Материалдар / Талаптыға нұр жауар (оқушыларға арналған көмекші әдістемелік нұсқаулық)

Талаптыға нұр жауар (оқушыларға арналған көмекші әдістемелік нұсқаулық)

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар,талдаулар үлгілері көрсетілген. Шығармашылық жұмыстардың түрлеріне сипаттама беріле отырып, оларды жазуда қойылатын талаптар туралы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
1764
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады









































Капанова Марьям Есентаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«№14 мектеп-гимназия» ММ

Астана қаласы








Талаптыға нұр жауар

(оқушыларға арналған көмекші

әдістемелік нұсқаулық)








































Әдістемелік құралда қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар,талдаулар үлгілері көрсетілген. Шығармашылық жұмыстардың түрлеріне сипаттама беріле отырып, оларды жазуда қойылатын талаптар туралы айтылады. Бұл құрал «Елтану» арнайы курсына қосалқы құрал ретінде берілген. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында да тиімді қолдануға болады.


Алғы сөз

Қымбатты оқушы қауым! Егеменді еліміздің тірегі білімді ұрпақ екендігі анық, демек бүгінгі заман талабына сай жастарға сапалы білім берудің, ғылымды дамытудың талаптары күшейе түсуде. Білім беру ұғымының өзі өзгеріп, кеңейіп, толығуда. Жеке тұлғаны дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір адамның нақты мүмкіндіктерін және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді.

Білім беру мазмұнын ізгілендіру қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысымен сәйкестендірілуде. Білім беру оқушы дүниетанымының, болмыс мәдениетінің, жалпы дамуының тетігі ретінде қолдануға бағытталуда.

Осы жағдайларды ескере отырып, бұл құралда оқушы қауымға , жас ұстаздарға көмек беру мақсатында қазақ тілі сабақтарында және де «Елтану» арнайы курсынының тәжірибелік сабақтарында қолданылатын фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар, деңгейлік тапсырмалар үлгілерін беруді мақсат тұттық.

Сонымен бірге, оқушылардың танымдық, қабілетін арттыру, білімге ынталандыру, шығармашылық іске ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағыдыландыру мақсатымен берілген түрлі шығармашылық жұмыстардың негізгі сипаттамасы беріліп, оларды жазудың талаптарын да ұсындық. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қымбатты оқушылар, білім алу жолында сәттілік тілейміз!

3



І бөлім

Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін талдаулар үлгілері

  1. Фонетикалық талдау.

Талдау реті:

1.Сөзді буындарға бөл, буындардың түрін, неше тасымал бар екенін ата.

2.Сөз құрамынан дауысты дыбыстарды тауып, оларды тілдің, жақтың еріннің қатысына қарай талда.

3.Сөз құрамынан дауыссыз дыбыстарды тауып, қатаң, ұяң, үнді дауыссыздың қайсысына жататынын анықта.

4.сөз құрамындағы дыбыс пен әріп санын анықта.

5.Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма?

Бар болса, түсіндір.

Талдау үлгісі:

Жұлдызша - [жұл-дұз-ша]- үш буынды:1,2-бітеу,

3 - ашық; 2 тасымал.

ж-[ж]-дауыссыз, ұяң дыбыс

ұ- [ұ]- дауысты, жуан, қысаң, еріндік

л- [л]-дауыссыз, үнді дыбыс

д- [д]-дауыссыз, ұяң дыбыс

ы- [ұ]-дауысты, жуан,қысаң,еріндік дыбыс

з– [з]- дауыссыз, ұяң дыбыс

ш-[ш]-дауыссыз, қатаң дыбыс

а- [а]-дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс

Сөзде 8әріп, 8 дыбыс бар.

а)сөздің 1-буынындағы ұ ерінді дауыстының әсерінен

2-буындағы ы дыбысы ұ болып айтылады: жұл-дұз-ша

ә)сөздің үш буынындағы да дауысты дыбыстардың жуан болуы үндестік заңына жатады.

