Материалдар / Тақсай ханшайым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақсай ханшайым

Материал туралы қысқаша түсінік
үйірме мен факультатив, тарих пәнінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
1171
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабырбаева Нұргүл Самиғоллақызы

10.10.1984ж.

Орал қаласы, Затон-Чапаева 11-1

87781040977 sabyrbaeva-1984@mail.ru

Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ


Қазақстанның 100 жалпыұлттық киелі орны тізіміне енген Батыс Қазақстан облысындағы 7киелі орынға арналған «Үздік театрландырған қойылым сценарийі» байқауына арналған

«Алтын ханшайым» сценарийі.(Тақсай ханшайымы)

Рөлдерде :

  1. Сыдықов Мұрат Наурызғалиұлы – БҚО тарих және археология орталығының директоры,тарих ғылымының докторы,профессор.

  2. Яна Луқпанова -тарих және археология орталығының қызметкері .

  3. Археолог қыздар мен жігіттер .

  4. Қорғанды күзететін солдаттар

  5. Журналистер тобы

І көрініс:

Батыс Қазақстан облыстықтарих және археология мекемесі. Жұмыс уақыты. М.Наурызғалиұлы кабинетіне кірі, қағаздарын ақтарып бір ойдың жетегінде жүрген күйінде, телефонға жармасады.

М.Н: Маған қызметкер Яна лукпанованы кабинетіме шақырыңыз.

(Әлі ой мазасынан арыла алмай жүрген күйді болады)

Я.Л.: Саламатсыз ба ! Мұрат Наурызғалиұлы қайндай шұғыл жұмыспен шақырттыңыз?

М.Н: Яна ! Сіз үшін жақсы жаңалығым бар. Жо, жоқ тек сіз үшін емес, барлық ел үшін сүйінші сұрарлық жаңалық. Және де қазақ халқының тарихына жаңа леп беретін іс бастаймыз.(Өз жаңалығына өзі қуанып, әңгіме барысында қолдарын сермеп, шаттанып отырады )

Я.Л.: Мен сізді түсінбедім. Әңгіменің басын ашып айтсңыз ? Қандай тарихқа маңызды іскер араласқалы отырғанымызды білейік?

М.Н.: (ұзақ ойдан кейін) 20 ғасырдың 1965 жылдары жер жырту жұмыстары кезінде Теректі елді мекенінің маңынан бірнеше жәдігер табылғаны белгілі мамандар оны сармат кезеңіне жататынын анықтаған болатын. Арада 37 жыл өткен соң, кездейсоқ табылған жәдігер орындары зерттеліп, бұл жерде 4 оба бар екені анықталады.Қысқасы осы қазба жұмыстарын өз отрядыңызбен сіз жүргізі, басшылық етесіз!

Я.Л: (таңданғаннан үнсіз қалып, кенет қуанышын білдіре алмай әрлі – бері жүріп сөйлейді)Әрине ,мен дайынмын.Бұл менің өмір бойы армандаған ісім. Керек десеңіз, қазір жолға шығып кетуіме де болады.

М.Н: Ал , ендеше ұлы іске жол ашық болсын! (Екеуі қол алысады)

ІІ көрініс(Теректі ауданы. Қорым басы )

Я.Л: (кең даладағы бір төмпешіктің үстіне мініп) жігіттер! Қыздар! Қазақтың қандай өлкесін алсақ та, қасиетті. Сондықтан осындай мекендердің қатары бұдан да көп болуы тиіс.Осылай мақтанғанымызбен, оны зерттеу біздің міндетіміз.Тарихты түгендеп кем-кетігін анықтау үшін қазба жұмыстарының орны бөлек. Осы жауапты ісжүктелген археологтар көне төмпешіктерді қопарып,қорымдар құпиясын ауыға ұмтылады. Қағазға қатталмаған мыңжылдық деректерді топырақ қыртысынан тірнектеп жинауға тура келеді. Ендеше жұмысымызға іске сәт!!!

(Отряд өз орындарын сайлап, палаткалар құра бастайды.Өз киімдерін, құрал саймандарын шығарып дайындалып, жұмысқа кіріседі.)

  • Мен бір нәрсеге қол тигіздім. Осы жерде жұмыстанайық.

