Материалдар / тәжірбиедегі рефлексиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тәжірбиедегі рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
рефлексифті курсқа есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
722
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» КММ

Оразаева Назым Нұргелдіқызы

Рефлексивті курс













Математика сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру





























2017-2018 оқу жылы

Орта мерзімді жоспар

 

1  Окып  үйренудің негізгі  максаттары  

     

Окуда 

колданылатын  әдіс-тәсілдер

Окып-үйренудің 

нәтижесі

Үйрену 

максатында  бағаны қоса, бағалау

Негізгі 

дерек  көздері

1

сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Бұрыш

 

Сабақтың мақсаты:

Бұрыш және градустық өлшемі ұғымдарын меңгеру,бұрыштарды белгілеу және салыстыру

ОБЖК:(Тренинг) Шаттық шеңбері(Топқа бөлу)

геометриялық фигуралардын түрлеріне байланысты

ООЖТ: (диалогтік оқыту)

Түрткі

сұрақтар арқ. жұмыс.

(Топтық жұмыс)

АКТ: бейнероликті көрсету.

СТО: «ДЖИГСО» әдісі.  «Миға шабуыл»  Ой толғаныс.

ТжДБО: Кеңейтілген тапсырмалар,

постер  қорғау.

ЖЕСО: Деңгейлік тапсырмалар.

ОүБ, ОБ: смайлик  арқылы бағалау және өзін-өзі бағалау.

Формативті

бағалау.

Ынтымақтастық

атмосферасы қалыптасады

 

Оқушылар бұрыш ұғымын түсінеді, таңбалануын біледі,

Бұрышты белгілеп және салыстырып

жаза алады.

Сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады.

Смайлик арқылы бағалау.

 

Кері байланыс.

 

Өзін-өзі

бағалау

 

Формативті бағалау.

Ғаламтор желісі, оқулық, МАН (мұғалімге арналған

нұсқаулық), әдістемелік құрал.

                     

Маркерлер, флипчарт, интерактивті тақта, смайликтер.

 2 сабақ

 

Сабақтың

тақырыбы: Бұрыш

 

Сабақтың мақсаты:

бұрышты транспортир көмегімен өлшеу;градустық өлшемі берілген бұрышты транспортир көмегімен салу


ОБЖК:тренинг «Көңілді кірпі» топқа бөлу(

Шеңберлер арқылы)

ООЖТ

«Артығын тап» ойыны

 АКТ

: Интербелсенді тақтаны пайдалану.

СТО: (Қызығушылығын ояту) матаматикалық

терминді сөз құрастыру.

(Топтық

жұмыс) ой қозғау.

ББУ әдісі

ЖЕСО

сәйкестік тесті.

ТжДБО:Сиқырлы шаршылар, күрделенген

тапсырмалар.

ОүБ ОБ: формативті бағалау, жиынтық бағалау

Оқушылар есеп

шығаруда бұрышты қолдана алады.

Сұрақтар

қояды, оған нақты жауап бере біледі.

Түрлендірулерді

біледі.

 

 

Мұғалімнің

формативті жиынтық бағалауы

 

Өз-ара

бағалау,

 

Критерий

арқылы бағалау.

 

 

 

 Мұғалімге арналған нұсқаулық,  ғаламтор желісі, сәйкестендіру парақшылары.

Түрлі

тапсырмалар

Бағалау

парақтары


 3

сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

Бұрыш

Сабақтың мақсаты:

Бұрыштардың түрлерін ажырату

ОБЖК:  

Психологиялық ахуал

   «Жақсы 

лебіз»

Топқа оқушылар отырған жерлерінде бөлінеді.

АКТ:

кесте толтыру «өрмекші» әдісі.

ООЖТ: жұптық жұмыс, топтық жұмыс ,жеке жұмыс ,сергіту сәті,зерттеушілік тест.

СТО: Жаңа сабақты ашық сұрақтар

арқылы

түсіндіру.

Деректердің графикалық органейзері бойынша топтық

жұмыс.

ОүБ ОБ: Формативті  бағалау.

 

Оқушылар

Бұрышты ажырата біледі.Бұрыштардың түрлерін сала алады.

 

Өзін-өзі

бағалау

 

Критериалды

бағалау,

 

Формативті бағалау,

 

Флипчарттар,

маркерлер, сәйкестендіру  парақшалары,

мұғалімге арналған нұсқаулық, бағалау парақтары.



Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі КММ

«Тәжірибедегі рефлексия» курсы туралы рефлексивтік есеп

Математика сабағында топтық жұмыс арқылы оқшылардың белсенділігін арттыру


Математика пәні мұғалімі

Оразаева Назым Нұргелдіқызы


«Егер сен болашақтағы өзгерісті көргің келсе-

осы өзгерісті өз уақытыңда жаса»

Махатма Ганди


Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын оқуда өзіме жас педагог ретінде алған тәжірибемді өмірде алған біліміммен теңестірсем артық емес деген ойға келдім. Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін игеруге бағытталған Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру оқушылар түгіл өзімізге де үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті. Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізу үшін, мұғалім өзі өзгеру керек. Дәстүрлі қалыптан шығып, жаңа тәсілдерді меңгеріп, жаңаша сабақ өткізуіміз керек. Кәзіргі таңда мектепте оқушыларға бұрынғы дәстүрлі оқытудан  кәзіргі заман талабына сай енгізіліп отырған. Мен осы курстан соң мектептегі бұрынғы дәстүрлі оқытудағы  көзқарасың өзгеріп жаңаша ойлау , яғни бағдарламадағы 7 модульмен жұмыс жасау тиімді болды. Алғашқы бір-екі сабақтарда қиындықтар болды.  Дәстүрлі  оқытуда  сабақ көбінесе бір сарында өтіледі. Мұғалім сабақты айтады, оқушылар тындап отырады. Мектептегі тәжірибе жұмыс кезінде сабақты өткізгенде оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолданғанда басында қиынырақ болғанымен соңында топ ережесімен таныса келе қалай жұмыс жасауды оқушылар өздері жақсы біліп алды. Бұрынғы стереотиптерді бұзып, жаңа біліммен , жаңа идеямен толықтырдық. Осы білімдерді өз сабағымызда күнделікті кеңінен қолдана бастадық. Оған, әрине, бірінші кезекте оқушы қуанды. Балаларға мұғалімнің түсіндіруші, сұраушы адам емес , бағыттаушы, ізденгіш, жаңашыл, психолог мұғалім болғаны өте ұнайды екен. Оқушылар тарапынан  «барлық мұғалімдер сабақты осылай өтсе екен» деген тілектер де айтылып қалып жатты. Дәл осыған орай, басқа мұғалімдердің менің сабақтарыма қатысып, оқушылардың белсенділігі мен дербестігін көргенде, «біз де осы әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қолдануымыз керек екен» деген ойға келгендерін айтты.  Сондай-ақ, балалардың енді салыстырмалы түрде біздің сабақтарымызға асыға келіп, олардың сабақтарына кейбір балалардың күштегендей барып жүргендерін сезініп, осы методиканы меңгерудің қажеттілігін түсінді.

 Бағдарламаның жетелеуші факторларын игере отырып, тізбектелген сабақтар топтамасына негізгі қағидаттарды енгізуге тырыстым. Әр модульдің элементтерін сабақтарыма қарай ұтымды, орайлы пайдалануға тырыстым. Сабақтарымда оқу мен оқытудағы пәндік білімнің тиімділігін арттыру үшін түрлі жаңа тәсілдерді жүзеге асыруға бағыттадым. Оқыту барысына жаңа талаптар қоя отырып, Бағдарламаның негізгі мақсаты:  «педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдылар көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, Қазақстандық мұғалімдерге қарқынды өзгеріп, жатқан өмір жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмектесу; әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудегі инновациялық үдерістерге қолдау көрсету; мұғалімдерді оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға, түрлі адамдармен тиімді диалог жүргізе алатын, қазіргі заманда табысты өмір сүруге дайын, сандық технологияларда құзырлық танытатын белсенді азамат ,  болашақ маман ретінде қалыптасуға көмектесетін оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті біліммен және практикалық дайындықпен қамтамасыз ету» болып табылады (Бағдарлама, 5-6 бет). демекші осы мақсаттарды үнемі жадымызда ұстап, соған қарай әрекет еттік. Өзінің сабағын тәжірибе алаңына айналдыру кезінде табысқа жеткізетін жеті модульді мұғалім өзінің жеке шеберлігіне қарай ұйымдастырады. Ұтқыр ұйымдастырылған, әдіс-тәсілдерге қанық тізбектелген сабақтар топтамасында әр модуль өз тиімділігін дәлелдейді. Тәжірибе кезінде мен, біріншіден, жаңа тәсілдердің сапалы оқыту үшін қолданылуын назарда ұстадым. Алғашында уақыт жетпей,  жоспарлағанымды толық  үлгере алмай, қобалжыған кездерім де болды. Оның себебі, менің ойымша, мен де оқушыларым да бейімделу кезеңін бастан өткеріп жатқандықтан. Тәжірибеміздің аздығынан.Қандай нәрсе болмасын адам оған бірінші үйренуі қажет, бойына сіңіруі керек. Тәжірибеміз өз кезегімен өтіп жатты, оқушылар да бейімделіп, математика сабағына бұрынғыдай емес, қызығушылықпен, тіпті асыға келетін болды. Табысты қолданған модульдерімнің бірі – сыни тұрғыдан ойлау. «Ойлау туралы ойлау» нысаны оқушыларға оқыту барысына тікелей өзі жауапты екенін сездіріп, білімнің әркімнің өзі үшін керектігін түсініп жатты. Сыни тұрғыдан ойлаудың түрлі стратегияларын тізбектелген сабақтар топтамасының барлығына енгіздім. Аталған өзгерістерді мен таңдап  алған бесінші сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе отырып, сабақтар  жүргіздім. Мектепте тәжірибеден өту барысында тізбектелген үш сабағымның қысқа мерзімді жоспарына жеті модульді ықпалдастыра отыра құрдым. «Бұрыштар.Көпбұрыштар» тақырыбы бойынша бір қысқа мерзімді сабағымды бердім. Алғашқы сабағымды да оқушылар маған аңырай қарап неліктен сабақ бұлай өзгеріп кетті деген ойда отырғандары көздерінен көрініп тұрды. Сабағымды бастамас бұрын өткізбейтін тренигтер өткізіп олардың қызығушылығын оятым . Олар енді мені қүнде асыға күтетін болды. Одан топтарға бөлу, олар үшін қызық болды. Сабағымның өзіндік ерекшелігі болды. Трениг, топқа болу, жұмбақ арқылы сабақтың негізгі сөзіне анықтама беру,постер қорғау,рефлексияда кері байланыс жасап қызықты ,өз –өздерін бағалау өте қызықты өтті. Бұл сабақтарымдағы сәтті тұстары көп болды күнделікті сабаққа қызығушылықпен қарауы , эмоцияға берілуі, ізденпаздықтары, екі жұлдыз бір ұсыныс жазғандағы сұрақтары мені ойландырды. Ал сәтсіз тұстары осындай жалындап тұрған оқушыларымды осы уақытқа дейін менің көрмеуім, сол себептен балаларымның дарындылықтарын , жас ерекшеліктерін аңғармай өткізген сабақтарымның жеткіліксіз екенін көрдім , ізденуім қажет. Осындай 7 модульдік сабақ құрастыру технологисы бойынша осы 5 сыныптарында қайталай отырып, «5.4В. Бұрыштар.Көпбұрыштар» тарауы бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрып 5 «ә» сыныбында «Бұрыш» атты сабақ өткіздім, ал үшінші сабағымды 5 «ә» сыныбында осы тақырыпты жас маман апталығында ашық сабақ ретінде өткіздім. Топқа отырған орындары арқылы бөлдім,сергіту сәтін өткіздім,ресурстарға АКТ-ны, бейнежазбалар қолдандым. Оқушыларға әртүрлі тақырыпты талдауға тапсырмалар бердім. Тапсырмаларды постермен қорғаттырдым. Оқушыларға кері байланыс  жазуға қалыптастыру мақсатында рефлексия өткіздім.Стикерлердегі рефлексияларды оқып талдау жасағанымда оқушыларыма топтық жұмысқа деген қызығушылығын, оң көзқарастарын байқадым.Бұдан өзімнің даму жоспарына енгізгелі отырған өзгерістерім және жоспарды іске асыру үдерістерім оң шешім тауып, нәтижелі болатындығына көз жеткізгендей болдым Осы сабақтардан көп әсер алдым . Міне, осылай өзімнің әркүнгі сабағыма жеті модульді қолдана білдім. Диалогты ұйымдастыру кезінде мұғалім тарапынан сұрақтар айқын, нақты, терең, байланысты, әділ (Доктор К. Алгер) болу керек деп пайымдалған. Менің тарапымнан осы көрсеткіштер сақталып отырғандықтан оқушы жауаптары дұрыс, нақты болды. Тапсырма ойластырған кезде жеңілден ауырға қарай жүрген өз нәтижесін берді. Соңында ғаламтордан тапсырмалар алып орындадық.

         Оқыту мен оқудағы талантты және дарынды балаларды анықтау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу модульдері оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен тығыз байланысты екенін нақты сездім. Тек қана түрлі әдістер арқылы, қызықты да қиын тапсырмалар орындау барысында оқушылардың таланттылығын анықтаймыз, дарындылығын даралаймыз және жас ерекшеліктеріне сай оқыта аламыз. Осы қағидаттарды бұлжытпай сақтаған кезде ғана аталған оқушылар үлкен табыстарға жете алады екен. Бірақ, менің байқағаным, бір сыныпта отырған жас шамасы әртүрлі оқушылар арасында атап айтатындай айырмашылықтар болмайды екен. Олардың ойлауы да, өзіндік пікірін дәлелдеуі де бір деңгейде болып шықты. Тапсырма беруде «оңайдан қиынға» деген ұстанымды ұстанған жөн. Демек, оқушыға тапсырманы береміз, қаншалықты орындағанын көргеннен кейін ғана тапсырманы қиындатамыз. Тапсырма олардың деңгейін көрсете алатындай және мазмұны оқушыға түсінікті және ынталандыратын болу керек екен. Бұрын жақсы оқып келген балалар өздеріне одан да жоғары талап қойылғанда, әлі де оқу керектігін түсінді. Бағалау шкаласының көтерілгенін сезініп, соған сай болуға еңбектенді. «Үнсіз» оқушыларым өздерінің жеткен жетістіктеріне қуана отырып, жақсы оқитын оқушылар қатарына қосылу мүмкіндігі бар екенін сезінді. Арман деген оқушым, өзінің қолынан әлі де көп нәрсе келетініне көзі жетті, сондай-ақ, ол холерик болғандықтан, тыныш отыра алмайтын бала топтық ереже сай тәртіпке бағынып, сөзге тоқтап үйренді. Өздерінің бойындағы бұл өзгерістер балаларға стимул, одан да жақсы жетістіктерге жету үшін мотивация болды. 

               Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жоғарыда аталған екі модульмен тығыз байланысты, өйткені, дарынды және талантты балаларды анықтауда да, оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай оқытуда да біз көбінесе сабағымызға жаңа тәсілдерді енгіземіз. «Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын анықтайтын негізгі факторлар мыналар: балалардың оқу үдерісін түсіну; нені оқу керектігін түсіну; оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымның қалыптасуы; оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеруі» сияқты көрсеткіштерді игеру үшін осы жаңа тәсілдердің мүмкіндігі зор. Оқыту мен оқудағы түрлі  тәсілдерді пайдалану арқылы белгілеген мақсатқа жетеміз, оқушылардың білімдерін бақылай аламыз. Мысалы, техникалық диктант, мәтінмен жұмыс, дискуссиялық карта, постермен жұмыс деген тәсілдер топпен игеру кезінде оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын құруға, білімдерін саралауға, өз-өздерін бағалауға көмегін тигізетін болып шықты. Оқушыда сөйлеу мәдениеті, аудитория алдында өзін еркін сезіну, өзіндік пікірін дәлелдеуге, топ шешімімен санасуға жаңа оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі мол екеніне мектептегі тәжірибе кезінде толығымен көзім жетті.  

          Оқушы ақпаратты іздеуші, жазып алушы ретінде белсенді қызмет атқарады. «Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану». АКТ  оқушыларға ғылыми ұғымдарды  түсіндіруді  және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін  маңызды құрал болып отыр. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет). Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан, ақпараттық-коммуникациялық технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Интерактивті тақтаны қолдана отырып оқушыларға тақырыпқа байланысты қол жетімді, видео, суреттерді көрсетуге тырыстым.  Бұндай деректерді интернеттен алуымызға мүмкіншілігіміз бар.  АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырып, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға,  көмектесті. Электронды оқулықтар мен тесттерді , интернетті  өз кезегінде пайдалана алады.

         Мен үшін, мектептегі тәжірибе кезінде сәл қиналғаным оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болды. Бағалаудың басты мақсаттары: «оқытудың қиындықтарын анықтау, болжау және сұрыптау, оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау» (Мұғалімге арналған нұсқаулықта, 56-57 бет) деп көрсетілгендіктен осы талаптарға сай бағалауды құру қажет болды. Формативтік бағалау әр сабақта өз ретімен жүріп отырды, ал суммативтік бағалауды жүзеге асыру үшін балалардың өзін-өзі және сыныптастарын әділ әрі шынайы бағалау қабілеттерін дамыту қажет болды. Бірінші «бетпе-бет» кезеңінде қосымша алған үлестірмелердегі дискриптор құру ережесі өз сабағымыздың тақырыбына сай критерийлер арқылы дұрыс дискрипторлар жасауымызға көмек болды. Өздерін-өздері немесе сыныптастарын бағалап жүрмеген оқушылар үшін бұл өзгеріс болды. Сондай-ақ формативті және суммативті бағалау жүйесі де оқушылар үшін бағалау жүйесіндегі өзгеріс болды. Сол себепті мен қашықтықтан оқыту кезінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» атты модульді қалай оқып үйренгенімді еске түсіріп іске асырдым. Сабақта оқушылардың өздері бір-бірін немесе өзін-өзі бағалауына мүмкіндік бердім. Сол себепті критериалды бағалау әдісін қолдандым. Бағалау критерилері; Өз ойын дұрыс жеткізе білуі, топпен жұмыс жасай білуі,  кескін картамен жұмыс істей білуі. Топ басшысылары топқа бағалау жүргізіп , өзін – өзі , бір- бірін бағалап, бағалау парақшасы арқылы бағалады,   алдын ала берілген бағалау парақшасына балдық жүйемен топ мүшелерінің жинаған ұпайына сәйкес бағалап шықты. Бағалау кезінде менің бір қатты көңіл бөлгенім күнделікті өткізіп жүрген  дәстүрлі сабақтан салыстырғанда оқушыларымның бағасы жоғары көрсеткіш көрсетті. Критериалды бағалау әділ болғандықтан оқушылар бағалауға риза болып, жақсы баға алу үшін топтық жұмыста белсенділік таныту керектігін ұғынды. Осы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін сабақтарымда қолданудағы мақсатым – «мен осы күнге дейін оқытуда оқушыларды қалай бағалап келдім?»- деген сұрақ төңірегінде ой жүгіртіп, бұрынғы өз тәжірибемде оқушыларды бағалауда тек қана өзімнің ықпалым болды және көбіне оқушылардың берген жауаптарына қарап салыстырмалы түрде немесе ынталандыру ретінде бағалап келдім. Бірақ, оқушыларымды дұрыс бағаламағандықтан жақсы нәтиже болмады деген оймен бағалау формасын өзгерттім. Осы жоғарыда айтылған кемшілігімді жоя алам деген ниетпен бағалаудың жаңа тәсілдерін барлық сабақтарға қолдануды жөн көрдім.

Мектептегі әріптестерім жаңа тәсілге үлкен қызығушылық танытты.Оған себеп менің өткізген сабақтарым, онда қолданған әдіс – тәсілдерім. Оқушылар тарапынан да зор ынта, қызығу байқалды. Басқа сабақтарда сабақты жаңа тәсілмен өткізді сұраған. Бұл оқушылар тарапынан белсенділік, қызығушылық туғанын көрсетеді.Мұғалім оқушылардың бойында өз бетімен білім алу, өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру үшін өзі де заман талабына сай өзгеруі керектігін түсінгендіктен теорияны толық меңгеріп, тиімді тәжірибе өткізіп келе алды. Бұл жобада маған ең бір ұнағаны оқушылар арасында қалыптасқан ынтымақтастық атмосферасының оқыту барысына тиімді әсер етуі. Тапсырманы топтық талқыға салып, топ болып орындаған оқушылар жауап бергенде топтың атынан шығып, «біз» деп көпшілдікке үйренгені, болашақта өз өмірлеріне де тигізер  пайдасы мол болмақшы. Өз топтарын алға сүйреп, жақсы оқитын балалар топтағы «әлсіз» оқушыларды алға тартты, ынталандырды. Бір-біріне деген жанашырлықтары, өзара татулықтары, ұйымшылдықтары үнемі байқалып тұрды. Еліміздің ертеңі болатын бұл оқушылар, қазірден бастап болашақтың тізгіні өз қолдарында болатынын жауапкершілікпен сезіне білді. Сондықтан да, қазіргі таңда олардың негізгі мақсаты: сапалы білім алу, тұлғалық қасиеттерін дамыту. Демек, осындай шығармашыл, талапшыл, іздемпаз, сыни көзқарасы қалыптасқан жеке тұлғаны дайындауда біздің, курстан өткен мұғалімдердің, рөлі ерекше. Жеті модульді қолданғанда туындаған көптеген идеяларымды жүзеге асыруда өзімнің де белсенділігім артып, көшбасшылық дербестігім дамыды. Менің бойымдағы бұл өзгерістерге әріптестерім қызығушылық танытты. Ата-аналар мен оқушылар тарапынан алғыс айтылып жатты. Осының өзі үш айлық курстың нәтижесінің жемісі деп білемін. Қазақстандағы білім жаңа биіктерге көтерілгені сөзсіз.Алдыңғы қатарлы отыз елдің қатарына ену үшін алдымен білім саласына өзгерістер енгізіліп жатқаны, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарында болатынымыздың кепілі деп білемін.

Қорыта айтқанда, курс бойынша өткен жеті модульдегі қарастырылған жекелеген тәсілдер сабақ үрдісінде кеңінен қолдану аясы өрістеген сайын білім беру нәтижелі де сапалы болады. Себебі, іс-тәжірибе кезінде оқушылардың белсенділігінің артуына ықпал тигізеді. Бала өз түсініктерін әрекетке айналдыра алатын белсенді оқушылар болатын болса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Бағалау-оқушылардың өзін-өзі бағалаулары, оқуға деген қызығушылығын оятып, білім алу саласына көмегін тигізері анық, өздерінің білімін қалай жақсарту керектігін түсінеді. Осы модульді алып қолданып жазбас бұрын әріптестермен кеңес кезінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін жазу өте қиын болатыны жөнінде айтқан пікірлерін ескердім, бірақ, сол қиындықты жеңе алам ба? - деген сұрақты өзіме қарсы қоя отырып, жұмыс жүргізіп көрдім. Әлі де болса үлкен ізденіс пен тәжірибе барысында толықтыра түсем деген сенімім мол. Осы аталғандарды ескере келе, сабағымыздан оң нәтиже күтіп, табысқа жетуі үшін мұғалім құзыры жоғары деңгейде болуы керек. Мұғалімдер «ұстаз» мамандығына тән құндылықтарын ұстанып, оқушыға мейірім мен ыстық ықылас таныта білетін адал да, әділетті жан бола білсе ғана, шәкірттің жүрегінен орын алып, сенімдерінен шығатын нағыз құрметке ие жан болары сөзсіз. Осы аталған қарым-қатынас арада орнағандықтан, сабақтардан нәтиже болып, оқушыларымның жақсы көңіл- күйлерін көре алдым. Осылайша, бағдарламаның жеті модулін сабақ барысында қолдана отырып, өткізген сабақтарымнан мамандығыма деген өз сүйіспеншілігім артты. Көпті тамсандыра бермейтін «ұстаз» мамандығының атына сай жоғары деңгейге көтеріп, ұстаздар еңбегіне жаңа серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері заман талабына сай туған қажеттілік екенін айтуға болады. Келешекте, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзіме керектілерін меңгеруде талмай еңбектене келе, сабағыма енгізуді мақсат етіп қойдым. Елбасымыз “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр”- деп айтқандай, ұстаздарға артар жауапкершілік үлкен. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, оқушыларды бағалаудағы жеткен жетістіктерімді болашақта әр сабағымда тиімді әрі түрлендіре отырып қолдануға түбегейлі бет бұрамын.

































Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі КММ

«Тәжірибедегі рефлексия» курсы туралы рефлексивтік есеп

Математика сабағында топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру


Математика пәні мұғалімі

Оразаева Назым Нұргелдіқызы


Менің алға қойған мақсатым: Математика сауаттылығында сын тұрғысынан ойлауды дамытуда жұмыстар жасай отырып, баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мумкіншілік беру. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында  математика пәні бойынша сыни тұрғыдан ойлау технологиясын басшылыққа ала отырып, 7 модулді ықпалдастыруға тырыстым. Бұл жұмысымда өз сабақтарымда  сыни тұрғыдан ойлау технологиясының  тиімді  стратегияларын қолдану тәсілдерін  көрсеттім. Oқу жылының  бaсындa  әкiмшiлiкпeн  бeкiтiлгeн  күнтiзбeлiк  жoспaрынa  қaрaп, өзiмнiң    aлғaн  бiлiмдeрiмe сүйeнe  oтырып,  сындaрлы  oқу  тeхнoлoгиясы  нeгiзiндe өзiм  сaбaқ  бeрeтiн мaтeмaтикa  пәнiнeн   5-сыныпқa  aрнaлғaн  3 сaбaқтaн  тұрaтын тiзбeктeгeн  сaбaқтaр  тoптaмaсының  oртa  мeрзiмдi  жoспaрын  құрдым.

Мен сабақты бастамас бұрын оқушылардың көңіл күйін көтеру керек деп шештім. Сыныпқа кіріп,амандасқан соң оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлау керектігін айттым. Сонымен ,бүгінгі күнге жақсы көңіл күй тілеп, топқа бөлу үшін қима фигураларды үстелге қойдым.Оқушылар ұнаған фигураны бір-бірден алып топқа бөлініп отырады. Сабақтың басында оқушылардан өткен сабақ бойынша үйге берілген тапсырманы тексеріп шықтым. Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыларға жұмбақ жасырдым. Жұмбақтың шешуі мен өткен сабақтың арасында қандай байланыс бар екенін оқушылырдан сұрап,жаңа сабаққа дайындық жүргіздім.Сабақтық мақсаты мен критерийін айта кетуді жөн көрдім. Оқулықтың бетіндегі жаңа тақырыпты үшке бөліп, үш топқа бөліп бердім. Әр топ түсінгендерін басқа топқа айтып береді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар қызығушылық танытты. Әр топтан бір оқушы түсінгенін басқа топқа айтып бергенде,басқа топтың оқушылары бірден түсініп алады екен. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылардың оқуға деген қызығушылығы арта түсті.

Сабақта критерий арқылы өзін-өзі және өзара бағалады.Ал мен жалпы критерий арқылы бағалап отырдым.Бағалау оқушыларға өте қызық болды.Олар топтағыларды бақылай отырып,өзін өзі реттеуге де біршама төселіп қалды. Осы бағалаулар арқылы өзінің білім деңгейі қаншалықты екендігін білді.Білім алуға түбегейлі ықпал етіп,оқуын ары қарай жақсарта түсуге ұмтылып,түсіне білді.Сабақ соңында кері байланыс жасалып,оқушылар смайликтер арқылы көңіл күйлерін стикерге жазып,сабағымызды аяқтадық. Осы сабақта қандай қателіктер болды деп ойланғанымда,менің байқағаным-оқушылардың тәртібі,топқа бөлінгенде келіспеушіліктің болуы,яғни жақсы оқитын оқушылар нашар оқитын оқушылармен отырғылары келмеді,топтық жұмыста таластың туындауы,бір-екі оқушының назардан тыс қалуы сияқты сәтсіздіктер туындады.Осы сәтсіздіктерді болашақта болдырмауды ойға түйіп алдым.Сабақтың сәтті өтуіне көп күш жұмсап,тиімді әдіс-тәсілдерді қарастырдым.Соның нәтижесінде бүгінгі сабағымның сәтті тұстары басымырақ болды.

Сабақты өту кезінде жеткен жетістігімді саралай келе,сапалы білім беріп,жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,саналы оқушы шығаруды көздеймін.Мұғалім өмір бойы ізденіс үстінде болады.Ол өзінің кәсібіне салғырттықпен қарамау керек.Қазіргі технологиясы жақсы дамыған заман талабы осындай.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!