4


2. Лексикалық талдау

Талдау реті:

  1. Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.

  2. Сол сөздің сөйлемде қандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)

  3. Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап.

  4. Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.


Талдау үлгісі:

Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы.

Мақалдың бірінші бөлігінде қолданып тұрған жылы сөзі тура мағынада, екінші бөлігіндегі жылы сөзі – жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.

Жылы, шуақты, ыстық, мейірлі – синоним; жылы – суық – антоним;

Жылы – жалпылама қолданылатын сөз.

Сөз мағыналарының шартты белгілері:


оDrawObject3 DrawObject2 DrawObject1 моним

DrawObject5 DrawObject4

сDrawObject6 иноним


аDrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 нтоним


5



3.Сөзді құрамына қарай талдау

Талдау реті:

  1. Сөздің қай сөз табына жататынын анықта; сөздің түрленетін я түрленбейтінін дәлелде.

  2. Түрленетін сөздегі негіз бенм қосымшаны анықта ажырат; түрленбейтін сөздердің бәрі де негізгі түбір болып есептеледі.

  3. Со сөз түбірінен тарайтын түбірлес сөздерді көрсет.

  4. Сөздегі қосымшалардың түрін ажырат: жалғау мен жұрнақтың қай түріне жататынын дәлелде.

  5. Сөз құрамындағы бөліктерді тиісті шартты белгілермен көрсет.


Талдау үлгісі:

ұтылды – етістік, түрленетін сөз табы

ұт – түбір, - ыл- ырықсыз етіс жұрнағы, - ды – жіктік жалғауының ІІІ жағы

у

ұDrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 т қыш

ымды


ұ

Сөз құрамы

тылды


DrawObject16 DrawObject14 DrawObject15


түбір жұрнақ жалғау





6


4.Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау


Талдау реті:

1.Сөздің лексикалық мағынасын түсіндір

2.Осы сөзден өрбитін түбірлес сөздерді ата

3.Сөз жасауға тірек болған түбірді көрсет

4.Жаңа сөз жасауға негіз болған тәсілді анықта


Талдау үлгісі:

а) құсша – құс секілді

құсша, құстай – сөз түрлендіруші жұрнақ арқылы жасалған

ә) білезік – білекке тағатын әшекей зат

білезік- білек+ жүзік – сөздердің бірігуі арқылы жасалған

Туынды сөздердің шартты белгілері:

DrawObject18 DrawObject17

Туынды сөз –


БDrawObject20 DrawObject19 іріккен сөз –

DrawObject22 DrawObject21

ҚDrawObject23 ос сөз –

DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24

Қысқарған сөз –

DrawObject30 DrawObject29 DrawObject28

Тіркескен сөз -







7

5.Морфологиялық талдау (Сөз табы бойынша)


Талдау реті:

1.Сөз табы. Жалпы мағынасы.

2.Морфологиялық белгілері.

Бастапқы тұлғасы

Тұрақты белгілері

Тұрақсыз белгілері

3.Синтаксистік қызметі.


5.1.Зат есім

1.Жалпы мағынасы

2.Морфологиялық белгілері

Бастапқы тұлғасы (атау септігіндегі, жекеше түрі)

Тұрақты белгілері:

а)жалқы есім және жалпы есім

ә) деректі және дерексіз

б) дара және жинақтау

Тұрақсыз белгілері:

а) көптелуі

ә) септелуі

б) тәуелденуі

в)жіктелуі

3. Синтаксистік қызметі


Талдау үлгісі:

Еңлік жанының сезім тамшылары тек ақ өлеңге ғана сияды (Б.Кәрібаева)

Жанының – зат есім, ұғым атауы

Бастапқы тұлғасы – жан (не?)

