Тамыз конференция баяндама. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тамыз конференция баяндама. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тамыз конференция баяндама. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық технологияларды тиімді қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында инновациялық

технологияларды тиімді қолдану


Қазіргі таңда білімге ерекше көңіл бөлінгендігі белгілі. Сапалы білім негізі – жан-жақты ақпараттық материал­дар­ды, көрнекі құралдар мен ұтым­ды технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім алушыға кітаптан таба ал­майтын білім беру. Бүгін білім бе­ру­дің сапалы болуы үшін тиімді инновациялық технологияларды қолдана білу. Көптеген жаңашыл әдістермен танысып, талдап, өзіңізге қолайлысын, оқушыларға тиімдісін алып қолдану арқылы оқушыларға сапалы білім бере аламыз.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге бастапқы талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттілігі күшейіп келеді. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, тиімді технологияларды қолғабыс ретінде қолдана отырып, білім алушылардың әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игертуі керек.

Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді. Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Әдіс-тәсілдерді неліктен қолданамыз? Әр мұғалім өз сабағын көңілді, қызықты, тартымды өткізгісі келеді. А.Энштейн «Мен ешуақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын» десе, бүгінгі білім бағдарламасында ұстаз бағыт беруші, жол нұсқаушы ретінде көрінеді.

Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделінген әдістер. Инновациялық технологияларды тиімді, жүйелі қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Инновациялық технологияларды сабақта қолданудың тиімділігі:

  • оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;

  • танымдық қабілетін қалыптастырады;

  • оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • мұғалім уақытын үнемдейді;

  • қосымша мәліметтер береді;

Инновациялық технологияларды қолданған мұғалім ұтады, яғни сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді.

Мұғалімдерге қажетті ең заманауи АКТ құралдары:

  1. www.Vocaroo.com Vocaroo-бұл дыбыстық хабарламаларды сервиске тіркеусіз ақ тегін жазуға және бөлісуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис. Ең қызығы, дыбыстықхабарлама автоматты түрде QR кодқа кодталады.

  2. www.jigsawPlanet.com Бұл сервис үш рет басу арқылы кез-келген суреттерден немесе фотосуреттерден пазл жасап шығады

  3. www.thingLink.com Бұл сервисті оқушылармен бірге интерактивті суреттер дайындау үшін пайдаланыңыз. Веб-серсив кез-келген суретке аннотациялар, аудио, бейнелер қосуға мүмкіндік береді.

  4. www.videoscribe.com Бұл жаңадан бастаушылар да, кәсіпқойларда қолдана алатын анимация жасау үшін қолданылатын өте ыңғайлы құрал. Бірнеше минут ішінде керемет анимациялық бейнелер жасай аласыз, оған қоса видеолардың дайын шаблондары бар. Шаблонды пайдаланып 5 минутта керемет видео жасапшығара аласыз!



Қорыта келе, біздің, мұғалімдердің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, қазақ тілін өрге бастырып, дәрежесін көтеру. Қазіргі заманғы білім беру: даму тенденциялары және қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың заманауи үрдістерін терең әрбір ұстаз меңгере білсе біз мықты елдің қатарында өз білімімізді көрсете аламыз. «Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жетілдіруді қажет ететін, үнемі жаңаны табатын өнер», - деп Ж.Аймауытов айтқандай сабақ беру – өнер. Өз өнерімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз керек. Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына байланысты. Олай болса, ертеңгі ұрпағымыздың болашағы өз қолымызда, жанымызды аямай жаңаны ізденіп, аянбай еңбек етейік ұстаздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.04.2024
760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі