Материалдар / Тағам өнімдеріндегі қорғасынның мөлшерін химиялық бағалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тағам өнімдеріндегі қорғасынның мөлшерін химиялық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
867
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ақжар жалпы орта білім беретін мектеп» ММ







Ғылыми жоба









Тақырыбы: Тағам өнімдеріндегі қорғасынның мөлшерін химиялық бағалау





















Орындаған: Аубакирова Альбина 9 сынып Жетекшісі:Жайлаубаева Г.Р.

ЖоспарКіріспе...........................................................................................3-4І тарау. Теориялық бөлімТағам өнімдеріндегі қорғасынның мөлшерін химиялық бағалау
  • Қорғасынның қасиеттері.................................................... .5-8
  • Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануы......................... 8-12
  • Адам организміне қорғасынның түсу жолдары.................. 13-15
  • Тағам шикізаттары мен тағам өнімдеріндегі қорғасын...... 15-17
ІІ тарау. Зерттеу объектісі мен әдісі2.1 Зерттеу объектісі..................................................................... 182.2 Зерттеу әдісі............................................................................ 19ІІІ тарау. Эксперименттік бөлім3.1 Әртүрлі тағам өнімдеріндегі қорғасынның мөлшерін анықтау..20-213.2 Көкөкністердің құрамындағы қорғасынның мөлшерін анықтау.21-273.3 Дайын кеспелердің құрамындағы қорғасынның мөлшерін анықтау27-28Қорытынды...............................................................................29-30Қолданылған әдебиеттер...........................................................31-32























КіріспеТақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда 20 млрд. тоннаға жуық өндіріс қалдықтары сақталуда. Мұндай қалдақтардың құрамында әдетте ауыр металдарға бай болып келеді де оларды ашық қалдық сақтау қоймаларын сақтау кезінде, желдің әсерінен аспанға көтеріліп тірі ағзаларды ауыр металдармен улайды [1,2].Сол себептен уланған ағзадағы ауыр металдарды шығаруға көмектесетін жолдарды қарастыру қазіргі заманның аса өзекті мәселесі болып табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін негізгі құрал ретінде дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, яғни күнделікті тағам құрамындағы ауыр металдарды анықтап, оларды бөліп шығаратын қоспаларды пайдалану арқылы сауықтыру шараларын қарастыру керек. Осы мақсатта жүргізілген ғалымдар тарапынан жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері адам ағзасына тағам өнімдері арқылы енетін қорғасын мөлшері аса жоғары екендігін дәлелдеген. Қорғасын организмге түсудің негізгі екі жолын атап айтуға болады: олар тыныс алу және ас қорыту, яғни тағам өнімдері арқылы [3]. Адам организміне қорғасынның 40 – тан 70%- ке дейіні тағам өнімдері арқылы енеді. Тағам өнімдерінің шикізаттары мен тағам өнімдеріне қорғасын, топырақ, су, ауа арқылы түсуі мүмкін [2,4]. Қорғасынмен көптеген темір қалыпқа салынған консервалардағы тағамдар ластанған болады. Қазіргі кезде біздің елімізде тағам өнімдерінің негізгі шикізаттары мен тағам өнімдеріне арналған шекті рұқсат концентрациясы (ШРК) белгіленген. Егер осы белгіленген ШРК асып кетсе адамдарда көптеген аурулар пайда болады. Мысалы: қан айналым процесі бұзылады, бүйректері, бауырлары зақымданады, қан тамырларында , ақуыз синтезінде, жасушаларының энергия алмасуында және жүйке жүйесінде патологиялық өзгерістер болады[3].