Материалдар / Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер

Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар 9-сынып бойынша Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы курсынан "Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер" тақырыбына дайындалған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әдіс тәсілдер арқылы жоспар құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1154
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: А.Саянова

Пән мұғалімі: Паттеева Мақпал
Сыныбы: 9 ә Күні: 30. 01. 2017 ж

Сабақтың тақырыбы
35-36.Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері

Сабақтың оқыту-дағы мақсаты
Оқушылар агроөнеркәсіптің үшінші буыны болып табылатын тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің құрамы және орналастыру факторлары мен географиясы туралы оқып үйренеді.

Оқып үйренудің нәтижесі
Оқушылар тамақ және жеңіл өнеркәсіптерінің құрамын біледі.
Өнеркәсіптерді орналастыру факторлары мен географиясы туралы айта алады және картадан көрсете біледі.
Еліміздегі жеңіл және тамақ өнеркәсібі және оның болашағы туралы өз ойларын жеткізе алады.

Оқытуда қолда-нылатын әдіс -тәсілдер
Ашық сұрақтар
Баламалы тест
Ой қозғау
ББҮ әдісі
Топтық жұмыс
Толықтыру тесті
Оқулық тапсырмаларымен жұмыс
Екі жұлдыз, бір тілек

Негізгі дерек көздер
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы оқулығы. Авторлары: В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зәбенова Атамұра баспасы. 2013 ж . 35-36. 241-250 бет.

Ресурстар
Тарапта дидактикалық материалдар, Қазақстанның физикалық картасы, слайд, электронды оқулық.


Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа деген назарын аударту. Сынып оқушыларын түгелдеу, сынып тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына көңіл бөлу.

Алдыңғы білім
Мал шаруашылығы

Кезең
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын тексеру
10 минут

Мал шаруашылығы тақырыбы бойынша үй тапсырмасы ашық сұрақтар, баламалы тест арқылы пысықталады.
Оқушылар үй тапсырмасы бойынша таратылған тапсырмалар орындап, тақтадан дұрыс жауабын өздері тексеріп отырады.




№1 тапсырма. Ашық сұрақтар
Мал шаруашылығының құрамы (ірі қара, қой, жылқы, түйе, құс, марал, ара, балық, шошқа, құс, жібек құртын өсіру)
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторлары (жемшөп базасы)
Жемшөп базасын нелер құрайды? (жайылымдықтар, шабындықтар,азықтық дақылдар егістіктері)
Қой шаруашылығының негізгі бағыттары (биязы және қылшық жүнді)
Қазақ халқының дәстүрлі кәсібі (жылқы шаруашылығы)
Марал шаруашылығының басты өнімі (бұғының жас мүйізі)
Шөлді және шөлейтті зонадағы дамыған мал шаруашылығының түрі (түйе шаруашылығы)





№ 2 тапсырма. Баламалы тест

Мазмұны
Ия
Жоқ

1.
Жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы мал шаруашылығының құрамына кіреді
+


2.
Мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторы – еңбек ресурсы

+

3.
Қазақстандағы мал басының 3\5 бөлігі еліміздің Батысы мен Шығысында өсіріледі.

+

4.
Еділбай қойлары ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді.

+

5.
Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан- Оңтүстік Қазақстан.
+


6.
Еліміздегі жылқылардың негізгі бөлігі Батыс пен Шығыста өсіріледі.

+

7.
Түйе саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарын ерекше атауға болады.

+

8.
Шошқа өсірудің негізгі ауданы- Солтүстік.
+


9.
Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзені аңғарында пайда болды.
+


10.
Құс шаруашылығы – өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығының алғашқы саласы.
+



Оқушылар, тапсырмаларды орындап болсақ тақтадан дұрыс жауабын қарап тексерейік.
Жергілікті жердегі ауыл шаруашылығына салаларына мысал келтіру.
Ой қозғау.
Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз не ? (оқушылардың пікірі тыңдалады)

Оқушылар жаңа сабақты бастамас бұрын ББҮ әдісі арқылы агроөнеркәсіптік кешен туралы мәліметтерді еске түсірейік.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім






Білемін
АӨК – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және тұтынушының пайдалануына болатындай дайыын өнім дәрежесіне жеткізіп ұқсататын шаруашылықтың өзара байланысты салаларының жиынтығы.


















