Материалдар / «Талантты және дарынды балаларды критериалды бағалау » тақырыбындағы коучинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Талантты және дарынды балаларды критериалды бағалау » тақырыбындағы коучинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
637
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге «Талантты және дарынды балаларды критериалды бағалау »

тақырыбындағы коучинг жоспары.



Р/c

Тақырыптың атауы

Талантты және дарынды балаларды критериалды бағалау


1

Мақсаты

 Еліміздің зияткерлік қорын құру үшін адамзаттың ең талантты тобын пайдалану, жеке тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру.Талантты және дарынды балаларды оқыту модулі туралы мағлұмат беріп, әртүрлі жағдаяттар туғызу арқылы іс тәжірибеде жүзеге асырылуға бағыттау. оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау.



Міндеттері

оқушылардың ақыл-ой қабілетін жетілдіру; шәкірттердің шығармашылық жеке дарындылығын дамыту; оқушыларды тәрбиелеуге олардың жан-жақты дамуын, еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік, азаматтық белсенді позициясын қалыптастыруға және жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету; дарынды балаларды оқыту мен дамыту; дарынды, қабілетті балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін ұйымдастырылған педагогикалық-психологиялық жағдайларды жақсарту.

  • Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

  • Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

  • Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

  • Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.


2

Күтілетін нәтижелер

1. Рухани зияткерлік және шығармашылық дарыны бар балалар санының артуы.

2. Біздің мектеп жастарының әлеуметтік құндылық өлшемін «білім» категориясы секілді мағынада көтеруге өзгерту.

3. Дарынды балалармен жұмыс істеуде заманауи әдістермен қаруланған педагог санының өсуі.

4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға арналған іс-шаралар ауқымын кеңейту.

5. Оқушылардың жобалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.

6.Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру

7. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін жасау

8. Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін оқытудың жаңа технологияларын жоспарлау мен жіктеу.

9.Дарынды балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қырынан проблемалар шығару.

10. Коучинг сессиясына қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

11.Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

12.Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.


3

Сілтемелер

Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ басылым – 50 бет. Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалар ІІІ басылым - 14 бет

4


Ресурстар


флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), тапсырмаларға арналған ақ беттер, видеоролик.


5

Түйінді идея

Білгеніңді үйрету, білмегенді меңгеру

: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.











Жұмыс барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Тәлімгер мен мұғалімдердің іс - әрекеттері

Ұйымдастыру

Тренинг . «Оркестр»

(жағымды ахуал туғызу, шабыттандыру)

5 мин

топқа бөлу;

Тәлімгер мұғалімдерге сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді. Топқа бөлу үшін қара сандық ойын ойнаймыз

Үнді фильмінен үзінді «Звездочки на земле» Мұғалімдермен жұмыс

7 мин

Бүгінігі коучингтің тақырыбын ашу.«жаңа ойлар, түсініктер, ....» қоржынға салу

Жамбыл,Жансая, Еркеш туралы

бейнесюжеттен көрініс








Теориялық білім


Мұғалімдермен жұмыс

Кластер жасау бейнесюжеттен рефлексия

7 мин

«Осы бейнесюжет жайында не айтасыздар?» Сұрақтар:

«жаңа ойлар, түсініктер, ....» қоржынға салу Дарындылықты анықтайтын бақылау сұрақтары


1) Жамбыл, Жансая, Еркеш кім, талант па, дарынды ма?

2)Көрсетілген көріністен Жамбы Жансая, Еркештің қандай іс-әрекетінен дарындылықты байқадыңыз?

3) Дарынды баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?

Талдау жұмыстарын жүргізу арқылы жауаптарын стикерлерге жазып, «қоржынға» салады

«Талантты және дарынды баланы оқыту» модулін қалай қолдану керектігін білесіз бе? ( Ұстаздар постер қорғайды)

Таныстырылым “Дарын”,”Дарындылық”, «Талантты» деген ұғымдарға қандай түсінік бере аласыз? Слайд көрсету.



Дарынды балаларды таңдау жолдары

6 мин

Ортаға денгейлік курсты оқыған бір мұғаліммен курсқа бармаған бір ұстаз ортаға шығады. Ойын тәртбі түсіндіріледі.(таяқшалар арқылы жасалынады)

Сергіту сәті

2 мин

Физкультминутка

Мұғалімдермен жұмыс

Тақырыпты ашу



5 мин

Ой шақыру (слайд)

Мұғалімдерге Ф.П. Решетниковтың «Тағы да екілік» суреті ұсынылады. Мына суретке мұқият қараңыздаршы, ондағы отбасы мүшелерінің әрқайсының көңіл-күйі қандай? Мектептен үйіне тағы да «екілік» бағасын арқалап қайтқан оқушының түр-әлпетінен нені аңғаруға болады? Ол өзін қалай сезініп тұр? Сурет неліктен «ТАҒЫ ДА екілік» деп аталады?

Тағы да екілік! Кеше де, бүгін де, ертең де... Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма? Жоқ болса, неге? Оған кім кінәлі, мұғалім бе, оқушы ма?

Бүгінгі сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.


Топтық жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
























Үш топқа да көбелектің суретін салуды ұсынамын. Салынған суреттер бойынша топтар бірін-бірі бағалайды. Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіреді. (Топтардың арасында өз тобына қойылған бағамен келіспеушілік тууы мүмкін – менің көздеген мақсатым да осы: баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс тудыру). Айтыңыздаршы, мен осы жерде қандай қателік жібердім? (Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан бағаға келіспеушілік туындады). Енді қатысушыларға көбелек суретіне байланысты бағалау критерийін ұсынамын. Бір-біріңіздің суреттеріңізді мына критерийлер бойынша тағы да бағалап көріңіздер:

  1. Көбелек 4 түрлі түспен боялған

  2. Көбелектің фигуралы 4 қанаты бар

  3. Көбелектің денесі, мұртшалары бар

  4. Көбелектің көздері, аяқтары бар

  5. Көбелек гүлге қонып отыр

Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? (Біреулер көбелектің көздерін немесе мұртшаларын салуды ұмытуы мүмкін). Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз бе? Суретті салу барысындағы өз қателіктеріңізді көрдіңіз бе? Жоғарыдағыдай баға мәселесіне байланысты топтар арасында қақтығыс туды ма? Неліктен деп олайсыз?

Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз? Егер мен мұғалім ретінде тапсырманы орындатпас бұрын сіздерге бағалау критерийін ұсынсам, жоғарыдағыдай қақтығыс туар ма еді? Осыны ҰМЫТПАҢЫЗ! Оқушыларға тапсырманы берердің алдында олараға бағалау критерийін ұсыныңыз, сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріңіз. Сонда сіздің жоғарыдағы суреттегідей мектептен күнде екілік алып келетін оқушыларыңыз жойылады.





Қорытынды.



Жоғарыдағы «Тағы да екілік» суретіне қайта оралу: Қалай ойлайсыздар, суреттегі баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасын ояту үшін не істеу керек?


Рефлексия








Кері байланыс


5мин

СPicture 2 із жоғарыдағы тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз? Осындай тапсырмаларды сіз қай жерде қолданар едіңіз?

«2 жұлдыз, бір тілек» стратегиясы бойынша мұғалімдердің жұмысын бағалау. «Бес саусақ»






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!