Материалдар / Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша психологтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Наурыз 2021
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


20 «Балбөбек» МКҚК бөбекжайы








Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз»






Picture 1


















Орал 2021


№20 «Балбөбек» балабақшасының психологы:
Ильясова Э. М.

Өткізілетін уақыты:01.03.2021ж.

Тақырыбы: «Алғысымыз шексіз»


Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу,күш-қуат жинау,өзін-өзі тану,құрметтеу,өзін еркін сезінуге көмектесу.

үрейден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 


Қажетті құралдар: жүрекше, карточкалар, жаттығуға қажетті парақтар. 


Тренинг жоспары:

  1. Сәлемдесу.
    2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы.

3. «Сіз қандай адамсыз?» жаттығуы.

4. «Қай жұп күшті?» жаттығуы.
5. «Сыйлық» жаттығуы.
6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

7. «Оның есесіне мен...» жаттығуы.

8. Қорытынды. «Құпия досыма сыйлық»

Ән «Алғыс»


Ұйымдастыру:

Ағылшын колонистері үшін 1621 жылғы қыс өте қатты болады және адамдар аштыққа ұшырап, қиын күндерді бастан кешеді. Губернатор Уильям Брэдфорд өмірден түңіліп жүрген адамдардың көңіл-күйін көтеру үшін «Алғыс айту» күнін белгілейді. Бұл күн адамдарға бір-біріне ізгі тілек айтып, жақсылық жасауға, қиын жағдайда жылы сөзбен бір-бірін қолдауға үйретеді. Басқалар да бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Ал, 1789 жылы Джордж Вашингтон бұл күнді «Ұлттық мереке» деп жариялады. Содан бері АҚШ пен Канадада алғыс айту күні әр жылы қарашаның төртінші бейсенбісінде тойланып келеді. Бізідң елімізде ше? Қазақстанда алғыс айту күні 2016 жылы алғаш рет аталып өтті. Елбасы жарлығымен 1-наурыз «Алғыс айту» күні боп белгіленді.
Психолог: Қайырлы күн,қымбатты бөбекжай қызметкерлері!

«Алғысымыз шексіз » атты ризашылық күніне арналған мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Құрметті педагогтар өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз.

Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызға алғысымызды айта отырып, сыпайы 

қарым-қатынаста болып, жақсы көңіл-күй сыйлау, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 

Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

1.Сәлемдесу.  Педагогтар шеңбер жасай тұрады.

Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін бір – бірімізбен дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.

1 нұсқа. Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық.
2 нұсқа. Бір–бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
3 нұсқа. Оң  және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?           
                   



2. «Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы. 
Ең алдымен жүргізуші бастайды. Жүрекшені алып, «Мен сізге жүрекшені беремін, себебі сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрекшені алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. 


3.«Сіз қандай адамсыз?» жаттығуы.


— Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз. Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстап, көзіңізді жұмыңыз. Мен сіздерден естігеніңізді ойша елестетіп, естіп, сезінулеріңізді сұраймын.
Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір үйшік кезікті дейік:
1. Сізше үйшіктің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)
2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)
3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)
5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін).
6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
7. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
8. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
9. Сандыққа жақын жердегі гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сіздің ойыңызша оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)

Жауап:
1. Есік.
Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
2. Үстел.
Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.
Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.
Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.
3. Құмырадағы су.
Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.
Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.
Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.
4. Құмыраның материалы.
Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.
Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.
5. Кілт.
Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.
Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.
Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.
6. Қала қорғаны.
Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.
Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.
7. Сандықтың үлкен-кішілігі.
Кішкене: жауапкершілігіңіз аз.
Орташа: мәлім мөлшерде жауапкершілік бар.
Үлкен: жауапкершілігі күшті.
8. Сандықтың материалы.
Қатты қағаздан, ағаштан (сырты жарқырамайды): сіз кішпейіл жансыз.
Метал: мақтаншақ әрі тоңмойын жансыз.
9. Көпірдің материалы.
Метал: достарыңызбен өте жақын, қою байланыстасыз.
Ағаш: достарыңызбен белгілі дәрежеде байланыстасыз.
Өрім: сіздің айналаңызда ешқандай досыңыз жоқ.
Талқылау:
Қандай сезімде болдыңыз?


4. «Қай жұп күшті?» жаттығуы.
Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен  алғыс сөзбен жақсы тілектер жазылған қағазды алып, қалған ойыншыларға дауыстап оқиды. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген  жерге дейін шарды бір – бірін құшақтап шарды жарады.


5. « Сыйлық» жаттығуы.

Педагогтарга  түрлі – түсті қағаз, желім, қайшы түрлі құрал – жабдықтар таратылып беріледі. Өз қалаулары бойынша сыйлық жасайды, бірақ кімге жасап жатқаны белгісіз. Соңынан артына цифр жазылған гул күлтелері таратылып беріледі. Реттік номер бойынша бірінші сан иесі екіге, екі үшке солай  жалғаса  береді. Сыйлық иесін тапқан соң ізгі тілектерін, айтып жасаған сыйлықтарын бір – біріне ұсынады.


6. «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу.

Мақсаты: иық, мойын омыртқаларындағы бұлшық ет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

 Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын. Міне, кішкене жел ұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі.

Дауыл басталды, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды.(жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз? Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім күйлеріңізбен бөлсіңіздер.




7.«Оның есесіне мен...» жаттығуы.

Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.
- Мен бәліш пісіре алмаймын, оның есесіне......
- Мен шаршадым, оның есесіне.......
- Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне.....
- Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне.....
- Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне.....
- Мен жұрттың бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне....
- Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне....
- Мен Үндістанда болған жоқпын, оның есесіне.....
- Мен пәлендей батыл емеспін, оның есесіне......
- Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне.......
- Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне......
- Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне.....
- Мен тым толықпын, оның есесіне.....
- Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне....
- Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне....
- Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне......



10. Қорытынды. «Құпия досыма » Корзинадағы гүлдердің ішінен әр қатысушы өзіне 1 гүл таңдап алып өзіне түскен адамға сыйлық дайындайды.

Ән: «Алғыс» орындалады.

Алғыс айту үшін арнайы күнді күтпейік. Мүмкіндігінше жақсы сөз айтудан жалықпай, бір-бірімізден жан жылуымызды аямайық!  




























Shape1





























































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!