  • Бір байлыққа кенелетінімізге, сеніп отырмын.

  • Ақырын қимылдап, не екенін көрсек.Ғажап бір дүние сияқты.

  • Мынау бір байлық , мен мұндай ғажайыпты көрмедім. Яна ханым, бері келсеңізші !! Әрі қарай жүретін жұмысымызды белгілеңіз.

Я.Л: Бұл біздің еңбегіміздің жемісі! Әдеттегідей сүйек табылғанда жаңбыр жауатын еді гой.Жанағы өзінің ағаштарымен әзірге жауып қойңыздар. Мен басшылыққа хабарласайын. Сосын бұл қорымда енді күзетуге біздің шамамыз жетпес, сондықтан әскер жасағын сұратайық. Қара археологтар бұл мағлұматты естісе, біздің жұмысымызға кедергі келтіруі мүмкүн.

(Я.Л. телефонын қолына ұстап, өз шаруасымен палаткасына карай жылдам қадаммен жүріп кетеді.)

Археолог(жігіт1) :Әзірге жұмыс тоқтаса, онда алау жанына жыйналып, шайымызды ішіп әңгі – дүкен құрмадық па?

(Жастар жалындап жатқан от жанына бір-бірлеп жыйнала бастайды.)

Археолог (қыз); (қолында бокалы бар, орнынан тұрып, қорымға бас бұрып) Мен қазір жалғыз өзім –ақ қазба жұмыстарын жүргізуге дайынмын. Алтындарға көмкерілген, киім үлгісі жарасымды тігілген, аяқ киімі сол қалпында сақталған бұл қай ханшайым екенін білгім кеп тұрғаны – ай !

Археолог (жігіт2) Менің біліуімше сақ қыздары шетінен жау жүрек болған және тақта отырып патшайым болып демей ме ?. Мүмкүн бір шайқаста қаза болған батыр қыздардың бірі болар Тұмар, Зарина, Күнсұлу секілді сақ қыздарынның бірі.

Археолог (жігіт3)Мен осы ел аузындағы Зарина патшайым мен қолбасшы Күнсұлу туарлы аңыз әңгіме естігем. Сақ қызы Күнсұлудың хикаясы«Сақ қызы Күнсұлу он жасында қару асынып, атқа мініп, жорықтарға қатысады. Соғыс өнерін жетік меңгерген Күнсұлу он екі жасында жүз қызға қолбасшылық етеді. Сақ патшасы Күнсұлудың жүз қызын ерекше тапсырмаларды орындауға жібереді екен. Бір күні Күнсұлу өзінің жүз қызымен ерекше тапсырмаларды орындап жүріп, парсы әскерінің екі мыңдық қолына тап болып, шайқасқа түседі. Күш тең болмаған соң, Күнсұлу қыздарға шегіне жүріп соғысуға бұйрық береді. Парсы әскерінің біразы оққа ұшып өледі. Бірақ жүз қыз қолбасшысы Күнсұлумен қолға түседі. Парсы билеушісі: «Жүз қыз қолбасшысы Күнсұлумен бірге өлтірілсін…» – деген бұйрық береді. Парсы патшасының ортаншы ұлы Күнсұлудың ақылы мен көркіне қызығып: «Әке, Күнсұлуды өлтірмеңіз, ол сіздің келініңіз болсын, мен әйелдікке алайын…» – дейді.Парсы патшасы ортаншы ұлының өтінішін орындайтын сыңай танытады. Сонда Күнсұлу бірнеше жылдан бері екі елдің арасындағы соғыстың ауыр зардаптар әкелетінін, жүз қыздың аман-есендігін ойлап, парсы патшасының ортаншы баласына: «Менің бір талабым бар, соны орындасаң, мен сенің әйелің боламын…» – дейді. Парсы патшасының ортаншы ұлы: «Ол қандай талап? Сен қандай талап қойсаң да орындаймын!..» – дейді. Сонда Күнсұлу: «Менің жүз қызымды тұтқыннан босатып, өз еліме қайтарыңыз…» – дейді. Парсы патшасы Күнсұлудың өтінішін орындап, жүз қызды тұтқыннан босатады. Сақтың батыр қызы Күнсұлуды өзіне келін етіп алады. Содан кейін сақтар мен парсылардың арасындағы соғыс жүз жылға дейін тоқтаған екен…» Арғы –бергі тарихымызда ел қорғаған батыр, ел билеген тапша қыздар көп болған.Әсіресе, сақтар заманында патшайым қыздардың даңқы алысқа тарады.Біз парсы патша Кирді жеңген Тұмар ханша жыйлы жақсы білеміз. Ал жаужүрек қыздар Зарина мен Күнсұлу туралы көпшілік біле бермейді . Бүгін біздер мүмкүн тағы бір сақ ханшайымын елге танытқалы отырған болармыз.

