Материалдар / Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея

Материал туралы қысқаша түсінік
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін мектепке енгізу арқылы табысты мектепке жету үшін мектебімізде «Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея» айқындалып, іске асырылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
991
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибелерін мектепке енгізу арқылы табысты мектепке жету үшін мектебімізде «Табысты мектепке жеткізетін үздік 5 идея» айқындалып, іске асырылды.

Бұл идеяларды жүзеге асырудағы басты мақсат: Ұлттық құндылықтар негізінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірбиелеріне сүйене отырып, мектепте көшбасшылық туралы білім мен түсінік қалыптастыру арқылы табысты мектепке жету.

Күтілетін нәтиже:

  • Білім беруді басқарудағы көшбасшылық арқылы ұжымда ортақ ұстаным мен құндылық қалыптасады, бір мүддеге бағытталған жұмыс жасау мәдениеті орнайды.

  • Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік тәжірибелерінен тиімді идеялар жинақталып, қазақстандық мәнмәтінде мектеп ерекшелігі мен қажеттіліктеріне сай сараланып 5 үздік идея таңдалады;

  • Идеяларды жүзеге асыру жоспары құрылып, іске асырылады;

  • Мектепішілік кәсіби қоғамдастық арқылы мұғалімдердің үздіксіз оқу ортасы қалыптасады;

  • Командалық жұмыс жасау мәдениеті орнайды;

  • Іс-әрекеттегі зерттеу; Lesson Study тәсілдері арқылы оқу мен оқытудың үздік тәжірибелері анықталады, жинақталады, таратылады, мұғалімдердің кәсіби деңгейі үздіксіз артып отырады;

    • Лицей кезең-кезеңімен 5 жылда Қазақстандағы «Ең үздік 30 мектептің» қатарына енеді.

    • SIS халықаралық аккредитация стандарттарына сәйкес мектеп мәдениеті қалыптасады (2019-2022 жылдар аралығы аппробациядан өту кезеңі, НЗМ сыртқы сарапшы іс-әрекеттегі зерттеуі).

Көмекші құралда ұсынылған идеяларды апробациядан өткізу 2018-2021 оқу жылдарында жүзеге асырылды.

Жобаны жүзеге асыру: І фаза - 2018- 2019 жылдар; ІІ фаза - 2019-2020 жылдар; ІІІ фаза - 2020-2021 жылдар.

Жобаны іске асыру механизмдері:

  • Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі;

  • Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы;

  • Жаңартылған білім беру бағдарламасы;

  • Педагогикалық қоғамдастықтағы көшбасшылық бағдарламасы;

  • Мектептегі мұғалім көшбасшылығы бағдарламасы;

  • Тиімді оқу мен оқыту бағдарламасы.

«4-7-20» – жас мамандарға арналған мінсіз мұғалім мектебі


«4-7-20» – жас мамандарға арналған мінсіз мұғалім мектебі – жас педагог мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға арналған идея болып табылады. Педагог кадрлардың туа біткен қабілеттері мен ерекшеліктері негізінде танымдық, аффекттік, әлеуметтік аспектілерін қамтитын икемді дағдыларын дамытуға және НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының «Тиімді оқу мен оқыту» бағдарламасының түйінді идеяларын еңбек өтілі 1- 3 жылға дейінгі жас мамандарға үйретуге, сол арқылы ЭЫДҰ «Тиімді мұғалімді бағалауға арналған 7 критерийіне сәйкес» әзірлеуге бағытталған.

SIS стандарттарына сәйкес 7 критерий:

  1. Мұғалім кез келген жерде технологияларды қай жерде қалай қолданылатынын біледі;

  2. Сабақты өткізудің түрлерін біледі, түрлендіріп өткізеді;

  3. АКТ сауаттылығының 5 аспектісін біледі;

  4. Өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды;

  5. Өзінің іс-әрекетін зерттейтін мұғалім болады (LS, AR)

  6. Бағалау құзыреттілігі жоғары болады;

  7. Тәжірибелер алмасуға тез кіріседі.


«4-7-20» – жас мамандарға арналған мінсіз мұғалім мектебінің мақсаты:

Әлемдік стандарттарға сәйкес, құзыретті мінсіз мұғалім тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • SIS стандарттарына сәйкес (7 критерий) 4 жыл бойы бір мектептен 20 мұғалімнен артық емес жас маманға үздіксіз кәсіби қолдау көрсету;

  • Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет;

  • Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да есептен шығармауға тиіс.

    • Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән мен оған жақын пәндер бойынша бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен, желілік кәсіби қоғамдастық және тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да әріптестер аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

    • Мұғалімдер білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеріп және оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс. Атап айтқанда, оқыту үдерісінде сандық ресурстарды пайдалануды оңтайландырып, оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.

    • Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару, жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отырулары тиіс.

    • Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасауы қажет.

    • Мұғалімдер оқушы білімін жан-жақты дәлелдер арқылы бағалай алуы, сондай-ақ топтық, жұптық, жеке жұмыстарды оқушы біліміне критерийлер құрастырып бағалай алу қабілеті және қалыптастырушы бағалауды жүргізуді сындарлы кері байланыс арқылы тиімді жасай алуы қажет.


Күтілетін нәтижелер

  • Мұғалімдерде «Табысты адам», «Табысты мұғалім» туралы тұжырымдамалық түсінік пен тәжірибелік дағдылар негізі қалыптасады;

  • Мұғалімдер өзінде бар тұлғалық қасиеті мен тұрақты дағдылары туралы сын тұрғысынан ойланады, рефлексия жасап, икемді дағдыларды меңгеру үшін өзін-өзі жетілдіру қабілетін иеленеді, өздерінің кәсіби даму аймақтарын анықтап, дамтуды жоспарлауды меңгереді;

  • Мектепте (сабақта) және мектептен тыс жерде (сабақтан тыс жерде) өз мүмкіндіктерін көрсетуге, өз әлеуетін ашуға, өзін-өзі реттеуге, дамытуға, белсенді жұмыс істеуге, өмір бойы оқуға бейімделеді.


«4-7-20» – жас мамандарға арналған мінсіз мұғалім мектебінің құрылымы мен кезеңдері

Бірінші кезең – пән бойынша теориялық білімдерін тереңдету мақсатында SIS бағдарламасының негізгі идеясын беру, үйрету.

Екінші кезең «LESSON STUDY», ADKAR, практикалық жұмыс.


НЗМ АҚ ПШО тренері Салтанат Паналиевна Ахметова жас мамандарға арналған «4-7-20» – жас мамандарға арналған мінсіз мұғалім мектебін (жас мамандарға 4 жыл бойы 7 оқыту модулі бойынша 20 маманға қолдау көрсету) жүзеге асыру жоспарланды.

Алғашқы отырыста жас мамандармен танысу және осы шараны таныстыру бойынша отырыс өткізілді.

«Жас мамандармен коучинг тақырыбын белгілеу» жоспары бойынша жұмыс жүргізілді.

Мақсаты: жас мамандардың қажеттіліктерін анықтау, рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру.

Табыс критерийлері: оқытудағы қажеттіліктер тізімі жазылады; басымдықтар белгіленеді; деректерге мән беріледі; өзін-өзі бағалайды; сындарлы кері байланыс жасайды.

Мониторинг деректері: коучинг жоспары; оқу нәтижелері; постерлер; кері байланыстар; сұқбат, әңгіме, транскрипциялар, фотолар, видео 2-3, рефлексиялық жазбалар.

Жас мамандар мен шебер мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында шағын зерттеу топтары құрылды. Әр топ өзінің проблемалық тақырыптарын таңдап алды, жоспарлады. Қашықтан оқыту жағдайында қалайша сабақты зерттеуге болатыны туралы ізденіс жұмыстарын жүргізді. Топта «Lesson Study» зерттеу жобасымен жұмыс, сабақты зерттеу, әдістемелік тәжірибе алмасу шараларын жүзеге асырды. Бұл жас мамандардың шыңдалуына өз септігін тигізді.


Кәсіп және кәсіпкерлік

Кәсіби бағдар – білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және консультациялық көмек көрсету.

Әріптестік: «Atameken Business» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, политехникалық, технологиялық колледждері

Жүргізілетін жұмыстың мақсаты:

  • Оқушылардың еңбекке деген саналы қатынасын, тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттері мен қызығушылықтарын және өңір мен елдегі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі шеңберінде кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыру.

  • Оқушыларға кәсіби бағдар беруде болашақ мамандығы мен оқыту бейінін таңдауға, сонымен қатар болашақ кәсіби мансабын жоспарлауға қолдау көрсету.

Күтілетін нәтижесі:

  • Мамандық таңдауға байланысты өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін және қоғамдық құндылықтарды түйсіну;

  • Кәсіби сана-сезімді қалыптастыру, мамандық таңдаудың тұлғалық мәнін анықтау

Кәсіби бағдар берудің бағыттары:

  • Кәсіби ағарту;

  • Кәсіби диагностика;

  • Кәсіби консультация;

  • Кәсіби іріктеу;

  • Кәсіби жарамдылық;

  • Кәсіби бейімделу.




Кәсіби бағдар жұмысының құрылымы



Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. ХХІ ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды.

Осыған орай, № 70 мектеп-лицей оқушыларына І жартыжылдық бойынша төмендегідей жұмыс түрлері ұйымдастырылды:

  1. «Болашақ мамандықты қалай таңдаймыз?» тақырыбында өткізілген 9-11 сынып оқушыларының сынып сағаттары, ата-аналар жиналыстары өткізілді.

  2. 10-11 сынып оқушылары арасынан шетелде білім аламын деушілермен жеке әңгіме ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді (11-сынып ата-аналарынан 11а, 11б сыныптарынан 2 ата-ана шетелде білім алуға құжаттар тізімі мен болашақта қандай мемлекеттен білім алуға болатыны жайлы ақпарат алды).

  3. Колледждерге экскурсия жүргізілді ( І жартыжылдықта 9-сынып

оқушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Басқару» колледжіне барып болашақ мамандық жайында мәліметтер алып, колледж ұстаздарымен кездесу өткізді).

  1. Танымдық кездесулер ұйымдастырылды.

  2. Психологпен жұмыс жасалды.

  3. «Ғылыми бейсенбілік» жобасы аясында ЖОО ғалымдарымен кездесулер өткізілді.


2020-2021 оқу жылында 9-сыныптар арасынан 3 бағыттағы кәсіби бағдар бойынша сыныптар құрылды:

  • «Өнер-спорт» шығармашылық бағыттағы сынып. Бұл сынып оқушылары үшін қосымша сабақтар, үйірмелер вокал, домбыра, актерлік шеберлік, спорт бағытында жүргізіледі;

  • «IT-информатика» бағыттағы сынып. Бұл сынып оқушыларына робототехника, STEM, модельдеу, жоспарлау, АКТ, БАҚ сауаттылық бағыттында қосымша сабақтар жүргізіледі;

  • «Дизайн-технология» бағытындағы сынып үшін сәндік-қолданбалы өнер, сурет, шебер қол бағытында қосымша сабақтар жоспарланады.

Мақсатқа жету жолында төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

    1. Психологиялық тестілеу;

    2. Психологиялық тренингтер;

    3. Сынып сағаты;

    4. Кәсіби бағдар бойынша ойындар;

    5. Кәсіпорындарға саяхат;

    6. Кәсіптік арнаулы орта оқу орындарының ашық есік күндеріне қатысу;

    7. Мамандықтар жәрмеңкелеріне қатысу;

    8. Сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттар алу;

«Ғылыми бейсенбілік» күні аясында ЖОО ғалымдарымен кездесу

9-10 сынып оқушылардың арасында «Экология» тақырыбында экологиялық конференция ұйымдастырылды. Оған Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің профессорлары мен ата- аналар қатысты.

Бұл іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат: оқушылардың экологиялық білімін тереңдету, қоршаған ортаны, жер-ананы сүйе білуге, аялай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, бір-бірінің пікірін құрметтеуге, сеніммен қарауға бейімделеді. Мамандық бойынша бөлінген өз рөлдеріне жауапкершілікпен қарайды. Болашақ мамандығын таңдауға ой салады.


Конференция мамандардың пікірлерін ортаға салу, баспасөз өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап беру сияқты ойтүрткі әдістер арқылы жүзеге асырылды.

Қатысушыларға Қазақстанның қазіргі кездегі экологиялық жағдайы жөнінде бейнесюжет көрсетілді. Бейнесюжет бойынша түрткі сұрақтар қойылды. Қатысушылар түрткі сұрақтарды қоюда өздерінің асқан шеберлігін көрсете отырып, бұл «Бейнесюжет сіздердің назарларыңызға не үшін ұсынылды деп ойлайсыздар?», «Бейнесюжеттен не байқадыңыздар?» деген сұрақтарға жауап берді. Конференцияға арнайы келген мамандар қатысып отырған көрермендердің асқан шеберлікпен қойылған түрткі сұрақтарына жауап беруде бір-бірлерінен қалыспай өз ойларын ашық, нақты дәлдікпен бере білді. Түрткі сұрақтарға жауап алу барысында әртүрлі мамандықтар мен ғылыми қасиеттің айқын айырмашылығы көрініс тапты.

Конференцияға қатысушылардың барлығы экологиялық мәселелерді көтеруде әрі оны талқылау барысында белсенділік танытты. Болашақ мамандар өз идеяларын еркін дәлелдей алды. Берілген тапсырмалар бойынша өз ойларын нақты және толық ашып білдіре алды.

Сонымен конференция барысында қатысушылар түйгендері көп болғандықтарын және өздерінің шынайы көңіл күйлерін білдірді. Соңында әріптестерінің ұсыныс, пікір, ойларын түйіндей келе, өз Отанының патриоты екендігін, экологиялық мәселелерге немқұрайды қарамайтындықтарын және қатысушыларға өз ризашылықтарын білдірді. Бұл конференцияға оқушылар үлкен жауапкершілікпен қатысты. Өздерін шын мәнінде маман ретінде сезінді. Бұндай жұмыстар оқушының мамандық таңдауына да көп әсерін тигізеді деп айтуға болады.


С.Сейфуллин атындағы Агарарлық университет ғалымдары және ата-аналармен кездесу сәті


Рухани құндылықтарды дамыту жолдары

Ұлттық құндылықтарды дамыту жолдары «Туған елге тағзым» экспедициясы арқылы жүзеге асады. «Туған елге тағзым» экспедициясы – Назарбаев Зияткерлік мектептерде 2012 жылы бастау алған патриоттық өлкетану экспедициясының бірі. Бұл оқушылардың патриоттық сезімі мен туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында іске асырылады. Осы жұмыс тәжірибе ретінде № 70 мектеп-лицейінде 2020 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енгізіле бастады.


«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясының мақсаты:

Жаратылыстану-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша

«Туған елге тағзым» өлкетану зерттеу эк

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!