Материалдар / ТАҢДАУ КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫ» 8 СЫНЫП
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТАҢДАУ КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫ» 8 СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Наурыз 2023
588
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан облысы, Жетісай ауданы

«Х.Доспанова атындағы №28 жалпы орта мектебі» КММ















Shape1

Таңдау курсы бағдарламасы




Shape2

«Химия ғылымы»











Құрастырушысы:

Химия пәні мұғалімі Аханова Райхан Дуйсебаевна








2023 жыл

ТАҢДАУ КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

«ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫ»

8 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН


«Химия ғылымы» таңдау курсы бағдарламасының мақсаты:

Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде алғашқы химия пәнінің әліппесіне аяқ басқан 8 – сынып оқушыларына химияның алғашқы баспалдағын өту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сол арқылы жаратылыстану ғылымының ішіндегі төрден орын алатын химия ғылымының қыр-сырын зерттеуге баулу. Оқушыларға табиғаттағы, тірі организмдердегі өзгерістерді, құбылыстарды биология, физика, география ғылымдары толық дәлелді түсіндіре алмайтынын, ол өзгерістерді тек химия ғылымы ғана дәлелдеп көз жеткізетіндігін ескерту. Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Осы ретте бұл ағымды іске асыру дидактикалық принциптердің бірі - саралап оқыту принципі арқылы жүзеге асырылатындығы мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Бұл саралау селективті және элективті жүйелер болып екіге бөлінеді. Элективті жүйені пәндер бойынша таңдау курстарын өткізу арқылы жүзеге асырамыз. Осыған орай «Химия ғылымы» таңдау курсы енгізіліп отыр.

Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын тудыру үшін балаға пәнді түсіндіру барысында теориялық білімді практикамен, өмірмен байланыстыра отырып, лабораториялық тәжірибелерді біріге отырып өз беттерімен эксперимент жасауға үйрету, химия лабораториясындағы құрал –жабдықтармен таныстырып, сол құралдарды өз қолдарымен ұстап, тәжірибе жасау біліктілігін арттыру. Қызықты тәжірибе сырын ашу. Жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқушылардың білімін тереңдету, өз бетімен ізденуіне бағыт беру. Болашақта мектепте жоғары сыныпқа келгенде оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдауына ықпал ету. Таңдау курсын өткізуде біліммен қатар рухани – адамгершілік тәрбиеге аса назар аудару. Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критерийлерге сай құрастырылды. Атап айтсақ, ғылымилық, жүйелілік, практикалық бағыттылық, уақыт қорына лайықтылық, химиялық тілдің түсініктілігі т.б. принциптерге сай жасалды. Соңғы екі-үш жыл осы бағдарлама жобасын апробациядан өткізіп келемін. Бағдарлама өз нәтижесін беруде. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын, жобалардың тақырыптарын таңдау, оларды қорғау, ғылыми әдебиеттермен, ақпараттық құралдармен, мәліметтер қорын жинақтау әдістерін үйрету технологиясы да осы курс барысында іске асырылады. Таңдау курсына өз еркімен қатынасуында оқушылардың саны артып келеді. Олардың ішінде пәндік олимпиада, ғылыми жоба сайыстарының қалалық, облыстық, Республикалық деңгейге жеткен оқушылар баршылық. Бұл курс 68 сағатқа негізделген. Түсінік хатта курстың мақсаты, міндеттері, мазмұндық, нормативтік, ақпараттық-әдістемелік және қолданылған әдебиеттер тізімі талапқа сай көрсетілген.

І. Түсінік хат

(8 сынып, аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)

Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз.

Таңдау курстарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.

Бағдарлама 8 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.

Бағдарлама 68 сағатқа есептелген. 8 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір-бірімен байланысты 5 тараудан тұрады: бастапқы химиялық ұғымдар; сутек, қышқылдар, тұздар; ерітінділер; сапалық, эксперименттік есептер; шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденіс.

Курсты өткізуде практикалық бағытқа аса назар аударылады. Күнбе-күнгі сабақ барысында да лабораториялық, практикалық жұмыстарды дерлік орындаумен қатар, практикалық біліктіліктерін таңдау курсында дамыту. Жобалау, дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер жасау арқылы оқушылардың эксперименттік жұмысқа икемін арттыру. Курсты өткізуде практикалық бағытқа мүмкіндігінше дәріханаларға, жоғары оқу орындарындағы химия лабораторияларына экскурсия ұйымдастыру. Жаңа ақпараттық технология бойынша өз беттерімен электрондық сайттармен, виртуальды тәжірибелер, электрондық дискілер арқылы курс барысында білімдерін тереңдетуге мүмкіндік туғызу. Шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылар санын арттыру.



Бұл курс 68 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.

Курстың міндеттері:

  1. Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.

  2. Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;

  3. Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;

  4. Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;

  5. Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу;

  6. Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;

  7. Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы ролін дәлелдеп көз жеткізу;

  8. Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

  9. Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;

  10. Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке

тәрбиелеу;

«Қызықты химия» таңдау курсының мазмұнында негізгі мектепке арналған химия курсының мазмұнынан тереңірек, яғни базалық деңгейді меңгергеннен кейін жылжымалы деңгейді іске асыру көзделеді.

Курстың негізгі идеясы – химияның өмірдегі, медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын, экологияның бір аспектісі қоршаған ортаны қорғау ұғымдарын дамыту. Алған теориялық білімдерін іс жүзіне асыра білу. Химиядан білім фундаменті атом-молекулалық ілімді меңгеруден басталатынын, химия –эксперименттік ғылым, сондықтан экспериментті орындау арқылы оқушылардың заттармен, құралдармен жұмыс істей білу білігі қалыптасады.

Оқушыларға эксперименттік есептің сандық есептен айырмашылығын түсіндіріп, эксперимент тәжірибе арқылы дәлелденетінін, сынақ оң және теріс болу мүмкіндігін ескерту.

Оқушыларға 8 сыныпта эксперимент есептерінде не сапа есептерінде сандық мәлімет болмайтындығын ескертеміз.Эксперимент есептерінің тәсілдері:

  • есте қалғаны бойынша шығару;

  • сынау – қателесу тәсілі;

  • талдау – жинақтау;

  • жорамал жасау.

Эксперимент есеп типтері:

  • заттардың сапалық құрамын анықтау;

  • заттарды ажырату;

  • заттарды алу;

  • заттарға тән сапалық реакция жасау;

  • қоспа құрамын анықтау;

  • қоспа құрамын бөлу;

  • химиялық құбылысты бақылау;

  • химиялық құбылысты түсіндіру.

ІІ. Мазмұндық бөлім

Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны – 68

Кіріспе (4 сағ)

Химия пәні. Химия терминінің этимологиясы. «Қызықты химия» таңдау курсының мақсатымен танысу. Химия кабинетінде, лабораторияда жұмыс істеуде сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелері. Химиялық құрал-жабдықтар, олармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  1. Атом – молекулалық ілім (8 сағ)

Заттың құрамы, сипаттау, қасиеттері. Атом. Молекула. Су молекуласы. Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық құбылыстар ережелері. Химиялық реакциялар, олардың белгілері. Табиғаттағы химиялық реакциялар. Тұрмыстағы химиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың табиғаттағы, тірі организмдер мен адам өміріндегі маңызы.

  1. Газдардың ерекшелігі (8 сағ)

Ауа. Ауа кұрамы. Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау өңірінің экологиялық жағдайы. Ауаны және оның құрамына кіретін газдарды пайдалану.Қазақстан Республикасы Конституциясы: ауаны ластанудан сақтау туралы баптары.

Жалпы газдар туралы түсінік. Газдарды жинау, алу тәсілдері. Газдарды жинауға арналған қондырғыларды құрастыру. Авогадро заңы, газдардың молярлық көлемі, салыстырмалы тығыздығы және көлемдік қатынастарына экологиялық бағытта есептер шығару.

  1. Ерітінділер туралы ілімнің тарихы (10 сағ)

Ерітінділердің маңызы және алғашқы зерттелуі. Еріткіш ретінде су құрамының зерттелуі. Су мен ерітінділердің өнеркәсіптегі, тұрмыстағы, ауыл шаруашылығындағы, адам өміріндегі маңызы. Судың ластануы. Су қоймаларын ластанудан сақтау. Суды тазарту тәсілдері. Минералды сулар. Судың емдік мақсатта қолданылуы. Жергілікті Мұздыбұлақ минералды суының ерекшелігі, құрамы. Судың құпия сырлары. Ерітінділер дайындау. Ерітіндіге есептеулер. Проценттік концентрация. Молярлық концентрация. Молялдық концентрация.

  1. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету (12 сағ)


Қышқылдар. Қышқылдармен жұмыс істеу ерекшелігі. Қышқылдардың қасиеттері. Қышқылдарды анықтау.Тұздар. Тұздарды анықтау тәсілдері.

Тұздардың адам организміне пайдасы мен зияны.Негіздер. Негіздердің қасиеттері. Индикаторлар. Бейорганикалық заттарды анықтау. Сапалық есептар шығару. Эксперименттік есептер шығару.


  1. Кристаллогидраттар (4 сағ)

Кристалогидраттар. Кристалогидраттарды алу және өсіру әдістері. Кристалогидраттың құрамындағы судың массалық үлесін табу. Кристалогидрат формуласын табу. Тәжірибелер презентациясы.

  1. Қоспалар. Эксперименттік есептер (12 сағ)

Қоспаның құрамын анықтау. Қоспаларды бөлу, тазарту әдістері. Храмотография, храмотограмма, люминисценсия. Бинарлы қоспалар. Бинарлы емес күрделірек қоспалар құрамын анықтау. Сапалық анализ. Қоспаның сандық құрамын анықтау. Газ қоспасының ерекшеліктері. Металдар қоспасы, құймалар.

Химиялық приборлармен жұмыс. Приборлар құрастыру. Эксперименттік тәжірибелер. Қызықты тәжірибелер негізі. Генетикалық байланыс, тізбекті іске асыру.

  1. Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер (10 сағ)

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Интернетпен, электронды каталогпен жұмыс.Зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Тақырып таңдау. Болжам. Эксперимент. Зерттеу обьектісі. Ғылыми жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар. Зерттеу жұмыстарының түрлері. Зерттеуші күнделігі. Ғылыми зерттеу жұмыстарын рәсімдеу.




І. Нормативті бөлім

«Химия ғылымы» таңдау курсы бағдарламасының

мазмұны мен құрылымы


р/р

Тараулар

Сағат саны

Оның

теор. саб.

Практика. сабақ


Кіріспе

4

2

2

І.

Атом – молекулалық ілім

8

5

3

ІІ.

Газдардың ерекшелігі

8

5

3

ІІІ.

Ерітінділер туралы ілімнің тарихы

10

6

4

ІV.

Бейорганикалық қосылыстар дың негізгі кластары туралы мағлұматты тереңдету

12

7

5

V.

Кристалогидраттар

4

2

2

VI.

Қоспалар. Эксперименттік есептер

12

6

6

VII.

Шығармашылық жұмыс, кіші ғылыми ізденістер

10

6

4






Тақырыптық жоспар

Сабақ №

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны


Кіріспе

4

1.



2.


3.

4.

Химия пәні, химия терминінің этимологиясы. «Қызықты химия» таңдау курсының мақматымен танысу.

Химия кабинетінде, лабораторияда жұмыс істеуде сақталатын қауіпсіздік техникасы ережелері.

Химиялық құрал жабдықтар.

Химиялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктері

1



1


1


1


І.

5.

6.

7,8


9.

10.

11.

12.

Атом – молекулалық ілім

Заттың құрамы, затты сипаттау, қасиеттері.

Атом. Молекула. Су молекуласы.

Физикалық, химиялық құбылыстар. Химиялық құбылыстар ережелері. Лабораториялық жұмыс.

Химиялық реакциялар, олардың белгілері.

Табиғаттағы химиялық реакциялар.

Тұрмыстағы химиялық реакциялар.

Химиялық реакциялардың маңызы

8

1

1

2


1

1

1

1

ІІ.

13.

14.



15.



16.



17.

18.

19,20

Газдардың ерекшелігі

Ауа. Ауа құрамы. Ауаның ластану себептері, атмосфераны ластанудан сақтау. Атырау аймағының экологиялық жағдайы.

Ауаны және оның құрамына кіретін газдарды пайдалану. ҚР Конституциясы: ауаны ластанудан сақтау туралы баптар.

Газдарды жинау, алу әдістері.

Газдарды жинауға арналған қондырғыларды құрастыру.

Авогадро заңы, газдардың молярлық көлемі.

Газдардың көлемдік қатынастары.

Экологиялық бағытта есептер шығару

8


1



1


1


1

1

1

2

ІІІ.

21.

22.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!