Тұрақты белгісі: жалпы есім, дерексіз

8

Тұрақсыз белгісі: тәуелдік жалғауының ІІІ жағы, ілік септігінің жалғауы

Синтаксистік қызметі: кімнің?деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш қызметін атқарады.


5.2.Зат есімді сатылай комплексті лексика-грамматикалық талдау


Екібастұзда көмір өндіріледі.

Екібастұзда

І.Берілген сөз бөлшектен тұрады, себебі сөздің тұоғасы деген ұғымға түбір және қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Бұл сөздің түбірі екі, бас, тұз, себебі сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі түбір деп аталады, да- жалғау, себебі сөз бен сөзді байланыстырып тұрған қосымша.

ІІ. Тұлғасына қарай: туынды түбір, себебі синтаксистік тәсіл арқылы жасалған:

Біріккен сөз, себебі екі я одан да көп сөзді біріігп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөз дейміз.

ІІІ. Құрамына қарай: күрделі, себебі үш түбірден құралған.

ІҮ. Сөзде бір лексикалық ,2грамматикалық мағына бар.

Ү.Грамматикалық мағыналары:

Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз табы деп аталады.

1-грамматикалық мағынасы – жалпы грамматикалық мағына – зат есім, себебі заттың атын білдіріп, кім?не? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім деп атаймыз.


9

2-грамматикалық мағынасы –( да) жатыс септік жалғауы арқылы берілген категориялық мағына жанама объектілік мағына.

ҮІ. Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:

Жалқы есім, себебі заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.

ҮІІ. Заттар мен құбылыстардың адамға танылуына қарай:

Деректі, себебі нақтылы тануға болатын зат атауы.


5.3.Сын есімді сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына сатылай комплексті талдау


Жұп-жұқа

І. Берілген сөз 2 бөлшектен тұрады, себебі тұлғасы деген ұғымға түбір мен қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Бұл сөздің түбірі жұқа, себебі сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір дейміз.

ІІ.Тұлғасына қарай:

Туынды түбір, себебі синтаксистік тәсіл арқылы жасалған:

Қос сөз, себебі сөздердің қосарлануы арқылы немесе қайталануы арқылы жасалған сөзді қос сөз дейміз.

Қайталама қос сөз, себебі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған.Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның қосылып айтылуы арқылы жасалған.

ІІІ. Құрамына қарай:

Күрделі, себебі екі түбірден жасалған.

ІҮ. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.


10

Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді атауыш сөздер деп атаймыз.

Лексикалық мағынасы: көлемдік белгісін білдіреді.

Ү. Граммтикалық мағыналары:

Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына , қойылатын сұрағына, сөйлемде атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Бірінші грамматикалық мағынасы – сын есім, себебі заттың, құбылыстың сын –сипатын, көлемін, түр-түсін, сапасын білдіретін қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз.

ҮІ. Мағынасына қарай:

Сапалық сын есім, себебі заттың сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есімді сапалық сын есім дейді.

ҮІІ. Түрленуі: а) салыстырмалы шырай, себебі біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық кемдігін салыстыру арқылы көрсететін шырай түрі.


  1. Синтаксистік талдау

6.1.Сөйлем мүшелеріне талдау

1.Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта.

2.Сөйлемнен, ең алдымен, баяндауышты тап (қазақ тілінде баяндауыштың орны тұрақты екенін ескер).Баяндауыштың астын екі сыз.

3.Баяндауыш арқылы бастауышты тап. Бастауыштың астың бір сызықпен белгіле.

4.Ары қарай сөйлем талдау жүйесі сөйлемнің соңынан алға қарай жүргізіледі.

Ескер: 1. Қай сөйлем мүшесін анықтағанда да оған қойылатын сұрақты сөйлемдегі ойға негіздей отырып, жүйелі түрде жаз.

11

  1. Оқшау сөздер (қаратпа, қыстырма және одағай сөздер) сөйлем мүшесі болмайды!

Талдау үлгісі:

Баяғыда Қаратау алқабындағы жазықта сабан төбелі ескі үй тұрды.

