Материалдар / Таным және шығармашылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Таным және шығармашылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда Таным және шығармашылық тақырыбында конспект жазылған, студенттерге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
10094
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МиИ-19-1 Оралова Улболсын

Таным және шығармашылық

Таным философиялық мәселе ретінде

Таным теориясы адамзаттық философия  тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін  философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. 

Таным поцесі танушы субъект пен танылушы объектінің бір бірімен өзара байланысы мен өзара әрекеттесуі формасында өтеді.

Таным субъектісі ол –  адам, яғни өз санасында дүниенің құбылысын  бейнелеуге қабілетті индивид. Бірақ  адам дегеніміз тек белгілі бір  биологиялық қасиеттерге ие қарапайым индивид ғана емес, ол ең алдымен қоғамдық жан, қоғам мүшесі болғандықтан адам ойлап, таниды яғни қоғамдық сананың формалары арқылы танымның мазмұнына әсер етеді. Адамның ойы ол дүниенің шындығын ұғымдарда, тұжырымдарда, ғылыми теорияларда бейнелеудің белсенді ироцесі болып табылады.

Таным объектісі дегеніміз субъектінің танымдық қызметі бағытталған дүние немесе материалдық және рухани әлемнің процесі, құбылыс, зат, таным объектісін барлық материалдық немесе рухани дүниемен теңестіруге болмайды. Субъектінің танымдық қызметінің назарындағы дүниелер ғана объект бола алады. Ғылымның даму деңгейі мен адамдардың танымдық қызметінің деңгейі жоғары болған сайын ғылыми зерттеулердің қамтитын құбылыстарының да саласы кеңейе түседі.

Таным пәні дегеніміз таным процесінде белгілі бір объектілер арасынан ажыратып алынған дүниенің бір фрагменті. Танымның бір ғана объектісі әртүрлі ғылымдардың зерттеу пәні бола алады. Таным объектісі ретінде ойлау...

Ойлау сезімдік таным мен тәжірибеге сүйенеді. Ойлаудың арқасында адам құбылыстардың нақты көптүрлілігінен алыстап, бұларға тән жалпы да маңызды белгілерді айқындай түседі. Ойлау дегеніміз ойдың құрамының қызметін атқаратын тілмен және ойдың жүзеге асырылғандағы түрі сөзбен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және ой қорытындысы жатады.

Ұғым дегеніміз - ойлаудың заттар мен құбылыстардың бейнелендіретін формасы. Ұғымдарда заттар және олардың арасындағы қасиеттер мен қатынастар ойға алынады. Ұғым дегеніміз бүкіл ойлау процесінің алға бастаушы жағдайын жасайтын ой қозғаласының маңызды моменті болып табылады, ұғым- мазмұны жағынан объективтік те, логикалық формасы жағынан субъективтік.

Пікір дегеніміз - зат пен оның белгісі арасындағы байланыста бейнеленетін ойлау формасы, яғни ұғымдардың байланысының көмегімен бірдеңе жайында не қостайтын, не терістейтін ойлау формасы. Егер ұғымның тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі болса, пікірдің тілдік формасы грамматикалық сөйлем, пікірдің таным формасы ретіндегі бір ерекшелігі- ол не ақиқатты, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе білдірмейтін пікір болмайды.

Ой қорытындысы дегеніміз - екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.

Философия тарихында сезімдік таным  мен рациональдық танымның ара қатынасы жөніндегі мәселе жайында әртүрлі  көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ осы мәселені шешуге өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар, олар сенсуализм, эмпиризм және рационализм. Сенсуализм ұғымы сезім, түйсік дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар шешуші роль атқарады деп санайды. Ежелгі дәуірлерде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализм кеңге жайылмады. Жаңа дәуірде сенсуализмнің негізін Д. Локк қалады, оның ойында «әуел баста сезімдерде болмаған нәрсе ақыл-ойда да болмайды» деп тұжырымдаған. Бұл көзқарасты Т. Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді әрі қарай жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде: Э. Кондильяк «қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады» деген болатын. Д. Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің «сыртқы тәжірибесіне» ішкі тәжірибені әкеліп қосты. Юмның ойынша, тіршілік туралы пайымдаулардың барлығы  тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз «әсерлердің» тасқыны ғана, олардың себептері беймәлім және танылмайды деді. Сенсуализм позициясын ұстанған Л. Фейербах болды. Сенсуализмге эмпириокритмизм мен позитивизм де жақын бағыт.


Танымның субъектісі және объектісі.

Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.



Танымның мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы. Мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм мен агностицизм

   Гносеология  немесе таным теориясы философия ғылымының саласы, танымның мәнін, ерекшелігін, әдіс кұрылымын, деңгейін, басқа таным формалармен байланысын зерттейтін ғылыми таным теориясы. Басқаша айтқанда, адамның тану қабілеті, танымның бастауы, формалары, әдістері туралы, ақиқат және оған жетудің жолдары туралы ілім. Айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнелеуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістер, гепотезалары мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы. Таным теориясы немесе эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды.

   Эпистемология философиямен катар пайда болып, өмір сүріп келе жатыр. Дегенмен егер қателік жібермесе, адам ақиқатты ақиқат ретінде тани алмас еді. Сондықтан гносеологияда адамның қалай адасатыны және одан кейін қалай тура жол табатыны да зерттеледі. Гносеология үшін дүние, адам және адамзат коғамы туралы дәйекті білімдердің болуының қандай практикалық маңызы бар деген мәселенің өмірлік мәні ерекше. Осындай толып жатқан мәселелер жиналып келіп, "Білім деген не?"деген сұраққа жауап беретін таным теориясының өзекті мәселесін құрайды.

   Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады.

Таным теориясы мәселелері

   "Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып, сол кезде білім туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология - айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis - білім, таным) - философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол - бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

Білім деген не?

  Білім - адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және материямен ұштасатын санадан өзгешелігі - таным білім алу үдерісі болып табылады және ол тәжірибемен жанасады. Таным - адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным қызметінің субъектісі - адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным - адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: - қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); - қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным - білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: - бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері; - кез келген танымдық мән бар ақпарат; - практикамен өзара байланыста болатын ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән - таным теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады.

   Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Философия да осы аталған мәселелерді қарастырады, бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым-қатынасы тұрғысынан қарастырады. Гносеологияның ең негізгі категориясы ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция психология үшін индивидтің өмірлік іс-әрекетінің немесе онық тәртібінің психикалық формасы ретінде анықталады, ол философиялық таным теориясында олар ақиқатқа апаратын құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз - қоғам‚ табиғат құбылыстарының адам санасында объективті көрініс табуы.

Таным процесінде объект затсызданады (распредмечивается) және өмір сүрудің басқа түріне өтеді, яғни идеалды - идея немесе образ түріне өтеді. Игерілген объективтік мәндер, күштер мен олардың заңдылықтары объективтік заттық формада, сол қалпында сақтау үшін ғана емес, адамдар қатынастарында атқаратын әртүрлі функциялары үшін, соның ішінде келесі практикалық процесте қолдану үшін қажет болады, яғни олар үнемі жаңа практикалық процеске тартылып, іс-қимыл, процесс формасына ауысады. Бұрынғы игерілген “адамдық” сипатқа ауысқан табиғат күштері енді жаңа істе адамдардың белгілі бір құралы, адамдық күш, мән, адамдық қабілет ретінде қатысады.

Дүниенің түбегейлі танылуы. Ғасырлар бойы адамның ойы бөлініп келе жатқан мәселелердің бірі — "танымның қалай болатыны, дүниетаным ұстанымында дүние таныла ма?" деген сұрақтарға жауап алу. Бүл оңай сұрақ емес. Расында, әлем шексіз, ал адам шектеулі, тұйық, ол шектеулілік тәжірибесі шеңберінде шексізді біле ала ма? Бұл сұрақ түрлі формаларда үнемі философиялық ойдың серігі болып келе жатыр. Осы сұрақтың жауабына катысты философия тарихында үш негізгі түсінік бар; олар — '''скептицизм''''''оптимизм''' ('''гностицизм''') және '''агностицизм'''. Гностицизмді жақтаушылар танымның қазіргісі мен келешегіне оптимистік тұрғыдан қарайды. Олардың пікірі бойынша, дүниені тануға болады, адамда танымның шексіз қабілеттік мүмкіндіктері бар. Скептиктер дүниенің ұстанымды танылуын жоққа шығармайды, тек танымның дәйектілігіне күмән келтіреді.

Скептицизм (грекше skeptikos — ойланушызерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған, тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді. Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р.Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Ежелгі грек философы Зенон туралы данышпандық аңыз бар. Шәкірттері одан неге жиі күмәндана беретіні туралы сұрағанда, ол диаметрлері әр түрлі екі шеңбер сызып, алдымен үлкен шеңберді, соңынан кіші шеңберді көрсетіп тұрып былай деген екен: "Мынау үлкен шеңбер — менің білімім, кішісі — сендердікі. Ал шеңберден тыс жатқандардың бәрі белгісіз. Енді мынаған көңіл аударыңдар: сендердің білімдеріңнің белгісізбен шекараласуына қарағанда, менің білімдерімнің белгісізбен түйісуі көбірек. Сондықтан мен сендерге қарағанда көбірек күмәнданамын". Ақиқатқа бастайтын күдік, Л.Толстойдың пікірі бойынша, "философиялық қинайтын күдік" болуы керек. Өзге жағдайларда скептицизм арзандап кетеді және соқыр фанатизм болып шығады. Екінші жағынан, жоғарыда айтылған агностицизмге ұласып кетеді. Алайда абсолютті скептицизмді тұтастай танымның, ғылымның дамуы теріске шығарып отыр. Мысалы, XIX ғасырдың кейбір абсолютті скептиктері: "Адамзат ешқашан Күннің химиялық құрамын біле алмайды", — деген еді. Олар мұны мәлімдеп болғанша, спектрлік анализ Күннің құрамын айқындап берді. Агностицизм (грекше a — емес, gnostos — білім) — дүниенің танылмайтындығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғалымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Философияда алған бетінен қайтпайтын скептиктер мен агностиктер көп емес. Философия әрқашанда дұрыс танымға қызығушылар мен мүдделілердің ынтасын оятып, үнемі табиғат пен коғамның жаңа қырларын ашып келеді. Агностицизмге қарсы салмақ ретінде біздің санамыздың тәуелсіздігін негізге ала отырып, дүниенің ұстанымды түрде танылатынын жақтайтын танымдық оптимизмді құрайтын философиялық ағым бар. Сана — барлық өзге дүниеден тысқары емес, керісінше, оның дамуының заңды нәтижесі және ағзалық құрамды бөлігі. Оптимизм философиясының негізіне дүниені ғылыми танудың және коғамдық тарихи практиканың барлық тәжірибесі кіреді.


Тапсырмалар:

Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәні анықтамасын сараптау

Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты.

Білім беру философиясының ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Ғалымдардың бір тобы білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды. 

 Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастыратын ғылым саласы.  

Білім беру философиясы педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін, яғни негізгі идеялар мен зерттеу тұғырнамасын анықтауға мүмкіндік жасайды.

Білім беру философиясы зерттейді:

- білім берудің онтологиясын, яғни білім беру дегеніміз не?- деген сұраққа жауап бере отырып, оның шығу тарихын, мәнін анықтайды;

- білім беру логикасын, яғни білім беру процесі қалай жүретінін;

- білім беру аксиологиясын, яғни білім беру құндылықтарын қарастырады;

- білім беру этикасын, яғни білім беру процесіне қатысушылардың тәлім-тәртібі мен мінез-құлқын;

- білім беру әдіснамасын, яғни білім беру процесіндегі өзара әсерлесу әдістері қандай және қалай болуы керектігін;

- білім беру идеологиясын, яғни білім беру процесінің негізгі идеяларын қарастырады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!