ІІІ көрініс

(Арнайы жасақ сарбаздары қорымды күзетуде. Бір сарбаз жаймен барып Я.Л. шатырына жақындап, Я.Л. шақырады)

Сарбаз: Яна ханым бұның маңыздылығы бар ма , жоқ па ? білмеймін. Бірақ түн сайын түнгі үште екі үкі келіп, үш рет айналып кетеді. Бүгін сізде соны көрсеңіз.

Я.Л: Әрине, өте қызық, тылсым жағдай екен.Бірақ мен мистикаға сенбейтін адам едім.(Сол арада екі үкі қорым басын үш айналады)Иа, киелі мекен екенін дәлелдейтін тағы бір таңғажайып құбылыс. Мүмкүн «Алтын ханшайым » аруағы болар, қорымды күзетіп жүрген. (Әлі аспаға қарап тұрып )

IV көрініс

Қорым басында журналистер жұмыс жүргізіп. Репортаж түсіруде.

Журналист : (камераға қарап, айналасын түсіндіріп сөз сөйлейді)Оралдық археологтар бір апта бұрын «Тақсай ханшайымын » тапқанын мәлімдейді. «Тақсай ханшайымның» қабірін ғалымдар б.з.д V-VI ғасырларға жатқызады. «Тақсай ханшайым » қорымына қазба жұмыстарын жүргізген Яна Лұқпанова мен сұхбат жүргіздіе. Яна ханым «Тақсай ханшайымы» туралы айтып берсеңіз.

Я.Л: Тақсай 1 қорған кешенінде ағаш бөренеменжабулы жерлеу орны бар. 4 ат жүгені қазылып алынды. Ағаш бөренемен жабу астындағы шығыс жақ қабырғасына қарай жерленген әйел адамның қабірі табылды, мүрденің басы батысқа, беті оңтүстікке қарап жерленген. Жерленген әйел адам аса қымбат әшекейлі киім киген: басында шошақ төбелі жоғарғы жағында тау ешкісінің бейнесі бар алтын бас киім, мойнында екі салпыншақты және тұтас құйылған гривна (металдан жасалған әшекей) тағылған. Ал киімнің кеуде тұсына төртбұрышты, сопақша пішінді барақ ит, қойдың бастары бейнеленген алтын жапсырмалы әшекейлер мен дөңгелек пішінді алтын моншақтар тігілген. Киімнің жеңдеріне де алтын қалыптағы қасқырдың азу тістері бейнесіндегі алтын салпыншақ тігілген. Білектеріне қиял-ғажайып жануар яғни мүйізді мысық тұқымдас жыртқыштың бұзаумен айқасы бейнеленген алтыннан құйып жасалған екі білезік тағылған.Мүрденің сол қолында толқынды өрнектері бар көкшіл түсті шыны ыдыс,оң қолында қоладан жасалған алтын сапты айна ұстаған. Айнаның тұтқасы жуан және онда барақ иттің басының бейнесі салынған. Бұл қорымнан табылған жәдігерлердің барлығы тарихымызға жаңа леп беретініне мен сенімдімін. Болашақта бұл жерде «Алтын ханшайымға» арналған кесене тұрғызылса, бұл жер аспан астындағы мұражайға айналса деген арманым бар.(Я.Л. сөйлеп тұрғанда экран арқылы «Тақсай ханшайымының» бейнесі көрсетілу керек. Видео ролик арқылы оқушылардың мұражайда «Тақсай ханшайымының» бейнесін тамашалап тұрғанын көрсету керек.)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!