Материалдар / Тәжірибе- Тұжырымдамасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәжірибе- Тұжырымдамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алматы қаласындағы рухани жаңғыру мен мәңгілік ел идеясын дамыту барсындағы білім көтеру курысынан алған әсерім жайлы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1235
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Данышпан ақынымыз Абай Құнанбаевтың ең өзекті тақырыптарының бірі – қазақ жастарына білім беру, оқыту ісі екені рас. Осы мақсатта Алматы қаласы «Өрлеу» БФҰО – ның ұйымдастыруымен ББЖКБАРИ ғимаратында 80 сағаттық «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізінде тәрбие мазмұнын жаңарту» тақырыбында 10-21 сәуір аралығында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды.

Бұл курсқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен, білім беру ошақтарынан ұстаздар мен директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасарлары жиналды. Топқа Кажиева Гүлнар Токайқызы жетекшілік етті. Дәріс беруші ұстаздар Г.Кажиева, Қ.Қапизаева, Н.Тайланова, Г.Айматова сынды тәжірибелі мамандар болды. Алғашқы күннен –ақ сабақтар өз ізімен жалғасып кетті.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31 қаңтар 2017 ж. Білім беру құндылықтарын кіріктіруді 100 нақты қадам – ұлттық жоспармен сәйкестендіру. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында ҚР-да тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР «Білім туралы» Заңын басшылыққа алып, топтар арасында қызу талданды.

«Тәрибе тұжырымдамасы. Оқу үрдісінің тәрбиелік компонентінің типтік кешенді жоспары», «Тыңдаушының кәсіби құзіреттілік деңгейін анықтау», «Жазғы лагерь басшылары мен ұйымдастырушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық және заңнамалық құжаттар» аясында алғашқы күннің екінші жартысында - ақ талқылауға түсті.

Білім жетілдіру курсының екінші күнінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру сөз болды. «Инклюзивті оқушылардың көбеюі?», «Қазіргі заманың ата-анасы?», «Бұрынғы заманның ата-анасы?» деген сұрақтарға топ-топ болып жауап іздеп, ерекше пікірлер айтылып жатты. «Балалар сауықтыру лагерінің бағдарламасына қойылатын талаптар» және «Жалпылагерьлік іс-шаралар өткізу» жоспарын әр топта құрып , кейін біріктіріп көлемді жоспар шығарды.

Г.Айматованың Жазғы сауықтыру лагерьлерінде балаларды тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау мақсатында өткізген тренингі жан-жақты қамтылған, әр түрлі сергіту сәтерімен байытылған сабақ болды. Бұл сабақтарда тек лагерьдің жоспары, ұйымдастырылу жүйесі ғана айтылып қоймай, ана-ананың, баланың, мұғалімнің лагерьдің құндылығы туралы көзқарастары да ескеріліп, тәлімалушылар әр түрлі образға кіре отырып, тақырыптың өзектілігін, мән-мағынасын аша түсті. Сонымен қатар индиго балалар туралы да сабақ барысында толықтай қамтылып өтті.

Жазғы сауықтыру лагері жағдайында жобалау әдісін қолдану арқылы спорт және сауықтыру лагерьлері мен туристік лагерлер туралы да ой қозғалды. "Санаториялық және сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 233 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11056 тіркелген заң талаптары бойынша қарастырылып, санитариялық қағидалары және жалпы ережелер және санаториялық және сауықтыру объектiлерiн жобалауға, салуға, қайта жаңартуға, және пайдалануға беруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар талқылауға түсті.

Балаларды сауықтыру ұйымында балалардың жас ерекшелiктерiн есепке ала отырып, отрядтар немесе топтар бойынша топтастырылады:
    1) 6 жастан 9 жасқа дейiн – 25 адамнан аспау;
      2) 10 жастан 14 жасқа дейiн – 30 адамнан аспау;
       3) 15 жастан 18 жасқа дейiн – 25 адамнан аспау керек екендігін де білді. Балаларды сауықтыру ұйымдарындағы жұмысқа тәлімгерлерді даярлау жөніндегі нұсқаулықпен де танысты.

Сонымен қоса теориялық алған білімдерін практика жүзінде де жүзеге асырды. Жазғы сауықтыру лагерінде туристік өлкетанушылық қызметін ұйымдастырған Гүлнар Тоқайқызы өз тобын Алматы облысында орналасқан «Шарын шатқалына» саяхатқа алып барды. Ондағы әсем табиғат, керемет ауа-райы, аспанмен таласқан биік-биік таулар, сарқырап аққан «Шарын» өзені еліміздің әр облысынан жиналған келушілердің таңдайын қақтырмай қоймады. Сабақтар әр күн сайын керемет энерджайзермен басталса, екінші кезеңі қазақтың гимніне айналып кеткен қазақ әндерінің тарихын танып, өзін орындаумен басталады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!