Материалдар / Талдау үлгілері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Талдау үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен талдау үлгілері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2024
44
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ФОНЕТИКА

42 әріп,37 дыбыс

    1. Я = й+а

    2. Ю= й+у дифтонг (екі дыбыстан тұрады)

    3. Ё= й+о

    4. ь -әріп

    5. ъ-әріп

Дыбыс

Дауысты дыбыс Дауыссыз дыбыс

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Тілдің қатысына қарай

Жақтың қатысына қарай

ашық

қысаң

Жуан

а


о

ұ

у

ы

жіңішке

ә

е/э

Ө

ү


і

и

Ерін мен езудің қатысына қарай



Езулік



Еріндік



Езулік

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

  1. Үн мен салдырдың қатысына қарай:1.қатаң,2.ұяң,3.үнді

  2. Айтылу жолына қарай:1.шұғыл,2.ызың,3.ауыз жолды,4.мұрын жолды,5.діріл

1.Қатаң

п

ф

к

Т

қ

Ғ

ш

с

х/һ

ц

ч

щ

2.Ұяң

б

в

Г

д

ж

З






1.шұғыл

2.ызың



3.Үнді

м ,н, ң

й ,л,у

р


3.Мұрын жолды

4.Ауыз жолды

5.діріл

  1. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай:

  1. Ерін: б,п,м

  2. Тіс: з,с,ж,ц

  3. Ерін мен тіс: в,ф

  4. Тіл алды: л,н,р,ш,щ,ч

  5. Тіл ортасы:к,г

  6. Тіл арты: қ,ғ,ң,х

  7. Тіл мен тіс: т,д

  8. Көмей: һ

«Отбасы» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме беру





Берілгені: отбасы (Сөзде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз бізден сұрайды).

Шешуі:6.0=3 (а,о,ы)+3 (т,б,с)

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда,өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай ауа еркін шығады.

Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда, ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

Тілдің қатысына қарай:

3 = 3( а,о,ы) тіл арты немесе жуан

Тіл алды немесе жіңішке 0

Себебі ,бұл дыбыстарды айтқанда, тілдің ұшы сәл артқа қарай тартылып,үсті сәл дөңестенеді.

Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:

3 = 1 (а,о) ашық

2 (ы) қысаң.

Себебі, бұл дыбысты айтқанда, жақ кең ашылып ауа еркін шығады.

Себебі ,бұл дыбысты айтқанда, жақ тар ашылып,ауа қысылып шығады.

Ерін мен езудің қатысына қарай:

3 = 1 (о) еріндік

3 (а,ы) езулік

Себебі ,бұл дыбыстарды айтқанда, ерін дөңгеленіп,алға қарай сүйірленеді.

Себебі ,бұл дыбыстарды айтқанда, ерін жиырылып,езу артқа қарай тартылады.

Үн мен салдырдың қатысына қарай:

3= 2 (с,т)қатаң (тек салдырдан тұр) +1(б)ұяң (үннен гөрі салдыр басым)

үнді

Айтылу,жасалу тәсіліне қарай:

3 = 2 (т,б) шұғыл +1 (с)ызың

Діріл + а.ж+м.ж

Себебі бұл дыбыстарды айтқанда ,дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып,ауа сүзіліп шығады.

Себебі бұл дыбыстарды айтқанда, ауа ауыз арқылы шығады.

Себебі бұл дыбыстарды айтқанда ,ауа мұрын арқылы шығады.

Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай:

3=1 (б) ерін + 1(с) тіл +1 (т) тіл мен тіс













Сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасаудың үлгісі



  • Әлеуметтік

1. Бұл сөз айтылу,жасалу,жазылу жолдарына қарай – жіңішке буынды сөз.Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жіңішке дауыстылар.

2. Бұл сөз: ә-леу-мет-тік болып төрт буынға бөлінеді.Себебі сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар.

Ә- ж.а.б.Себебі ә- буыны жалғыз дауысты дыбыстан тұр.

леу,мет,тік- буындары б.б.Себебі буындар дауыссыздардан басталып,дауыссыз дыбыстарға аяқталып тұр.

3. Бұл сөз төрт буыннан тұрғанымен 

Әлеу- әлеумет-

меттік тік

болып екі жағдайда ғана тасымалданады.

Себебі жалғыз дауысты дыбыс жолдың екінші жағына қалдырып кетуге болмайды.Тасымал буын жігіне сәйкес емес.

4. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты.Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады.Сондықтан бұл сөзде екпін – тік- буынындағы - і- дауысты дыбысына түсіп тұр.

  • Әлеуметтік

5. Сөзде түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар. Себебі түбірдің соңғы буыны мет жіңішке болғандықтан оған жалғанатын қосымшаның да жіңішке –тік нұсқасы келіп тұр.Сондықтан біз оның –тық нұсқасын алмаймыз.

  • ӘShape1 леумет+тік (-тық)

    1. Сөзде дыбыс үндестігі ,түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар.Себебі түбірдің соңғы дыбысы – т- дауыссыз дыбыс қатаң болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының –т- қатаңнан басталуын талап етіп тұр.Сондықтан біз оның ұяңнан басталатын – дік ,үндіден басталатын –лік- нұсқаларын алмаймыз.

  • ӘShape2 леумет+тік (-лік)

























Морфологиялық талдау

БShape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 үгін



1Shape12 . Бұл сөз екі құрамды: бұл+күн.

2Shape13 . Тұлғасына қарай Бүгін– туынды түбір. Неге?

Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап,кірігуінен жасалған туынды сөз.

3Shape14 . Құрылысына қарай – күрделі,кіріккен сөз. Неге?

Себебі,ритм- ырғағы жағынан бірұдай,лексика-семантикалық жағынан біртұтас,лексика- грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып,кірігіп тұрақталған құрама сөз.

4Shape15 . Сөзде бір лексикалық ,бір грамматикалық мағына бар.

5Shape16 . Лексикалық мағынасы – іс-әрекеттің мезгілін білдіріп тұр.

6Shape17 . Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – үстеу.

7Shape18 . бүгін– қашан?деген сұраққа жауап береді.Ендеше, бұл – үстеу.

Үстеу дегеніміз – сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін,сипатын,жай-күйін білдіретін,өзгертуге келмейтін, грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөз.

8Shape19 . Мағынасына қарай – мезгіл үстеуі. Неге?

Себебі, қимылдың ,іс-әрекеттің мезгілін,мерзімін білдіріп тұр.



Синтаксистік талдау

  • Ғалымның хаты өлмейді.

  • 1.1Сөйлемде бір тыныс белгісі бар.Ол (.)

  • 1.2 Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем.Себебі ой баяндай жеткізіліп тұр.

  • 1.3 Құрылысына қарай жай сөйлем.Себебі бірнеше сөзден құралып келіп,бір ғана тиянақты ойды білдіріп тұр.

  • 1.4 Жай сөйлемнің түрлері.

  • 1.5Сөйлем мүшесіне қарай талдаймыз.

  • а) хаты не істемейді? – өлмейді – дара,болымсыз етістікті, (-ді) жіктік тұлғалы баяндауыш.

  • Ә) өлмейді несі? – хаты – дара,зат есімді, (-ы) тәуелдік тұлғалы бастауыш.

  • Б) Кімнің хаты ?- ғалымның – дара,зат есімді ,(-ның) ілік тұлғалы анықтауыш.

  • 1.4 а) жайылма,себебі сөйлемде тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар.

  • Ә) толымды.Себебі ойға қатысты сөйлем мүшелері толық.

  • Б) Жақты.Себебі сөйлемнің бастауышы бар және ол айқын.











Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес.

  Ж. Аймауытов

Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. 
А.Байтұрсынов


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!