Ауыл шаруашылығының басты салалары
Өсімдік шаруашылығы
Мал шаруашылығы

Дәнді дақылдар:
-бидай, арпа, жүгері, кұріш, сұлы, қарақұмық, тары, қара бидай.
Техникалық дақылдар:
-мақта, қант қызылшасы, күнбағыс, картоп.
Көкөніс:
- қызанақ, қияр, бұрыш, баклажан.
Бақша:
-қауын, қарбыз, асқабақ.
Бақ-жүзім:
-алма, алмұрт, жүзім, т.б.
Ірі қара, жылқы, түйе, қой, шошқа, құс, ара, бұғы, т.б.



Мағынаны тану
20 минут
Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі таныстырылады.
Оқушылар, жаңа тақырып бойынша кестеміздің Білгім келеді бағанын толтырамыз :
Жеңіл өнеркәсіптің салаларын;
Тамақ өнеркәсібінің салаларын;
Орналастыру факторлары мен географиясын.
Жаңа сабақты меңгеру үшін сыныпты 3 топқа бөліп топтық жұмыс жасаймыз. Топтар төмендегі тақырыптарда мәтінмен танысып, постер қорғайды.
1-топ. Тамақ өнеркәсібі
2-топ. Жеңіл өнеркәсіп
3-топ. АӨК-нің аумақтық орналасуы
№ 1 мәтін. Тамақ өнеркәсібі.
Бұл өнеркәсіптегі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.




Көптеген тамақ өнеркәсіптері көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.
Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор -шикізатжәнетұтыну.Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.






Мысалы , 1 т күнбағыс майын алуға 2-3 т күнбағыс дәні, ал май алуға 5-5,5 т мақта дәні қажет. Ондай кәсіпорындарды көбінесе шикізат өндіретін аудандарда орналастырады.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға -қант өнеркәсібі(,Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде тәтті өнімді дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.
Шикізат базаларынамай айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (), мақта мен мақсары өсірілетін () аймақтарда орналасқан.мензауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.
Жеміс-көкөнісөнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлікоңтүстігінде, әсіресе,орналасқан.
Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.
Саланың басты кәсіпорны - Атыраубалык АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.
Тұтынуорындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.
Нан пісірукөптеген елді мекендерде бар.Кондитер, макарон өнімдеріөндірісінің де кеңістікте таралу бейнесі осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі -мен, шай -, макарон өнімдері -қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді.Ұн тартатын өнеркәсіптерастық өңдеумен айналысады.
Сүт өнеркәсібініңбастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы,май шайқау(мал майы және сары май дайындау) менірімшік жасаукеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең сүтті аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі.
Ет өнеркәсібініңорналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға бекітілсе, ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.
№ 2 мәтін. Жеңіл өнеркәсіп.
Жеңіл өнеркәсіптіңмақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.
жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір шешімін таппаған сала болып есептеледі.















Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері -тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеусалалары.
Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу бейнесін көрсетеді.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала -мата тоқусаласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).
1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтанбастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізаткөздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.
Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) орналасқан.
Жүн өнеркәсібімардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары
Оңтүстікте ( және т.б.) және Шығыста (), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (маңында), мен орналасқан. Тоқыма өнеркәсібіндеерекше орын алады.




Былғары, аяқ киім және тері өңдеуөнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары – Өтеген батыр (), , зауыттары. , , , аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.
Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы -тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Восход сияқты ірі фабрикалар да бар.

№ 3 мәтін. АӨК-нің аумақтық орналасуы.
АӨК географиясы табиғи, еңбек және экономикалық факторлар арқылы қалыптасады. Табиғи жағдайлар әр ауданның ауыл шаруашылық мамандануын анықтайды. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен тамақ өнеркәсібіне әсерін тигізеді.
Ауыл шаруашылық мамандануы еңбек қорларына байланысты. Олар тығыз орналасқан жерлерде еңбек көп қажет ететін, ал аз қоныстанған жерлере көп жұмыс күшін көп қажет етпейтін салаларды орналастыруға болады. АӨК жұмысында халықтың тарихи қалыптасқан дағдысы да үлкен рөл атқарады.
Ауыл шаруашылығы жеңіл және тамақ өнеркәсібімен тығыз байланысты, ал оның өнімін негізгі тұтынушылар – қалалар. Сондықтан АӨК орналасуының негізгі ұстанымы – шикізат өндіріп, оны өңдейтін және дайын өнімді тұтынатын ауандарды жақындастыру.
Қазақстанда АӨК-нің маманданған салалары астықты мал шаруашылығы (Солтүстікте), мақта өсіретін (Оңтүстікте), қой өсіретін (Батыс пен Орталықта) және т.б. шаруашылықтары орналасқан. Ең бастысы, олар табиғи зоналармен сәйкес келеді. Бірақ бұл сәйкестік үнемі тлық емес.
Сен білесің бе? айдарының мәтінімен 3-топ жұмыс жасайды
Кестенің Үйрендім бөлігін толтыру.

Бекіту сұрақтары
10 минут
№ 3 тапсырма. Толықтыру тесті
Тамақ өнеркәсібі ----------- және ------------ ғана орналаспайтын сала.
Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор ----------және----------.
Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде ----------- ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие.
Еліміздің ең сүтті аудандары - ------------- пен ----------------.
Ең ірі кондитер өндірісі ---------мен---------, шай -------------, макарон өнімдері - --------------- қаласында орналасқан.
Жеңіл өнеркәсіп экономикадағы ең бір --------------сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан ------ және көбінесе --------- қызметінің саласы.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, -------, ------- өңдеу болып табылады.



Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы --------------.
Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары – ------- -----, ----------, --------- зауыттары.



Толықтыру тестінің жауаптары:
1.Тамақ өнеркәсібі ең жалпы халықтық және тек қалада ғана орналаспайтын сала.
2.Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор -шикізатжәнетұтыну.
3. Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнеркәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие.
4.Еліміздің ең сүтті аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік.
5. Ең ірі кондитер өндірісі -мен, шай -, макарон өнімдері -қаласында орналасқан.
6. Ол экономикадағы ең бір шешімін таппаған сала болып есептеледі.
7. Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан таза және көбінесе әйелдер қызметінің саласы.
8. Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады.
9. Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы -тігін өнеркәсібі.
10.Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары Петропавл, Рудный, Тараз зауыттары.




№ 4 -тапсырма. Оқулықпен жұмыс1.Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуына
сараптама жаса.- Шешуші әсер ететін факторлар.
- Тамақ өнеркәсібінің саласы.
- Негізгі орталықтар.
2.130-сурет пен Мақта-мата өндірісі картасына сүйене отырып,берілген жоспар
бойынша Қазақстанның мақта-қағаз өнеркәсібі деген анықтаманы орында.
3.Орташа Қазақстандық қалай тамақтанады? Кестеде келтірілген мәліметтерге талдау жаса. Негізгі азық-түлік өнімдерін пайдалануды ғылыми негізделгенмөлшермен салыстыр.

Бағалау
3 минут
Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері жайлы айта аламын;
1.Тақырыптың мазмұнды баяндауына қарай бағалау;
2.Зерттеуде өзіндік үлесін бағалау;
3.Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау.
4. Дидактикалық материалдарды сапалы орындауларына қарай бағалау.
Бағалау парақшасы . Оқушы өзін-өзі бағалайды.
Оқушының аты-жөні
Ашық сұрақтар
5 ұпай
Баламалы тест
10 ұпай
Топтық жұмыстағы үлесі (жоғарғы ұпай 5)
Толықтыру тесті
10 ұпай
Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар 10 ұпай








Кері байланыс. Екі жұлдыз, бір тілек

Үйге тап-сырма
2 минут
Үйге тапсырма беру. 1. 35-36. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптері. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау.
2.Тақырып соңындағы ізденуге берілген тақырыптар бойынша жұмыс

№1 тапсырма. Ашық сұрақтар
Мал шаруашылығының құрамы
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторлары
Жемшөп базасын нелер құрайды?
Қой шаруашылығының негізгі бағыттары
Қазақ халқының дәстүрлі кәсібі
Марал шаруашылығының басты өнімі
Шөлді және шөлейтті зонадағы дамыған мал шаруашылығының түрі

№ 2 тапсырма. Баламалы тест

Мазмұны
Ия
Жоқ

1.
Жібек құртын өсіру мен балық шаруашылығы мал шаруашылығының құрамына кіреді



2.
Мал шаруашылығын орналастырудың негізгі факторы - еңбек ресурсы



3.
Қазақстандағы мал басының 3\5 бөлігі еліміздің Батысы мен Шығысында өсіріледі.



4.
Еділбай қойлары ең сапалы жүн маталарын алуға болатын ұзын, жіңішке біртекті жүн береді.



5.
Қаракөл қойларын өсірумен шұғылданатын негізгі аудан- Оңтүстік Қазақстан.



6.
Еліміздегі жылқылардың негізгі бөлігі Батыс пен Шығыста өсіріледі.



7.
Түйе саны бойынша Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарын ерекше атауға болады.



8.
Шошқа өсірудің негізгі ауданы- Солтүстік.



9.
Панталық марал шаруашылығы Алтайда, Бұқтырма өзені аңғарында пайда болды.



10.
Құс шаруашылығы – өндірістің өнеркәсіптік технологияларымен жұмыс істейтін ауыл шаруашылығының алғашқы саласы.




ББҮ әдісі арқылы ауыл шаруашылығы туралы мәліметтерді еске түсіріңіздер.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
















Ауыл шаруашылығының басты салалары
Өсімдік шаруашылығы
Мал шаруашылығы











Жаңа сабақты меңгеру үшін сыныпты 3 топқа бөліп, топтық жұмыс жасаймыз. Топтар төмендегі тақырыптарда мәтінмен танысып, постер қорғайды.
1-топ. Тамақ өнеркәсібі
2-топ. Жеңіл өнеркәсіп
3-топ. АӨК-нің аумақтық орналасуы

№ 3 тапсырма. Толықтыру тесті
Тамақ өнеркәсібі ----------- және ------------ ғана орналаспайтын сала.
Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор ----------және----------.
Шикізат көзіне бағытталатын салалардың ішінде ----------- ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие.
Еліміздің ең сүтті аудандары - ------------- пен ----------------.
Ең ірі кондитер өндірісі ---------мен---------, шай -------------, макарон өнімдері - --------------- қаласында орналасқан.
Жеңіл өнеркәсіп экономикадағы ең бір --------------сала болып есептеледі.
Жеңіл өнеркәсіп - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан ------ және көбінесе --------- қызметінің саласы.
Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, -------, ------- өңдеу болып табылады.
Жеңіл өнеркәсіптін, кез келген жерде орналаса беретін саласы --------------.
Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары – ------- -----, ----------, --------- зауыттары.



Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:I деңгей1. Қазақстанның тамақ және жеңіл өнеркәсібі орталықтарының орналасуына са-раптама жаса.1.Шешуші әсер ететін факторлар.
2.Тамақ өнеркәсібінің саласы.
3.Негізгі орталықтар.II деңгей1.Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларын ата?2.130-сурет пен Мақта-мата өндірісі картасына сүйене отырып,берілген жоспар бойынша Қазақстанның мақта-қағаз өнеркәсібі деген анықтаманы орында:III деңгей1.Орташа Қазақстандық қалай тамақтанады? Кестеде келтірілген мәліметтерге талдау жаса. Негізгі азық-түлік өнімдерін пайдалануды ғылыми негізделгенмөлшермен салыстыр.

Оқушының аты-жөні
Ашық сұрақтар
5 ұпай
Баламалы тест
10 ұпай
Топтық жұмыстағы үлесі (жоғарғы ұпай 5)
Толықтыру тесті
10 ұпай
Оқулықпен жұмыс.
10 ұпай









Қорытынды баға:
32 ұпай - 5
26 ұпай – 4
20 ұпай – 3




АӨК құрамының негізгі буындары

ІІІ буын


І буын

ІІ буын


АӨК құрамының негізгі буындары

ІІ буын
Ауыл шаруа-
шылығы

І буын
Техника, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар

ІІІ буын
Тамақ , жеңіл
өнеркәсіптер

Мысал. Ақтөбеде Туркуаз ЖШС-нің өсідік майын шығаратын зауыты пайда болғаннан кейін облыстың көптеген шаруашылықтары өздерінде бұрын болмаған саламен – күнбағыс өсірумен аййналыса бастады. 2000 жылдан 2012 жылға дейін оның егістік жері 8 есеге ұлғайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