Табысты бала- тәрбиелеудің әдістемесі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табысты бала- тәрбиелеудің әдістемесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланы тәрбиелеудің түрлі әдістемелері, өмірден алынған мысалдары туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табысты бала- тәрбиелеудің әдістемесі.

Шымкент қаласы.

ЖШС « Алуажан» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.

Кралы Таңшолпан Сағатбекқызы


Мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігінің басты себептерінің бірі, ырықсыз зейіннің тұрақсыздығынан болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. К.Д.Ушинскийдің зерттеуі бойынша зейін- сыртқы дүниедегі материалдың барлығын санамызға жіберіп отыратын «есік» дейді. Ендеше осы есікті ашатын да, жабатын да мұғалімдер деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап мені оқушының зейіні қызықтыратын. Тұңғышым Нұрдәулеттің мектеп табалдырығын аттауы қызығушылық арқылы оқыту мәселелеріне тереңірек бойлауыма түрткі болды. Қызығу дегеніміз ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені, қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты нәрсемен айналысуға оқуға ырықсыз зейін жеткілікті. Ал мектеп жасындағы ойын баласы үшін қызықсыз кітап оқу, әріптерді маржандай етіп жазу, есеп шығару – ырықты зейінді керек етеді. Оқушыларда тапсырма орындауда ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді. Зейінді үйреншікті зейінге айналдыруда мұғалім көп тер төгуіне тура келеді. Мұғалім зейіннің пайда болуына, оқушының қызығушылығының арттырып отыруына, бірнеше жағдайлар жасап отыруы керек. Мектеп жасындағы ойын баласына әсер етуші заттар анық, көрнекті, ашық болса, Барнс (1971) айтқандай оқушылар мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде бала зейіні сабаққа молырақ бөлінеді. Сондықтан, тітіркендіргіштердің әсер ету мөлшері ұзақ болса, соғұрлым оларға да бала еріксізден зейін аударады. Жас ұстаздардың көп жіберетін кемшіліктерінің бірі ырықты зейінді ырықсыз зейінге айналдыра алмай, балаларды жалықтырып алуында деп ойлаймын. Мысалы, бір жасар баланың өзін анасының алдында қызғушылы бар ойыншықпен сағаттап отыра алады, егер қызығушылығы төмен ойыншықпен бір минутта отыра алмай қолын ербеңдетіп, жерге түсуге немесе өзі қызығатын, ұнамды іспен айналысуға талпыныс, әрекет жасайды. Мысалды ескеретін болсақ, әлі ойын баласы, өз қызығушылығымен ғана өмір сүруге үйренген бастауыш сыныптың оқушысына тапсырманы қызығушылық тұрғысынан, ырықсыз зейіннің бал бұлағынан дәм таттыра отырып, ырықты зейінін тұрақтандырып, үйреншікті зейінге яғни, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейінге тәрбиелей алау ғана нәтижелі болмақ. Тәжірибелі мұғалім ырықсыз зейінді ырықты зейінге айналдыра алады. Олар алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген тапсырмаларды, ойын арқылы, жеңіл түсіндіре отырып, балаға түсінікті болғанша тапсырмаларды жеңілден күрделіге түрлендіріп отырады. Бұл кез оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінінің пайда бола бастағаны. Мысалы, бала буындап оқудан сөздерді тұтастай оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Осы кезде оқушылар мектептің ішкі тәртібіне төселіп өздерін оқушы ретінде сезініп, жауапкершілік сезімдеріне үйрене бастайды. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Оқушының тапсырманы өздігінен беріліп істеуінен оның ырықсыз зейіні көрінеді. Дегенмен, ұзақ күш жұмсайтын тапсырманы тікелей қызығып істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Оқушылардың тапсырманы дұрыс ұғынуына осы тұста мұғалімнің шеберлігі аса қажет. Өйткені, оқушылардың зейіні тұрақсыздана бастаған уақытты дәл біліп, оқу тапсырмасын түрлендіре алу керек. Балалардың зейінді аудара алуы оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады. Қазіргі уақытта барлық назар білімді ұрпақ тәрбиелеуге бағытталып отыр. Сондықтан, да барлық ұстаз назар аударатын тұстарын басты назарға алғым келеді. Оқушының бастапқы сенімдерін, білімін, өзіндік ойын негізге ала отырып, оқушылардың не білетінін, нені жасай алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысу арқылы оқыту әлдеқайда нәтижелі болмақ.





Пайдаланған әдебиеттер:

  • Қ. Жарықбаев, Әдеп және жантану, Алматы-1996ж,Атамұра баспасы

  • Л. Д. Столяренко, Основы психологии, Ростов-на-Дону, 2007г, Феникс



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2023
397
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі