400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Таңғажайып алаң

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дарынды балалаларға арналған

Абай атындағы №10 лицей мектебі.










DrawObject1
















Тақырыбы: “ Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.”



Өткізген: Латыпова Н. Қ.










Павлодар қаласы 2006 жыл.



Мақсаты: 1. Оқушылардың алған білімдерін жаңғырту

барысында, есте сақтауларын, қиял-қабілеттерін,

логикалық ойлауларын жүйелеп ортаға салып, ой

белсенділіктерін арттыру.

2. Оларды мәдениеттілікке, бірлікке, өзін-өзі ұстай

білуге, ұйымшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Достық, жолдастық қарым-қатынасты нығайту.


Әдіс - тәсілдер: Қайталау, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру, мақал-мәтел

айтысы.


Керекті құралдар: Плакатқа жазылған сөздер, микрофон, карточкалар,

шарлар, екі сандық, ойыншықтар, теңге, сыйлықтар,

телефон.

Түрі: Ойнайық та, ойлайық.


Ойын барысы: (оқушылар безендірілген сынып бөлмесіне еніп,

орындарына отырады )

1. Жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар мен құрбы-құрдастар!


2. Жүргізуші: - Біздің ойынымызға хош келіпсіздер! Сіздерге жақсы көңіл – күй, шат күлкі және ойында сәттілік тілейміз!

1. Жүргізуші: - Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?

Бұл бәйге - ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға – сол алда, - деп, бүгінгі

“Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар” – атты “Таңғажайып алаң” ойынымызды бастаймыз .

2. Жүргізуші: - Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

1. Жүргізуші: І - бөлім.

“Адам – табиғат перзенті ”.

- “Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ” - дегендей бүгінгі тапсырма, сұрақтар табиғаттың төңірегінде болады. Алдымен, табиғат туралы не білесіңдер, ортаға салайық.

І-топ. Адамдардың табиғатқа ІІ-топ. Адамдардың табиғатқа

тигізетін пайдасы. зияны.

(текшені көп жинаған оқушылар ойынға шығады )


І -тапсырма: Адамға қажетті жағдайлардың бірі. (Таза ауа ).


ІІ - бөлім: “Тапқыр болсаң, талас жоқ”.


- Мына үзінді қай мәтіннен алынған.

- Бірақ , ендігәрі тырнағыма іліксең,

Ән айтқызбай өлтіруге ант етемін.

- Әннің құдіреті, міне осында – дейтін

Шәмші сөзін аяқтап, сәл күрсініп.

(“Аққұс туралы аңыз”. Сәкен Сейфуллин).


Құстардың пайдасы, зияны.


ІІ -тапсырма: - Он екі айдың біреуі

Мына менің атымда,- деп, жар салып жүреді.


(Көкек).


ІІІ - бөлім: “Білімді - мықты”.

Бұл қай өлең үзіндісі, кім жазған.


- Сандалып келе жатты ақсақ киік,

Бір тоқтап, анда-санда әлді жиып.

Ақ бөкен сахараның ботагөзі,

Атты екен қандай адам көзі қиып.


(Ақсақ киік).


  • Ендеше, бұл бөлікте жануарлар туралы сөйлесеміз.


1. Елімізде қандай қорықтар бар? (өсімдіктерді, жануарларды қамқорлыққа алған?)

(Алматы, Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжың, Наурызым, Марқакөл т.б.)


  1. Қазақстанда қызыл кітап қашан шықты. (1977 ж).


3. Жануарлар неше түрге бөлінеді. (6)

Бунақ денелілер, балықтар, құстар, қосмекенділер, сүтқоректілер, жорғалаушылар.


ІІІ-тапсырма: Бұл жануардың еті, сүті, жүні, терісі де пайдалы. Жүнінен адамдар түрлі киімдер, қолғап, байпақ т.б. тоқиды.

(Түйе).


“Зерделі болсаң, биік шыңға жетесің”.


ІV-тапсырма: Жеңіп шыққан балаларға тапсырма:

- Бір ағаштың 12 бұтағы бар,

Әр бұтағында 30 жапырағы бар,

Жапырақтың бір жағы - ақ, бір жағы - қара.


(Ай, тәулік, күн мен түн.)

Осы сөздің біреуі жасырылған.

(Түн).

Суперойын тапсырмасы:


- Витаминдер тірегін А, В, С, Д, Е – деп аласың,

Жетіспесе бірі оның ауырып сен қаласың,

Ойлап көрші балалар,

А - қай тағамда болады?

(Асқабақ).


1. Жүргізуші: - Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.


2. Жүргізуші: - Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым!


Сау болыңыздар!























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі