бөлінеді: жазушы, безендіруші.

4-қадам.Мұғалім жазуға белгі береді.

5-қадам.Қабырғаға ілінеді. Топтар сынып ішінде қозғалысқа түседі.

6-қадам. Әр топтан бір оқушы шығып жазғандарын оқиды немесе қоңырау кезінде оқуға болады.

7-қадам. Топтар бірі-бірінің жұмыстарын бағалайды. Пікірлері мен ұсыныстарын айтады.










Дескриптор:

-табыс септігіне жалғауларды дұрыс жалғайды;

-ол сөздерге сұрақ қояды, жалғауын анықтайды.












Дескриптор:

  • тақырыпқа сәйкес мақала жазады;

  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

  • ақпараттық мәліметтерді және өзіндік көзқарасын жүйелі жеткізеді;

мақала жазу стилін сақтайды.










Қалыптастырушы бағалау мұғалім бағалауымен жүзеге асады.
















ҚБ: Бір-бірінің жұмыстарын бағалау.







Ереже

Соңы




Кері байланыс

Үй тапсырмасы 55-жаттығу.

-мақалдарды оқып, табыс септігіндегі сөздерді табу;

-табыс септігі сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтау.


Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы жүргізіледі.

Екі жұлдыз – жұмыс барысында оқушыларға ұнаған екі зат;

Бір тілек – бұл жақсартуға ұсыныс беру.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
08.02.2021
1940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі