Алматы облысы, Кеген
ауданы
Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ
орта мектебі
Омарова Люба
Кайыпбаевна
мектеп психологы,өзін- өзі
тану мұғалімі
Табысты оқыту, білім беру
әдістерінің тиімділігі өзіңді шабыттандыра отырып,оқушыны
шабыттандыру
Табысты оқыту үшін, білім беру
әдістерінің тиімділігінің бірі өзіңді шабыттандыра отырып, оқушыны
шабыттандыру екені белгілі. Шабыт - адамның белгілі бір іс
үстіндегі, көңіл күйінің, ерекше бір ынталы, ықыласты сәті екені
белгілі. Әр маман иесі өзінше шабыттанады . Ақын өлең жазуда, әнші
ән айтуда, тігінші киім тігуде ерекше сезімге бөленіп, ләззат
алып,шабыты одан сайын асқақтай береді. Ал мұғалімнің шабыты- әрине
өзінің шәкіртіне білім нәрімен сусындатқанда келмей ме? Мұғалім
мамандығы шабытты еңбек, қажырлы, қайратқа толы. Ал, «Психология» ,
«Өзін-өзі тану» - пәнінің мұғалімінің жаны тіптен ерекше, рухани
құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерге толы болуы қажет деп
ойлаймын.
Мен өзім қай кезде
шабыттанамын? Біреу жылы және демеу сөз айтқанда, сабақ өтіп жатқан
кезде оқушыларымның сабақты шын жүректерімен түсініп, ықылас қойып
тыңдағанда, өз пікірлерін ортаға салып талдағанда, шығармашылықпен
жұмыс істегенде шабыттанамын. Мен өзімнің алдыма мақсат қойып, сол
мақсатым орындалса шабыттанамын. Оқушылар мектеп психологы ретінде
маған сенім артқанда, оқушылардың көздерінен нұр көргенде,
шабыттанып, өзіме қанат біткендей болады. Оқушылар апта сайын «Өзін
-өзі тану» пәнін асыға күтеді. Сол кезде балалардың бақытты
жүздерін көрген сайын мен де бақытқа бөленемін, шабыттанамын. Менің
ойымша ұстаз үшін одан артық нәрсенің керегі де жоқ
шығар.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының
«Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан» болады деп айтқандай, бізде
өз ұстаздарымнан үйренгенімді оқушыларға үйретуім
қажет.
Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан
Жұмабаев-«Қазақ баласының ойы ұшқыр,қиялы жүйрік келеді»- деген
екен. Ендеше сол балалардың ойын ұшқырлап,қиялын дамыту «Өзін- өзі
тану»пәнінің мұғалімінің басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан мен
оқушыны шабыттандыру үшін, ол оқушыны түсінуге, кемшіліктері мен
артықшылықтарын, жақсы қасиеттерін табуға
тырысамын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйініне келсем, нақты шеберлікті, шабытты, қиялды оқушыны
шабыттандыра отырып, үлкен тәлім –тәрбие беріп, еліміздің
гүлденуіне, болашағына үлкен үлес қосатын азамат етіп тәрбиелеу –
тек өзі шабыттана отырып, алдындағы баланың шабыттануына себепкер
бола алатын жігерлі, терең ойлы, өз-ісіне берік, еңбекқор ұстаздың
ғана қолынан келетін іс деп санаймын. Әрбір баланың бойынан
кішкентай болсын жақсылық нәрін тауып, соны ту етіп ұстап, биік
адамгершілік құндылықтарға жетелеуге тырысамын. Әрбір сабақтан
шыққан оқушы шабыттанып шығуына өз жүрек жылуымды беруден
аянбаймын, бойындағы күшіне деген сенімін арттыра түсуге күшімді
жұмсаймын. Ал мұғалімнің міндеті осы құндылықтарды оқушы бойына
сіңіру жолдарын табу, шабыттандыру. «Егер балалар бірдемені
түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес,
оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» - деп ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, расында да түсіндіре
алмаған, шабыттандыра алмаған ұстаздың өзі екені белгілі.
Сондықтан, ұстаз деген ұлы сөзге дақ келтірмей, алдымызда отырған
шәкірттерімізге қоғамда өз орнын табуға көмектесейік, шабыт
берейік, қанат бітірейік, өмірге деген қызығушылығын
арттырайық,табысты оқытайық. Адами қасиеттерді бойларына сіңіріп,
рухани құндылықтармен сусындатайық дегім
келеді.