Материалдар / ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР

ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
290
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есту арқылы есте сақтау қабілеттерін жетілдіруге арналған тест тапсырмалары:

Балаға әр түрлі он сөз дауысталып оқылады, оқылған сөздерді бала қайталап айтып отыруына болады. Сөздер оқылғаннан кейін баладан қандай сөз есінде қалғаны сұралады. Бала 5 сөзден жоғары есінде сақтаса, есте сақтау қабілеті жоғары деп есептелінеді.

Екінші тіркес сөзді есте сақта. Тәрбиеші алдымен төмендегі сөз тіркестерді оқиды. 1-нұсқада бала бірінші сөзді өзі айтады, екінші сөзді бала айтады. 2-нұсқада екі сөзді де бала айтады. 3-нұсқада психолог қосарланған сөзді ауыстырып оқиды, балалар қатесін түзетеді.

Қағаз –кітап

Мата – шалбар

Ұн – нан

Ағаш – орындық

Уақыт – сағат

Күн – жылы

Мал – сиыр

Жиһаз –диван

Орман – гүлдер

Сүт – құрт.

Сиқырлы дорба

Ойын жүргізушінің қолында сыңарымен және сыңары жоқ ұсақ заттар салынған сиқырлы дорба болады ( екі қасық, түймелер, ұсақ ойыншықтар, екі қолғап, моншақтар т.б.) Ойын жүргізуші бір ойыншыны шақырып, қолын дорбаға салып, қандай заттар бар екенін және олардың сыңарларын ұстап көру арқылы анықтайды. Ойын жүргізуші сиқырлы дорбадағы заттарды үстел үстіне шығарып, ойыншының жауабын тексереді. Келесі ойынға дорбаға басқа заттар салынады.


Бір сөзбен ата

Бұл ойынға суреттер көрсетпей-ақ сөзбен айтуға да болады. Ойын жүргізуші бірнеше заттардың атын атайды да, бір ойыншыдан бір сөзбен қалай атауға болатынын сұрайды. Мысалы:

  • Автобус, машина, трактор, ұшақ.

  • Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш.

  • Қара, қызыл, сары, көк, жасыл.

  • Қарлығаш, торғай, қарға, сауысқан, тырна.

  • Сиыр, жылқы, түйе, ат, қой.

  • Сарымсақ, сәбіз, қызылша, пияз.

  • Қоян, арыстан, тиін, қасқыр.

  • Теледидар, үтік, шаңсорғыш, тоңазытқыш.

  • Қарағай, емен, шырша, қайың, терек.

  • Англия, Германия, Түркия, Қазақстан, Ресей.

  • Тоқаш, нан, құймақ, шелпек, бауырсақ.

  • Көйлек, жейде, шалбар, жемпір.

  • Айран, ірімшік, сары май, қаймақ, құрт.

  • Сызғыш, қарындаш, дәптер, өшіргіш.


Қарама-қарсы сөзді тап

Ойыншылар жағалай тізіліп отырады. Ойын жүргізуші бір сөзді немесе сөйлемді атап допты бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы допты ұстап алып, сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтырады. Қарама-қарсы сөз айта алмаса, ойыннан шығып отырады. Ойын соңында қалған ойыншы жеңімпаз аталады. Қарама-қарсы сөздер:

  • Ащы- тәтті

  • Жақсы- жаман

  • Қара – ақ

  • Күн – түн

  • Қыс –жаз

  • Жұмсақ – қатты

  • Биік – аласа

  • Тар – кең

  • Жер – аспан

  • Үлкен –кіші

  • Кең – тар

  • Жоғары – төмен

  • Асты – үсті

  • Дос- қас

  • Есте сақтау – ұмытып қалу

  • Көңілді – көңілсіз

  • Батыр бала – қорқақ бала

  • Күн шықты - күн батты

  • Таң атты – кеш батты

  • Қайрлы таң! – Қайрлы түн!

Байқап қал!

Балалар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші үстел үстіне 10-15 ұсақ заттарды (қалам, қарындаш, түрлі ойыншықтар, суреттер т.б.) қойып, бетін шүберекпен жабады. Ойыншыларға бір минут қаратқаннан кейін заттардың беті жабылып, әр топтан үстел үстінде көршген заттардың аттары сұралады. Қай топ заттардың аттарын көп атаса, сол топ жеңеді.





























ДАЙЫНДАҒАН: Нурканиева Гүлшат



Мұнайлы 2021





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