Материалдар / Тәлім сәті Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәлім сәті Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәлім сәтін өткізуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
416
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тәлім сәті

Жыр алыбы - Жамбыл

Тоғжан: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!


Әділет: Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жүз жыл жырлаған - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәлім сәтіне хош келдіңіздер!

Мансұр; Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

                        Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

                        Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,

                        Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

                        Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

                        Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

                        Көтерген көкке төбе тірелгенше,

                        Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Жансезім: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр.

Бекнұр: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

Тоғжан: Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Әділет: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

Мансұр: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. .Анасының аты: Ұлдан, Әкесінің аты: Жапа. Әкесі Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.

Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген. Сүйінбайды өз өлеңдеріне қосып жырлаған.

Жансезім: Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай.

Сырлы сұлу сөздері –

Маған тартқандай сыйындай!

Сөз келеді бұрқырап,

Қара дауыл құйындай!

Екпініме кезікен

Кетер ме екен жығылмай!

Бекнұр:  Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын.

Тоғжан : Жамбылдың алты ұлы болған, Үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. Соғыста жүрген баласына арнап «Балама хат» өлеңін жазды.

Әділет:

Балама хат

Хатыңды, ботам, оқыдым,

Халіңді білдім сапардан.

Қуанып саған отырмын,

Гвардеец атанған.

Сұраншы, Саурық секілді

Болыпсың, балам, қаһарман.

Қайтарма жаудан бетіңді,

Қаптаған қолға қасарған...

...Аянба , балам , аянба!

Бәлекет сонда аршылар.

Алғадай, ылғи алда бол,

Аянған адам болмақ қор!

Бәйгеге барып тігемін,

Сендерге арнап осы жол.

Достарыңа осыны айт:

Жауларыңды жеңіп қайт!

Бекнұр: 1943 жылы Алғадай ерлікпен қаза тапты деген қара қағаз келеді.

Сондағы Жамбылдың өлеңі

: « Алғадай туралы әрбір ой»

Түнеу күні кеткеннен

Ғали жңа келдің бе?

Алғадайдың мүрдесін

Жол - жөнекей көрдіңбе?

Топырағың торқа боп,

Тыныш ұйықта, дедің бе?

Қадай қиып қалдырдың

Қарт әкеңді дедің бе?

Елжірейді өзегім,

Ауырады белім де...

Қала болып көзелім,

Халім қиын менің де.

Жансезім: Алғадай майданға аттанғаннан кейін 7 күннен соң, Жамбылдың ұрпағын жалғастырар өмірге ұл бала келеді. Немерелі болып, атын ырымдап Қуаныш қояды. Жамбыл осы немересіне алданып, өзін жұбатып « Атаның әлдиі» атты өлеңнің шығарады.

Тоғжан:

Атаның әлдиі

Ал, Қуаныш, Қуаныш,

Сені етейін жұбаныш.

Алғадайым өлгелі

Боп кетіп ем жылағыш.

Ермек болып отырсаң,

Мен бір әнге салайын.

«Ата, ата» деп келгесін,

Айналайын, алайын.

Ақ бетіңнен өпкен соң,

Жүрегімді жамайын.

Көңілімді шат қылсаң,

Көтеріліп қалайын!

 Мансұр: Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

Әділет: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.Мұхтар  Әуезов  Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге  ұқсамайтын дара , оқшау бет – бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің  де, ақыны деген.

Жансезім:    Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, деген екен С. Сейфуллин.

Бекнұр:  Ал Ілияс  Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың деген.    

Тоғжан: Сәбит  Мұқанов   Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген

 

Мансұр:  Жамбыл – өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады.

 

Жансезім:  Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. 

Әділет :  Осымен қадірменді «Жыр алыбы - Жамбыл» атты тәлім сәтмз аяқталды. Назар салып тамашалағандарыңыз үшін Рахмет!!!

 











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!