Материалдар / Танымдық ойын "Жүзден жүйрік"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Танымдық ойын "Жүзден жүйрік"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2019
733
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жүзден жүйрік


Мақсаты: сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу, танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру. өз ойын мәдениетті жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.

Балалар, бұл жол басы даналыққа

Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалықпа?!

Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп, тауып алалық та.

Бүгінгі жас лингвист сайысымызға қош келіпсіздер! Ойынға 6 сайыскер қатысады.

Ойын шартымен таныстыратын болсам

1. Таныстыру.

2. Жалпы сұрақтар.

3. Қазақтың тыйым сөзі- тәрбие көзі.

4. Қызықты жұрнақтар.

5. Кім алғыр?

6. Жорға.

Енді дайын болсаңыздар жарысымызды бастайық.

1 тур. Таныстыру. Әр сайыскер өздерін таныстырады. Ал осы сайыскерімізді саралап отыратын сараптаушы адам:

Әр сайыскерге таныстырған кезде арнайы 5-ке дейінгі ұпаймен бағалап отырасыз.

2 тур. Жалпы сұрақтар: барлық сайыскердің жауап беруіне құқығы ьар. Тек алдарыңыздағы қағазды кім бірінші көтереді, сол жауап береді. Тек бұлкезеңде ерекше шапшаңдық пен білімділк керек. 1 жауапқа 5 ұпай.

1- сұрақ: Қазақта неше би болған? Атап шық. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би).

2- сұрақ: Жырды айтушы адамды кім дейді? (жыршы).

3- сұрақ: «Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз»- деген кімнің сөзі? (Қазыбек би).

4 - сұрақ: Республика күні қашан? (25 қазан).

5- сұрақ: Пойыздың тексерушісін кім дейді? (жолсерік).

6- сұрақ: Қазіргі қазақ тілі пәнін шығарған баспасы қалай аталады? (Арман ПВ).

7- сұрақ: Баға қоятын кітап (сынып журналы).

8- сұрақ: Заттың қимылын білдіретін сөз табы, сұрағы (етістік, не істеді? Не қылды? қайтті?).

9- сұрақ: «Қаздың тұзаққа түсуі» қай ертегіде кездеседі? (Ұр тоқпақ).

10- сұрақ: Қазыбайдың үш жақсы заты? (Ұр тоқпақ, пісқазан, құс есек).

11- сұрақ: Ұзындық белгілері (дм, см, м, км, мм).

12- сұрақ: Екі сабақтың ортасында не бар? (үзіліс).

13- сұрақ: Жеті күн (апта).

14- сұрақ: Көше қиылысында жолды не көрсетеді? (бағдаршам).

15- сұрақ: Кекілік құс па, жануар ма? (құс).

16- сұрақ: Киіз үйдің төбесі. (шаңырақ).

17- сұрақ: Қойда бар, лақта жоқ,

Ойда бар, бақта жоқ. (О).

18- сұрақ: Бес қаруды атаңыз. (мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта).

19- сұрақ: Тіршілік арқауы не? (тамақ).

20- сұрақ: Қазақ халқының негізгі кәсібі. (мал шаруашылығы).

3 тур. «Қазқтың тыйым сөзі- тәрбие көзі». Бұнда әр сайыскеріміз өзінің тыйым сөздерді қаншалықты көп білетінін көрсетеді. бір сайыскеріміз бастап айтсын. Ең соңында жеңген сайыскерімізге 20 ұпай қосылады.

4 тур. Қызықты жұмбақтар деп аталады. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, білетініміз қол көтеру арқылы жауал береміз. әр жауапқа 5 ұпай.

1. Тал басында, түндіксіз отау. (ұя).

Келесі логикалық жұмбақ.

2. Көлден ұшқан 40 қаз

Қайтып қонды 15 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез табады. (25 қаз)

3. Жесең ащы

Көзіңнен шығарар жасты. (пияз).

4. Бір түймелі, екі желілі

Күйдің көрігі, әннің көлігі. (домбыра).

5. Білім мен тәлім

Парақты ашқанда

Беттерінен мәлім. (күнделік).

6. Біліммен сол сый- асы

Балғындардың ұясы. (мектеп).

7. Жаздай тынығады

Қыста зымырайды. (шана).

8. Отқа жанбас, суға батпас. (мұз).

9. Есіктен кіре еңкейіп,

Төрге шығар қампайып. (аяз).

10. Сырты тәтті

Іші қатты

Ортасы сүйек қатты. (қара өрік, слива),

5 тур. «Кім алғыр?» деп аталады. Бұнда менің қолымда қазақ тіліне тән әріптер бар. Осы әріптерден басталатын сөздер айтып жарысасыздар.

Мысалы: Ә, Ө, Қ, Ғ, Ұ, Ү.

6 тур. Жорға. Сөйлемдерді аяқтау. 1 минут ішінде неше сөйлем дұрыс болса әр сөйлемге 1 ұпай.

1. Қыс айлары ..., ..., ..., (желтоқсан, қаңтар, ақпан).

2. Қыста күн ... ... (суық болады).

3. Қыста ... қар ... (көп, жауады).

4. ... боран соғады (қыста).

5. Қыстың ... айы- қаңтар (екінші).

6. Отан оттан да ... (ыстық).

7. Қыста түн ..., күн ... (ұзарады, қысқарады).

8. Айнұр домбыра ... (тартты).

9. Кітап- білім ... (бұлағы).

10. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).

11. Ұяда не көрсең , ұшқанда ... (соны ілесің).

12. Күз айлары- ..., ..., ... (қыркүек, қазан, қараша).

13. Күзде күн ... (суық болады).

14. Ағаштардың жапырақтары ... (сарғаяды).

15. Күзде жиі- жиі жаңбыр ... (жауады).

16. Күзде жел ... (соғады).

17. Қыркүйек- күздің ... (бірінші айы).

18. Күзде диқаншылар ... (егін жинайды).

19. Күзде күн ұзарады, түн ... (қысқарады).

20. Бақшада көкөніс, бақта жеміс ... (піседі).

21. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала ... ... (сорлы бала).

22. Көкбазарда күзде бәрі бар,

Барып, барып ... (бәрін ал).

23. Күздің екінші айы- ... (қазан).

24. Күзде құстар ... ... ... (жылы жаққа ұшады).

25. Күзде сиырлар өріске ... (жайылады).









Мақсаты: Қазақ халқының мемлекеттік тілі- қазақ тілінің мәртебесін, беделін көтеру. Білім мен біліктілігі арқылы ой- өрісін дамыту, ұшқырлығын, ой қабілетін шыңдау, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Қазақ халқының әдет- ғұрып, салт- дәстүрімен таныстыру.

Құрметті қонақтар, мектебімізд өтіп жатқан тіл апталығы құтты болсын. Осы мерекеге орай 5-7 сынып арасында ұйымдастырылып отырған «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер.

Ендеше құрметпен екі топтың сайыскерлерін ортаға шақырайық.

Жарысқа түсіп отырған топтарға әділ баға беріп отыратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.

2.

Бүгінгі жарысымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. Таныстыру.

2. Жүйрік болсаң, озып көр.

3. Полиглот. Орыс тіліндегі мақал- мәтелдерді қазақ тіліне аударып айту.

4. «Білгенге маржан». Қазақ халқының салт- дәстүрлерінен сұрақтар қойылады.

5. «Мен Алдармын, Алдармын» қазақ көрінісін қою.

6. «Ойнайық та, ойлайық».

Енді ойын шартымен таныс болыңыздар. Жарысты бастайық.

Екі топтың қайсы бірінші болып бастайтынын номер жазылған қағазды таңдау арқылы анықтаймыз.

1 бөлім. Таныстыру. (Екі топ өздерін таныстырады). әділқазыларға 10 балға дейін қоюларыңызға болады.

2 бөлім. «Жүйрік болсаң, озып көр». Бұл бөлімде мақал айтудан жарысамыз. Тақырыпта шек жоқ. Кім көп мақал айтса, сол топ жеңімпаз болады.

3 бөлім. «Полиглот» деп аталады. Бұл бөлімде орыс тіліндегі мақал- мәтелдерді мен айтамын. Ал сіздер баламасын айтасыздар. әр дұрыс жауапқа 5 ұпай қоясыздар.

1. Родина начинается с семейного очага. (Отан- отбасынан басталады).

2. Родная земля- золотая колыбель. (Ел іші- алтын бесік).

3. Родина- жарче огня. (Отан оттан да ыстық).

4. В родной земле и лук сладок (Туған жердің нуасы да тәтті).

5. Человек- без родины, как соловей без леса. (Отансыз- адам, ормансыз бұлбұл)

4 бөлім. «Білгенге маржан». Бұл турда қазақ халқының салт- дәстүріне байланысты сұрақтар қоямын. әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

1. Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? (сыйлы, үлкен қонаққа).

2. Төс кімге тартылады? (күйеу жігітке).

3. Қыздарға кәрі жілікті немесе құйымшақты неге ұстатпайды? (отырып қалады,

шошақай болады).

4. Қызға неге таңдай ұсынған? (таңдайы тақылдап, пысық болсын деп).

5. Ұлға неге құлақ береді? (құймақұлақ, ақылды адам болсын деп).

6. Наурыз көже қалай жасалады? (7 дәм. су, тары, ет, айран, тұз).

7. Ұлттық ойындарды атау. (арқан тартыс, орамал тастау, асық, қыз қуу).

8. Үш алыс не? (кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

9. Қазақта неше түрлі қонақтың түрі бар? Атап шық. (арнайы, құдайы, қыдырма,

қықима).

10. Не тәтті? Не жұмсақ? Не жетім? (ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ,

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,

Тыңдаушысыз сөз жетім.

11. Ұлттық тағамдарды ата. (қазы-қарта, жал-жая, қымыз, бауырсақ, жент).

12. Сүттен жасалатын тағамдарды ата (қымыз, ірімшік, сыр, сүзбе, құрт).

13. Жеті атаны ата (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат).

14. Жеті қазынаны ата. (ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, берен мылтық, алғыр

тазы, қыран бүркіт).

15. Үш арсыз ен? (тамақ арсыз, ұйқы арсыз, күлкі арсыз).

16. Түйе сүтін қалай атайды? (шұбат).

5 бөлім. «Мен Алдармын, Алдармын» көрініс қою.

6 бөлім. «Ойнайық та, ойлаық». Асық ойынын ойнау.

Ойын біткен соң марапаттау сәтінен

« Тілім менің» өлеңін оқу Мағаз Аружан


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!