Сөйлем мүшелердің белгілеудің шарттары

Бастауыш ____________

Баяндауыш ═════════

Анықтауыш

Толықтауыш                         

пысықтауыш -.-.-.-.-.-.-.-.-.-.-

6.2. Жай сөйлемді талдау

Талдау реті:

1.Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта

2.Сөйлемнің түрін анықта:

- айтылу сазына қарай

-құрылымына қарай

-сөйлем мүшелерінің қатысына қарай

3.Сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді тауып, шартты белгілермен көрсет.

5.Сөйлемді сызбамен көрсет.


6.3. Құрмалас сөйлемді талдау

Талдау реті:

1.Сөйлемді оқып, онда қандай ой айтылғанын анықта

2.Сөйлемнің түрін анықта:

- айтылу сазына қарай

-құрылымына қарай

-мағынасына қарай (құрмаластың қай түріне жатады: қарсылықты, шартты, түсіндірмелі және т.б.)


12

-жасалу тәсіліне қарай (салаласып тұр ма, сабақтасып тұр ма; қандай жолмен құрмаласып тұр)

- құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемнің құрамын сызбаға түсір.


Деңгейлік тапсырмалар


Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз деңгейін өзі айқындау арқылы өзін-өзі дамытуына, бағалуына мүмкіндік туғызады. Мұнда оқушының тілдік қабілеттері, тапсырманы орындау мүмкіндіктері, осыған дейін меңгерген білім деңгейлері ескеріледі. Оқушының жеке бас қабілеті мен психологиялық ерекшеліктері негізге алынады. Оқушының қалауы бойынша орындауды талап ететін деңгейлік тапсырмалар оқушының өзін-өзі бағалуына да жол ашады. Деңгейлеп оқыту тапсырмалары арқылы тілдесім әрекеті дамытылады, сөйлеудің функционалдық стильдері меңгертіледі.

І деңгей - оқушылық деңгей. Онда оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады. Мұнда тақырыпты оқушының қабылдап және оны саналы түрде қайталап беруі талап етіледі.

ІІ деңгей – алгоритмдік деңгей. Мұнда алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек алынады, тапсырмалардың құрылысы мен мазмұны күрделенеді.Мұндағы тапсырмалар бір-бірімен тығыз байланыста болып, жүйелі түрде алғашқысынан кейінгісідамытылған түрде, кейінгісінен соңғысы тереңдетілген түрде беріледі.

13

ІІІ деңгей – ізденімдік деңгей. Жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы білімдері жетілдіріліп, тереңдетіліп өз ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады. Мұнда оқушы өзін шағын зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын ізденуші ретінде сезінеді, жаңа материалдың қыр-сырын өз бетімен таниды.


ІҮдеңгей –шығармашылық деңгей. Оқушы шығармашылық жұмыспен айналысады, жаңа материал туралы түсінігін, оның негізгі белгілерін, қолданылу аясын, кеңейтілген білімін шығармашылық жұмыстарда қолданады. Шығармашылық деңгейде оқушы интеллектуалдық ойлау дәрежесінің өскендігін дәлелдейді.


Етістікке байланысты деңгейлік тапсырмалар


І деңгей.

1.Сөйлемдерден етістіктерді тауып, теріп жаз.

Арман күрт өзгерді. Оны мұнан екі-үш ай бұрын көргендер танымай да қалды. Сыныпта басын көтеріп жүретін Арманбектің енді дыбысы да шықпайды. Ол бұрын кез келген баламен алысып-жұлысып ойнап кете беретін.

2.Негізгі етістіктің астын түзу сызықпен, туынды етістіктердің астын ирек сызықпен сыз.

Бер. Баста. Оқы. Сула. Жаздыр. Тұр. Жат. Көгер. Байы. Білдір. Күшей. Міне. Күл. Отыр. Гуле. Шаш





14

ІІ деңгей.