Осындай қатерлі ауруларды болдырмау мақсатында тағам өнімдеріне сараптаулар жасап отыру керек. Қазіргі таңда тағам түрлері өте көп. Солардың ішінде нан, жемістер , көкөністер, тез дайындалатын кеспелер, сүттерді адамдар көптеп күнделікті тұрмысқа қолдана алады. Осы және басқа да тағамдарды қабылдау арқылы адамдар өздеріне қажетті дәрумендер мен заттарды алады.Тағам өнімдерінің ішінен көкөністерден, тез дайындалатын кеспелерден сынамалар алып, олардың құрамындағы қорғасынның мөлшерін анықтадық. Өйткені көкөністерді, тез дайындалатын кеспелерді адамдар күнделікті өмірде жиі тағам ретінде пайдаланады, сондықтан олардың құрамындағы қорғасынның мөлшерін анықтау маңызды болып табылады [2,28.].Зерттеудің мақсаты: Тағам өнімдерінің құрамындағы қорғасынның мөлшерін анықтау.Зерттеу мақсатына мынадай міндеттер қойылады:
  • Тағам өнімдерінің құрамындағы қорғасынды анықтау;
  • Қорғасынның адам организміне түсу жолдарын қарастыру;
  • Әртүрлі тағам өнімдеріндегі қорғасынның шекті рұқсат концентрациясын қарастыру;
  • Тағам мен тағам шикізаттарының құрамындағы қорғасынды химиялық бағалау;








































І тарау. Теориялық бөлімТағам өнімдерінің құрамындағы қорғасынның мөлшерін химиялық бағалау.1.1Қорғасынға жалпы сипаттамаҚорғасын периодтық таблицаның ІV тобының химиялық элементі. Салыстырмалы атомдық массасы (Аr= 207,2) оның бірнеше изотоптарының массасына байланысты (14%), (24,1%), (22,1%) және (52,4%) орташаланып алынған. Ақырғы үш нуклидтер – уранның , актинидің және торидың радиоактивті айналуларының ақырғы өнімдері болп табылады. Сонымен қатар қорғасынның 20 астам радиоактивті изатоптары белгілі және олардың ішіндегі ең ұзақ өмір сүретіні және (жартылай ыдырау периодтары 300 мыңнан 15 млн. Жылға дейін болады).Табиғатта сонымен қатар қорғасынның аз өмір сүретін массалық мәндері 209,210,212 және 214 тең изотоптары түзіледі. Олардың жартылай ыдырау периодтары 3,25 сағ, 27,1 жылға, 10,64 сағ және 26,8 млн. дейін болады. Қорғасынның әртүрлі кендерден изотоптарының қатынастары әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан қорғасын үшін Аr мәнін нақты анықтау мүмкіндік бермейді. [12].Жер қыртысында қорғасын массасы бойынша 0,0016% құрайды, бірақ ол оның көршілері алтын, сынап және висмутқа қарағанда ауыр металдардың ең кең тарағаны болып саналады. Бұл қоғасынның әртүрлі изотоптары уран мен торийдің ақырғы өкілі болып қорғасынның таралуы ақырындап миллиард жыл жоғарылап келеді.[17] Қорғасынға бай көптеген кен орындары белгілі , өйткені металл минералдардан оңай бөлінеді. Жүзден аса қорғасын минералдары белгілі. Олардың ішінде негізгілері ол – галенит (қорғасын жылтыры) PbS және оның химиялық айналуының өнімі – англезит (қорғасын купорасы) PbSО4 және церуссит («ақ қорғасын кені») PbСО3 – өте сирек пироморфит («жасыл қорғасын кені») PbСІ2*3Рb3(РО4)2, миметит РbСІ2*3Рb3(АІSО4)2, кокоит («қызыл қорғасын кені») PbСrО4, вульфенит («сары қорғасын кені») РbМоО4 , штольцит РbWО4 кездеседі. Қорғасын кендерінде көбінесе басқа да металлдар мыс, мырыш, кадмий, күміс, алтын, висмут және тағы басқалары болады.Қорғасын кендері бар жерлерде осы элементпен топырақ (1% Рb дейін), өсімдіктер және су байытылған. [22].Қорғасын әдетте кір – сұр түске ие. Бірақ жылтыр металл тез оксидтің сұрғылт түсті қорғанғыш қабатпен қапталады. Қорғасынның тығыздығы (11,34 г/см³) тең, ол темірдікіне қарағанда біржарым есе, төрт есе алюминийдікінен көп, күміс қорғасынға қарағанда жеңіл.Қорғасын – 327,5°С оңай балқиды, 1751°С қайнйды және 700°С ұшқыш болып келеді. Қорғасын – жұмсақ металлдың бірі. Ол тез сырылады да, өте жұқа беттерге оралады. Сынаппен ол амальгаманы береді, оның құрамында қорғасын көп болса, сұйық болып келеді. Химиялық қасиеттері бойынша қорғасын - аз активті металл; электрохимиялық кернеу қатарында ол сутектің алдында тұр. Сондықтан қорғасын басқа металлдармен оның тұздарының ерітінділерінен оңай ығыстырады. Егер қорғасын ацетатының қышқылданған ерітіндісіне мырыш сымын салсақ , онда қорғасын ұсақ кристал түрінде борпылдақ қақ түрінде бөлінеді. Егер реакцияны баяулатып мырышты фильтр қағазымен орасақ , онда қорғасынның үлкен ірі кристалдары пайда болады. [17.22]Қорғасын үшін +2 тотығу дәрежесі тән қорғасынның (ІV) қосылыстары аз тұрақты. Сұйытылған тұз және күкірт қышқылдарында қорғасын ерімейді, өйткені бетінде ерімейтін хлорид және сульфат қабаттары пайда болады. Күшті күкірт қышқылымен (концентрациясы 80% - тен жоғары ) қорғасын еритін гидросульфат Рb(НSО4)2 түзеді, ал ыстық концентрлі тұз қышқылында ерігенде комплексті хлорид Н4РbСr6 түзіледі. Сұйылтылған азот қышқылымен қорғасын оңай тотығады. [12]Рb +4НNО3 →Рb(NО3)2 + 2NО2 +2Н2ОҚыздырған кезде қорғасын (ІІ) нитратының ыдырауы – азот диоксидін алудың ыңғайлы зертханалық әдісі.2Рb(NО3)2 →2РbО +4NО2 + О2Оттегі қатысында қорғасын сонымен қатар бірқатар органикалық қышқылдарда ериді. Сірке қышқылымен әсер еткенде оңай еритін ацетат Рb(СН2СОО)2 түзіледі. (Көне атауы «қорғасын қанты»). Қорғасын сонымен қатар құмырсқа, лимон және шарап қышқылдарында ериді. Қорғасынның еритін тұздары (нитрат және ацетат) суда гидролизденеді. Рb(NО3)2 + Н2О ↔Рb(ОН)NО3 + НNО3Қорғасын концентрлі сілтілерді сутегіні бөле отырып ақырындап ериді. Рb + 2NаОН + 2Н2О → Nа2[Рb(ОН)4] +Н2Бұл реакция қорғасынның қосылыстарының қасиеттерін көрсетеді. Қорғасынның тұздарының ерітіндісін оңай тұнатын ақ қорғасын (ІІ) гидроксиді қышқылдарда және сонымен қатар күшті сілтілерде ериді. Рb(ОН)2 + 2НNО3 → Рb(NО3)2 + Н2О Рb(ОН)2 + 2Nа ОН→ Nа2 [Рb(ОН)4]Рb(ОН)2 тұрғанда немесе қыздырғанда РbО бөле отырып ыдырайды . РbО сілтімен балқытқанда құрамы Nа2РbО2 болатын плюмбит түзіледі. Натрийдің тетрагидроксоплюмбатының Nа2[Рb(ОН)4] сілті ерітіндісінен қорғасынды активтік металлмен ығыстырып алуға болады. Қорғасын қыздырған кезде оттегімен, күкірт және галогендермен әрекеттеседі. Сонымен хлормен әрекеттескенде тетрахлорид РbСІ4 түзіледі – ол сары түсті сұйықтық, ол гидролизге байланысты ауада түтіндейді де ал қыздырғанда РbСІ2 және СІ2 ыдырайды. (РbВr4, РbІ4 галогенидтер кездеспейді, өйткені Рb (ІV) – күшті тотықтырғыш , ал бромиді және иодиді – аниондарға тотығады.) Жұқа ұсақталған қорғасын пирофорлы қасиетке ие – ауала тұтанады. Балқыған қорғасынды ары қарай қыздырған ол ең алдымен сары оксидке РbО (қорғасын глеті) , содан кейін (ауа жеткілікті болса) – қызыл суретке Рb3О4 немесе 2РbО*РbО2 ауысады. Бұл қосылысты орта қорғасын қышқылының Рb2[РbО4] қорғасын тұзы ретінде қарастыруға болады. Күшті тотықтырғыштар көмегімен , мысалы, хлорлы әкпен қорғасын (ІІ) қосылыстарын диоксидке дейін тотықтыруға болады. Рb(СН3СОО)2 + Са (СІО)СІ + Н2О → РbО2 +СаСІ2 +2СН3СООНДиоксид сонымен қатар азот қышқылымен сурикті өндегенде түзіледі. Рb3О4 + 4НNО3 → РbО2+ 2Рb(NО3)2 + 2Н2ОЕгер қоңыр диоксидті қатты қыздырса, онда 300°Стемпература шамасында ол оранж түске Рb2О3 (РbО*РbО2),400°С температурада қызылға Рb3О4, ал 530°С температурадан жоғары болса – сары РbО озгереді. (Ыдырау кезінде оттегі бөлінеді). Қорғасын диоксиді – күшті тотықтырғыш құрғақ диоксидке жіберілген күкірсутек жанады, концетрлі тұз қышқылы онымен хлорға дейін тотығады.РbО2 + 4НСІ = РbСІ2 +СІ2 + Н2О Күкіртті газ - сульфатқа дейін тотығады.РbО2 +SО2 →РbSО4Ал Мn² тұздары – перманганат – иондарына дейін тотығады.5РbО2 + 2 МnSО4 + Н24 → 5РbSО4 + 2НМnО4 +2Н2ОҚорғасынның (ІV) қосылыстары амфотерлі қасиеттерге ие сұрғылт түсті ерімейтін Рb(ОН)n гидроксиді қышқылдарда және сілтілерде оңай ериді. Рb(ОН)4 +6НСІ → Н2РbСІ6 Рb(ОН)4 +2NаОН + 2Н2О → Nа2[Рb(ОН)6]Қорғасын диоксиді сілтімен әрекеттескенде комплексті плюмбат (ІV) түзедіРb(ОН)4 +2NаОН + 2Н2О → Nа2[Рb(ОН)6]Егер РbО2 қатты сілтімен балқытса онда құрамы Nа2РbО3 болатын плюмбат түзіледі. Оны сурикті сусыз сірке қышқылымен қайнату арқылы алуға болады. Рb3О4 +8 СН3СООН → Рb(СН3СООН)4 + 2Рb(СН3СОО)2 + 4Н2О Суытқанда ерітіндіден қорғасынның треацетатының түссіз кристалдары бөлінеді. Қорғасын (ІІ) ацетатын тотықтырудың басқа әдісі – ол хлормен.2Рb(СН3СООН)2 +СІ2 → Рb(СН3СООН)4 + РbСІ2 Сумен треацетат сол сәттен РbО2 және СН3СООН дейін гидролизденеді. Қорғасынның треацетаты органикалық химияда активті тотықтырғыш ретінде қолданылады. Қорғасынның органикалық туындылары – тұссіз , өте улы сұйықтықтар. Оларды синтездеудің бір әдісі – ол қорғасынның натриймен балқымаасына алнилгалогенидтердің әсер етуі .[12.17.22]2Н5СІ + 4РbNа → (С2Н5)4Рb + 4NаСІ +3Рb Қорғасынның сутегіімен қосылысын РbН4 аз мөлшерде сұйылтылған тұз қышқылымен Мg2Рb әсер еткенде алынады. РbН4 түссіз газ, ол өте оңай Рb және Н2 ыдырайды . Қорғасын азотпен әрекеттеспейді. Қорғасын азидін Рb(N3)2 , натрий азидінің ерітіндісін және Рb (ІІ) тұздарын әрекеттестіргенде алынады. Ол түссіз , суда аз ериді, соққанда немесе қыздырғанда Рb мен N2 жарылыс бере отырып ыдырайды. Қорғасынның улылығына қарамастан одан бас тарту мүмкін емес. Қорғасын – аллюминийге қарағанда екі, ал қалайыға қарағанда он бір есе арзан. Ақырындап өте улы антидетанатор – тетраэтилқорғасынды қолдану төмендеп келеді. Тетраэтилқорғасынның бензин сапасын жоғарлата алатындығы 1922 жылы бір топ АҚШ – тың инженерлері мен анықталған болатын. Содан бастап тетраэтилқорғасын өндірісі үздіксіз өсіп келе жатыр. Ақырғы жылдары этилденген бензинді қолдану көптеген аумақтарда қолдануға тиым салынған, сондықтан оның өндірісі де төмендеуде. Жұмсақ және пластикалық , сулы жерде таттанбайтын қорғасын – электр кабель қаптамаларын жасауда теңдесі жоқ материал. Осы мақсатта әлемде 20% қорғасын жұмсалады.1.2 Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануы. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттердің сырқы және ішкі проблемалары ерекше орын алып отыр. Ғылымның , техниканың , өндірістің қарқынды дамуы, ауыл шаруашылық салаларының өркендеуі, жаңа технологиялық прогрестердің енуі халық санының артуы – міне осы айтылғандардың барлығы қоршаған ортаның ластануына әкеліп соқтырады. Ал бұл жағдайлар біздің планетамыздың экологиялық тепе – теңдігінің бұзылуына қауіп төндіруі әбден мүмкін. Қазіргі заман қоғамның техногенді дамуына байланысты қоршаған ортаға қауіпі бар коптеген зиянды заттар таралуда. Соның ішінде қоршаған ортаның қорғасынмен ластануы қазіргі таңда алдыңғы қатардағы мәселелердің бірі болып табылады. Қорғасын – минералды шикізаттардың негізгі түрлерінің бірі және қоршаған ортаның ластаушысы болып табылады. Биосферада және адамды қоршаған ортада қорғасын проблемасының бірнеше аспектілері бар. Бірінші аспектісі , қорғасын қоршаған ортаның барлық компанентерінің құрамында кездесетін элемент (топырақта, табиғи суларда, тау жыныстары мен атмосферада). Эволюцияның нәтижесінде осы элементтің табиғи концентрациясына тірі организмдер : өсімдіктер , жануаолар, адамдар бейімделген. Олар оны сіңіреді және оны өздерінің ұлпаларында , мүшелерніде жинайды. Қорғасын-белгілі бір мөлшерде, жалпы бкіл биосфераны: биоценоз, организімнің дұрыс қалыптасуының көптеген факторларының бірі. Биосферада қорғасынның құрамын және табиғи таралуының заңдылықтарын білу- жаратылыстану ғылымының маңызды мақсаттарының бірі. Дүние жүзінің көптеген ғылыми орталықтарында осындай бағытт зерттеулер жүргізілуде. Екінші аспектісі- қорғасын руданың кен орны түрінде едәуір аккумуляциялар туғызуға қабілеті бар. Қорғасын рудалары көптен бері минералды шикізаттарды дәстүрлі қызметін атқарады. Қазіргі уақытта оларды дәстүрлі өндіру жылына миллиондаған тоннамен өлшенеді. Өйткені, ол металлдың қажеттілігі удай өсуде. Сондықтан , рудалардың жаңа кен орындарын ашу үшін, арнайы әдістер мен тәсілдер қолданылады (литохимиялық, гидрохимиялық, биогеохимиялы, ал соіңы кезде атомды химиялық). Сонымен қатар, қорғасынның тау жыныстарында, топырақ жамылғысында, өсімдіктер , атмосферада таралуының әртүрлі геохимиялық аномалиялар ашылды. Бұл элементтің табиғи геохимиялық аномалиясының қалыптасыуының заңдылықтарын зерттеу – қолданбалы геохимияның негізгі мақсаты. Ол өндірістің мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталған . Осы м
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!