Материалдар / Тәжірибе алмасу-іскерлікті жетілдіру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәжірибе алмасу-іскерлікті жетілдіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып, педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде педагог- мамандар кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында деңгейлік курстарда білімдерін жетілдіруде. Бұл курстарда тек дәріс алып қана оймай, өзіміз де жаңа бағытқа бет бұра бастадық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2018
1243
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәжірибе алмасу-іскерлікті жетілдіру

«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы, ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру»

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып, педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес еліміздің түкпір-түкпірінде педагог- мамандар кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында деңгейлік курстарда білімдерін жетілдіруде. Бұл курстарда тек дәріс алып қана оймай, өзіміз де жаңа бағытқа бет бұра бастадық.

Ұзақ жылдар бойы оқушылардың білім деңгейі 2,3,4,5 деген бағамен өлшеніп, тоқсандық, жылдық бағалармен қойылатын еді. Енді критериалды бағалау жүйесіне сай қалыптастырушы және жиынтық баға арқылы оқушылардың білімін тексеретін болдық.

Әрине, бұл жүйе бір күнде енгізілген жоқ, ол бірнеше жылдар бойы талқылау мен сараптаулардан өткен ауқымды іс болды.

Алдымен, жаңартылған білім мазмұнын енгізу елімізде Назарбаев Зияткерлік мектептерінен бастау алды. Осы тәжерибені жалпы білім беру мектептеріне тарату 30 пилоттық мектептердің үлесіне тиді. Нәтижесін көргеннен кейін еліміздегі барлық мектептер жаңартылған білім беру бағдарламасына көшірілді.

Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдан бастап 1,2,5 және 7 сынып, 2018 жылғы қыркүйектен бастап 3,6 және 8 сынып, ал 2019жылғы қыркүйек айынан бастап 4,9, 10 сынып және 2020 жылы 11сынып толықтай жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады.

Бұл бағдарламаның мақсаты- болашақта Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне жеткізу көзделінген.

Жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу алдында 2015-2016 оқу жылының 1 қыркүйегіненен бастап республикалық 30 пилоттық мектептерінде (1-ші сыныптарда) жаңартылған оқу бағдарламалары мен жоспарын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялаудан өткізген болатын. Облысымыз бойынша Петропавл қаласындағы №16 орта мектеп пен М.Жұмабаев ауданы, Сартомар аулының мектебі 30 пилоттық мектептердің тізіміне енді. Бүгінде СҚО-ның екі білім ошағы да жаңа стандарт бойынша табысты жұмыс жасап келеді.

Біздің Сартомар орта мектебіміз 30 пилоттық мектептер қатарына қосылғаннан бері әрдайым ізденіс, жаңару үстінде. Педагогикалық тәжірибе тарату бойынша біздің мектебіміз Қ.Р. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері және Петропавл қ. Назарбаев Зияткерлік мектебімен ауқымды жұмыстар атқаруда.

Осы 2017-2018 оқу жылының ІІ тоқсанында Астана қаласы Білім Министрлігінен келген білім басқармасының үйлестірушілері 5,7 сыныптардың оқулықтарына талдау жасап, 6,8 сынып оқулықтарын апробациядан өткізді. Осы орайда келесі сұрақтар талқыланды: оқулықтарда қандай жаңашылдық бар? оқулық бағдарламамен қаншалықты сәйкес келеді? оқулықты жасауда жасерекшеліктер ескерілген бе? бұл оқулық оқушыларға қаншалықты маңызды? Бұл шараға мектебіміздің пән мұғалімдері барынша белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салды. Мұғалімдер оқулықтың сапасы мен мазмұнына өз пікірлерін айтып, аз-кем тұстарымен бөлісті. Мұғалімдер тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер анкетаға жазылып, міндетті түрде ескерілетін болды.

Зияткерлік мектептер өңірлерге тәжірибені тарату бойынша бірден-бір ресурстық орталықтар болып табылады. Біздің мектебіміз де СҚО, Петропавл қ., облыстық Назарбаев Зияткерлік мектебімен тығыз жұмыс жасап отыр. Атап айтсақ, онлайн сабақтар мен онлайн семинарлар, шеберлік сағаттар, оқыту семинарлары, ашық есік күндері т.б. әдістемелік көмектер берілуде.

Биылғы жылдың ІІІ тоқсанында Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері тәлімгерлік әдістемелік көмек беру мақсатында, біздің Сартомар мектебімізге келіп, өз әдістерімен бөлісті. Атап айтсақ: Уалиев Данияр Серикович, математика мұғалімі Рахметова Лаура Зайнулкабиденовна, тарих мұғалімі Алибаева Гульнар Аманжоловна, география мұғалімі Габдуллина Аяжан Нуржановна, биология мұғалімі Бактубаева Алия Сайрановна, ағылшын мұғалімі Сармолдина Динара Сайлаубековна. Алдымен, Зияткерлік мектептің мұғалімдері секция бойынша бөлініп: 5,7 сыныптарда сабақ беретін пән мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысты. Олар: тарих мұғалімі Мукушева Ж.О. мұғалімдердің сабақтарына қатысты.

Өткізілген ашық сабақтар аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері біздің мектебімізде жаңартылған оқыту жұмысы қаншалықты жүзеге асып жатқандығы туралы өз пікірлерін айтып, ойларын ортаға салды. Данияр Серикович оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқандығы, сабақ барысында оқушылардың өздерін еркін ұстауы, өзара әрекеттесе отырып белсенді жұмыс жасауы, әр жұмысқа деген құлшыныстары және тапсырма сайын өзара бағалау, бағалаудың түрлі әдістерін қолдану әдістеріне жоғары баға берді. Оқыту кезінде әрбір оқушының жүрегіне жол табу, әр оқушыға көңіл бөлу, әр оқушыға тапсырманы түрлендіріп беру біздің мұғалімдердің жаңалыққа бет бұрғандығының айғағы деп айтуға тұрарлық. Жауапкершілік пен алдарында тұрған міндетті анық түсінетін Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары «Әдістемелік күннің» мазмұнды өтуіне жауапкершілікпен қарап, біліктіліктерін ортаға сала білді.

Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің ауыл мектебіне қуана келуіне ықпал ететін шаралар легі мектебіміздің алдағы мақсаттарын игеруге қолдау болары анық. Осындай шаралар барысында мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, ой бөлісті. Ал бұл әрқашан дамуға импульс береді. Біз үшін бұл шара кәсіби тұрғыдан өсуге, оқуда және оқытуда өзгерістер енгізуге, жаңа мақсаттар қойып, алға тағы да қадам жасауға берілген мүмкіндік және міндет деп түсінеміз.




Сартомар орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

Мукушева Жадыра Омышевна




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!