1.Төмендегі болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр.

Болымды

Болымсыз

Көр


Бар


Жүр


Оқы


Кет


Күл


жүгір



2.Төмендегі сөздерді салт, сабақты етістіктерге ажырат.

Салт:

Сабақты:

Сұра, шық, кет, төк, отыр, анықта, байқа, қайт, тыңда, жаса, шарла, біл, тара, іл, апар, оқы.


ІІІ деңгей.

1.Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, мақалдарды толықтыр.

1)Тіл тас...

Тас..., бас...

2)Ер бір..., ез мың...

3) Өнерлі өрге...


ІҮ деңгей

Етіс түрлерін қатыстырып, «Менің арманым» атты ой-толғау жаз.


15


ІІ бөлім

Шығармашылық жазба жұмыстары


«Сөйлей білу – ойлай білу» деп жоғарыда айттық. Олай болса дұрыс ойлау, дұрыс жазуға мүмкіндік тудырса керек. Меніңше, әрбір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе, дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да, дұрыс сөйлей, әсіресе дұрыс жаза білмейді.

Қазақтың «сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс; Ойлауың дұрыс болғанмен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Соның сияқты ойлағаныңды жазып үйренбесең, тағы болмайды. Сөйлеуді адам коллектив ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп, үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды ойлай-үйрене алмайды. Біз бұл өмірде жазу дегеннің өзін екіге бөлеміз:

1) қалай болса солай, естіген-естігенінше, айтқан-айтқанынша жазу бар;

2) мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар» (С.Аманжолов)

Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас, тіршілік құралы болып келеді. Отбасынан бастап, тілдің қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ал атам заманнан қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға аян. Бабаларымыздың «Өнер алды – қызыл тіл», «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек.

16


Шығарма


Шығарма– оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен

еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі.Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой – пікірі,көзкарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Шығарма жазуға қойылатын басты талаптардың бірі – шығарма мазмұнының логикалық реттілікпен берілуі.


Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:

1.Оқушының өз тәжірибесінде, алған әсеріне байланысты.

2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.

3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.

Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.

Шығарманың құрылысына назар аударғанда мына схемалық жүйені есте сақтау керек:

1.Әңгіме түріндегі шығармалардың схемасы:

1.Кіріспе ( экспозиция)

2.Негізгі бөлім

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері

б) шешілуі

3. Қорытынды ( эпилог )


2.Талдау түріндегі шығармалардың схемасы:

1.Кіріспе (тақырыпқа жүктелген міндет) бөлімі.

17


2.Негізгі бөлім.

а) тақырып көтерген мәселе

б) ұсынылған дәлелдер

б) цитат түріндегі мысалдар

в) Өзіндік ойлар

3. Қорытынды.


Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:

1.Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.

2.Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.

3.Эпиграф -шығарманың негізгі идеясын ашып көрсететін қысқаша дәйектеме. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуга сәйкес алынуы керек.

4.Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу қажет.

5.Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.

6.Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте сақтау қажет.

7.Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу керек.

8.Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.

9.Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау керек.

10.Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.


18


Түрлі жанрдағы шығармалар


Шығарма-сипаттама

Шығарманың ең көп тараған бұл түрі образдар жүйесі бойынша ғана емес, жекелеген қаһармандар бойынша да оқушының терең пайымдауын талап етеді. Шығармадағы сюжеттің дамуындағы мінездердің даму эволюциясын жіті қадағалай отыра, лирикалық қаһарманның тұлғасын сипаттайтын жеке, өзіне ғана тән, қайталанбас қасиетін анықтап алу керек.


Шығарма-әдеби портрет

Әдеби портрет – шығармашылық жанрлардың бірі, адамның «портретін» еркін ашуды қарастырады. Бұл жанрда материалды беруде эмоция арта түседі.


Шығарма-этюд

«Этюд – белгілі бір сұрақ төңірегіндегі сыни немесе басқа сипаттағы шағын шығарма»

Шығарма-рецензия

Шығарма-рецензия – өнер туралы (әдебиет, спектакль, кино) терең пайым айтылған сын мақалының түрі. Жұмыста айтылып отырған туынды туралы талдау, пайымдау, пікір берілу керек.

Шығарма – әдеби шолу жасау

Мұнда бір немесе бірнеше жазушының, ақынның шығармаларына қысқаша тоқталады. Егер оқушы бір немесе бірнеше шығармаға терең талдау жасай отырып, автор көтерген мәселеге тоқталса, бұнда жаңа жанр – әдеби –сын мақала туындайды.


19


Шығарма-күнделік

Оқушыға шығарманың бұл түрін таңдамас бұрын ұлы адамдардың жазған күнделіктерін оқып шығуға ұсыныс жасалады.

Күнделікті І жақта жазады. Күнделік шығармада шығармашылық фантазия мен қиялға басым көңіл бөлінеді. Сондай-ақ күнделік шығармада уақыты – күні, айы, жылы көрсетілген қысқаша жазбалар, белгілі бір адамдармен кездесулер, болған оқиғалар жайындағы өзінің ой-пікірлері де беріледі.

Шығарма-хат

Мұнда оқыған шығарма туралы ойлары, белгілі бір мәселе төңірегіндегі ақыл-кеңес сұрауы, оқыған кітабындағы бас қаһарман туралы өзінің көзқарасы қамтылады.Бұл шығармада хат жіберілген адам мен жазған адамның мекен-жайларын көрсету, хат соңында қоштасу мәніндегі қолтаңбасыболуы міндетті.


Сұхбат-шығарма (диалог) оқушының қарым-қатынас жасау мәдениетін жетілдіреді. Диалогтік сөйлеу мәдениетін, монологтік сөйлеуін дамыта отырып, тақырыпты еркін әрі терең білуіне мүмкіндік жасайды.


Шығарма-эссе

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау)- философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін біріші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

20

Эссе екіге бөлінеді: 1)субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

-Жеке көзқарастың көрінісі

-Фактілі дәлелдер (аргументтер)

-Теоретикалық негіздеме

-Терминдерді қолдану

-Цитаталарды келтіру

-Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу

-Логикалық заңдылықтың сақталынуы

-Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану

-Сауаттылық (пункт., орфогр.)


Реферат

Реферат дайындау мақсаты – тақырыпты толық меңгеру, түсіну, зерттеу. Реферат арқылы таңдаған немесе ұсынған тақырып бойынша ақпараттар жүйеленеді,талданады, салыстырылады, жалпыланады, қорытынды жасалынады. Ол үшін мәлімет бірнеше ақпараттардан алынғаны маңызды

Реферат – белгілі бір тақырыпқа берілген шығарма емес, қызықтырған сұрақ бойынша алынған ақпаратқа шолу жасап, талдау жүргізу жұмысы..Реферат таңдауда өзінді қызықтырған тақырыпты алған дұрыс. Және де Интернет ақпаратымен ғана қолданылуға болмайды.



21

Егер сізге бір кітап немесе мақаладағы ой ұнап қалса, оны цитата түрінде рәсімдеуге болады. Ол үшін автордың аты-жөнін, қай кітаптан, мақаладан алынғанын, беттің нөмірін көрсетесіз.

Рефераттың құрылымы:

1.Титул парағы

2.Мазмұны мен жоспары

3. Кіріспе бөлімі

4. Негізігі бөлімі

5.Қорытынды бөлімі

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Титул парағында бет нөмірленбейді, әр бөлім жаңа беттен басталады. Қажетті Материал негізгі бөлімде айтылады, қорытынды бөлімінде жалпы қорытынды жасалып, алғашқы ақпаратпен келісуі немесе келіспеуі жайында, және де осы тақырып бойынша өз пікірі айтылады.

Оқушы жазатын реферат көлемі – 5-10 бет.


Оқушыға ұсыныс:

Реферат жазып болған соң, оны қайтадан оқып, оның дұрыс құрылғанына, мәліметтердің нақтылығына назар аудар. Реферат нақты, анық және түсінікті жазылуы қажет.


Жобалау-бағдарлау технологиясы

Ақпараттық, зерттеулік, шығармашылық, тәжірибе-бағдарлық жобаларды сапалы түрде жасап, ақпараттық көздерді кеңінен қолдана білуден тұрады. Жобалау технологиясының негізін салушы американдық философ-педагог Джорж Дьюи. Жоба- «іс-әрекет жасау арқылы оқыту» деген ұғымды білдіреді. Жобалау-бағдарлау

22

технологиясының негізінде оқыту моделі- бұл оқушы тұлғасына бағытталған, жоспарланған оқытудың түрі. Әрине бұл модель оқушы тұлғасының болашағына, өмірден алған тәжірибесі мен мәселелердің сабақтастығына бағытталған. Сондықтан болар осы технологияның «Барлығы өмірден және барлығы өмірге» деген ұраны интерактивтік, ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы жобалау әдісімен таным үрдісінде зерттеулер жүргізіп, қоршаған ортаны зертхана ретінде қолданып, қорытынды шығаруға жетелейтін технология.

Мақсаты:

  • Оқушыларды өздігінен іздену-зерттеу тәжірибесіне жұмылдыру үшін қажетті жағдайларды жасау

  • Білім үрдісінің барлық қатысушыларын: оқушылар мен ата-аналарды, мұғалімдерді, әкімшілікті біріктіру


Жобалау әдісі бойынша оқытудың сипаттамалары


1. Өзектілік.Оқушылардың дамуын қамтамасыздандыру үшін өзектілік жинақтық жобаларға олардың белсенді түрде қатысуларына негізделеді

2. Тапсырмалар мен талаптар оқушыларды күрделі міндеттерді орындауға ынталандырады

3. Оқытудың қызықтыру сипаты. Білім беру барысында оқушылардың «оқимын» деген ішкі қалауы, маңызды жұмыс жасау қабілеті және жасалған жұмыстардың бағалануы

4. Оқытудың пәнаралық сипаты. Оқушылар өз жобаларында әртүрлі пәндермен өзара байланысқан тапсырмаларды орындауы

5. Шындығы мен растығы.

23

6. Өзара жұмыс жасауға ынталығы

7. Позитивтік ынта


Оқыту, зерттеу үрдісінде мұғалім мен оқушының рөлі неде?

Мұғалім:

  • мақсат, міндет қояды

  • оқушымен бірлесіп, мәселе қалыптастырады

  • идеялар ұсынады

  • берілген шаблон бойынша жобаны суреттейді

  • кеңес беруші, сарапшы, менеджер рөлін атқарады,оқушылардың іс-әрекет жетістіктерін және шығарған қорытындыларын бағалайды, әртүрлі сайыстарға жобаларды ұсынады

Оқушы:

  • мәселені талқылайды

  • міндеттерді қалыптастырады

  • жоспарлайды

  • қажетті ақпаратты таңдап, жинайды

  • зерттеу әдістерін іздестіреді

  • өздігінен жинаған мәліметтерін талдайды

  • аралық қорытындыларды талқылайды

  • мультимедиялық презентация, фильм, шығармашылық есеп жасап қорғайды


Жоба жазу мен рәсімдеудің алгоритмі

  • мәселе

  • мақсат

  • міндеттері

  • өзектілігі

  • зерттеу объектісі


24

  • зерттеу пәні

  • болжам

  • зерттеу әдісі

  • күтілетін нәтиже


Зерттеу жұмысының құрылымы

  • титул парағы

  • мазмұны

  • кіріспе бөлімі

  • негізгі бөлім: зерттеу әдісі, зерттеуді ұйымдастыру, нәтижелер

  • Қорытынды бөлім

  • Әдебиет тізімі

  • Қосымша


Жобалардың классификациясы:

  • оқушылар санына байланысты жоба жеке немесе топтық болады

  • оқу пәні мен мазмұнына байланысты бірпәндік немесе пәнаралық болады

  • қатысушылар құрамына байланысты әртүрлі жастағы оқушылар, жалпымектептік, мектепаралық, халықаралық болады

  • жоба қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді

Қысқа мерзімді жобалар мерзімі- 1 апта

Орта мерзімді жобалар-1-4 апта

Ұзақ мерзімді жобалар-4 аптадан 1 жылға дейін


Жоба жұмысының қорытындысы-жазбаша немесе ауызша есеп, мультимедиялық презентация, фильм, қойылым. Интернет жүйесіндегі бет, дайындалған макет, модель ретінде көрсетіледі.

25

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мәселені көре білу қажет. Мәселе деп күрделі сауалдарды, міндеттерді, зерттеу кезінде кездескен қиыншылықтардың өз шешімін табуын алуға болады.

Оқушыға ұсыныс:

  • зерттеу үшін белгілі бір тақырыпты таңда

  • алдын-ала жоспар құр

  • өзі-өзіне сұрақ қой «Осы проблема бойынша мен не айта аламын? Мен қандай идея білдіремін?»

  • бақылау жаса

  • мәтінді қайта оқы

  • интернетті қара, қосымша материалдар жина

  • мұғаліммен, достарыммен ақылдас

  • қорытынды жаса.



















26

Қолданылған әдебиет:


1. ҚР бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2010 ж.

2.Қазақ тілі оқу бағдарламасы, 5-9 сыныптарына арналған. Астана, 2010

3.А.Исабаев. Қазақ тілі дыбыс жүйесінің негіздері. А.,1998 ж.

4.Ә.Ысқақов. Қазақ тілін оқыту. А.,2002 ж.

5.Х. Арғынов. Қазақ тілінің синтаксисі. А.,2004 ж.

6. Н.Оралбаева. Қазақ тілін оқыту. А,.1995 ж.

7. Н.А. Оразахынова. Сатылай комплексті талдау (сөзжасам, морфология) А., 2000 ж.

8. Қ. Қадашева. Қазақ тілінен оқыту әдістемесі.

А., 2005 ж.

9. Т.Қ. Жұмажанова. Әдебиетті оқыту әдістемесі.

А., 2009 ж.

10. М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. А., 2002

11. А.С. Тен «Открытая школа» ҚР журналы №6 2007ж. «Проектно-ориентированное обучение в образовании»











27

Мазмұны


Алғы сөз ...............................................................................3

І бөлім. Қазақ тілі сабақтарында жүргізілетін талдаулар үлгілері

1.Фонетикалық талдау.........................................................4

2.Лексикалық талдау............................................................5

3.Сөзді құрамына қарай талдау...........................................6

4.Сөздерді сөзжасам тұрғысынан талдау...........................7

5.Морфологиялық талдау ....................................................8

5.2. Зат есімді сатылай комплексті лексика-граммтикалық талдау...........................................................9

5.3. Сын есімді сөз құрамына, лексика-граммтикалық мағынасына сатылай комплексті талдау..........................10

6. Синтаксистік талдау.......................................................11

6.1. Сөйлем мүшелеріне талдау.........................................11

6.2. Жай сөйлемді талдау...................................................12

6.3. Құрмалас сөйлемді талдау..........................................12

Деңгейлік тапсырмалар......................................................13

Етістікке байланысты деңгейлік тасырмалар...................14

ІІ бөлім. Шығармашылық жазба жұмыстары...............16

Шығарма.........................................................................17-21

Реферат.................................................................................21

Жобалау –бағдарлау технологиясы.............................22-26

Қолданылған әдебиеттер...................................................27








28

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