Материалдар / Тақырыбы Бақбақ - дəрілік өсімдік. Іргебаева Әлия 3 «А» сынып оқушысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы Бақбақ - дəрілік өсімдік. Іргебаева Әлия 3 «А» сынып оқушысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп оқушыларына керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2020
1036
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс-Қазақстан облысы

Үржар ауданы, Қарақол ауылы

«Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ

Тақырыбы Бақбақ - дəрілік өсімдік.

Бағыты: Таза табиғи орта-«Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың негізі

Ғылыми жоба қорғаушы: Іргебаева Әлия 3 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Бекбаева Айгуль Зиядиновна.

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім

«Бақбақ» Табиғат сыйы...................................................................1-2 бет

ІІ. Негізгі бөлім

а/Бақбақ және оның түрлері ............................................................3 бет.

б/ Бақбақ туралы қызықты деректер...............................................4 бет

в/ ас мәзірлеуде пайдалану ............................................................5 бет

в/ Бақбақтың емдік қасеттері...........................................................6-7 бет

ІІІ. Қорытынды бөлім.......................................................................7 бет

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер............................................................7 бет



Тақырыптың өзектілігі:

Қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді. Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Елімізде ғылым мен техниканың қарыштап дамуы нәтижесінде өнер саласы өзінің басқа елдерден артықшылығын әлемге әйгілі етті. Халық тұрмысының жақсару еліміздің мәдениеттінің дамуы күннен күнге көз лестірмей дамып келеді.Еліміздің «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Қазақстанды көкалдандыру , гүлзарларды көбейту мақсатында көптеген шаралар жүргізіліп жатыр

Табиғаттың адамға берген бір қасиеті – адамның табиғаттың сырларын аша білуінде.


Зерттеу мақсаты: Өсімдіктің өзіндік ерекшелігін танып, оның пайдалы жақтарын терең талдау. Бақбақ гүлінің өсуі мен өзгерістерін зерттей отырып, адам өміріне пайдасын білу. Күнделікті өмірде қолданып нәтижесін шығару

Зерттеу міндеті: Бақбақ гүлін сипатау, адам денсаулығына пайдасын айтып, емдік жүргізуге кеңес беру.

Зерттеу нысаны (обьект): шөп

Зерттеу пәңі: бақбақ гүл

Гипотеза: Бақбақ гүлі өте ерекше, өте әдемі гүл. Өзі кішкетай болса да пайдасы өте көп.

Ертеден адам табиғатпен бірге болуға ұмтылған. Ол бекерден емес. Табиғат адамға күш-қуат береді, денсаулығын нығайтады. Демек өсімдіктердің қасиетін білу ол өте құнды.

Picture 1 Осы айтылғанымды басты назарда ұстап Еліме қандай үлес қоссам деген ой туды. Сөйтіп ауылда аулада, бақшада күнделікті көріп жүрген Бақбақ гүліне көзім түсті. Себебі үшып жүрген үлкен және кіші жендіктер аралар, көбелектер, қоңыздар сары гүлге жиі қонады. Мені бірнеше сұрақ мазалады: Ол дәмді ме? Ол пайдалы ма? Оны адамдарға ас мәзірлеуде пайдалануға болады ма? Сөйтіп өсы сұрақтарымды тәжірибе арқылы шешім іздеуді үйғардым да Айгүл мүғалімнен көмек сұрадым.



«Бақбақ» Табиғат сыйы


Б ақбақ адам денсаулығына тигізер пайдасы көп, дəрілік өсімдік. Бақбақтың біз білмейтін тұстары бар. Бақбақ гүлі- көктемнің тұңғыш гүлі. Ол еліміздің барлық өңірінде өседі. Оны ел ішінде «сарғалдақ» деп те атайды. Бақбақ гүл – гүлдің аты, дала гүліне жатады. Бұл гүл наурыз, көкек айларында және жаз айларында алғашқы кездері сапсары болып гүлдейді де кейінен үлпілдек мақта тәрізді гүл ашады. Гүліне сәл жел тисе болды, үлпілдек мақта тәрізді гүл жүндері ұшып кетеді. Қазақ оны «бақ-бақ», «бақбақ гүл» деп те атайды. Менің ойымша «Сарғалдақ» деп аталуы сары түсті болуы. Ал «Бақбақ» деп аталуы оның үлпілдек мақтасы түскен жеріне бақ әкелсін деп ойлағанба деп жорамалдаймын. Осындай ойлардан кейін менім гүлге деген қызығушылығым арта түсіп ол туралы мәліметтер жинай бастадым.


ІІ. Негізгі бөлім

.

Республика территориясынан 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Әр облыстың, аймақтың, халық дәрілік өсімдіктердің әр түрлі қасиеттерін өздерінше пайдалануы  да мүмкін. Оның да жөні бар. өйткені кейбір  өсімдіктердің бірнеше түрлі дәрілік қасиеттері бар.         

«Бақбақ» немесе «сарғалдақ» гүлін қазақ гүл бапкерлері көп зерттеген, ерте таныған. Бақбақ гүлі күрделі гүлдер туысы, көпжылдық шөптесін өсімдік. Бұл гүлдің сабағы қуыс, жапырақсыз тақыр, сүтті, шырынды. Жапырақтары қауырсын пішінді, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланып өседі. Гүлдері қос жынысты, түсі сары, сабақ ұшында тостағанша тәрізді дөңгеленіп орналасқан. Жемісі дәнек, желмен бейімделген. Жер шарында 100-ге жуық түрі өседі Бақбақ (Taraxacum) — күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз Бақбағы (T. koksagnuz).

Picture 1 Picture 6


Бақбақ (лат. Taraxacum) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктерҚазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуір — мамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады Латек сөлі шығатын көпжылдық шөп. Еліміздің солтүстігінде ылғалды шөп шабындық жерлерде, ашық аландарда, тау бөліктерінде өзен жағалауларында өседі.



Picture 1 Picture 1


Дәрілік бақбақ түймедағы мен мыңжапырақ сияқты күрделі гүлдер тұқымдастарына жатады. Ұзын, дұрыс емес түрдегі қалақты және тістес жапырақтары сабақтың айналасында дамиды, оның атауы француздық «dent de lion» сөзінен шыққан.

Бақылып жүргенде байқағаным бақбақ гүлі күндіз ашылып, кеш батқанда жабылып қалады. Бақбақпен сағатты білуге болады. Олар таңғы сағат алтыда ашылып, түстен кейін сағат 15.00-де жабылады. Picture 1 Picture 5

.

Ж алпы осы жұмыспен айналысқаныма өзім қатты қуандым. Себебі көптеген кызықты, пайдалы деректер жинадым. Алғашқыда мазалаған сұрақтарыма жауыптарып таптым. Соның бірі адамдарға ас мәзірлеуде пайдалануға болады ма? Ия болады! Сіздермен анамның көмегімен жасаған салатпен бөліскім келеді. Алдымен бақбақ гүлінің жас жапырақтарын жинап алдым. Жинағанда мұқият болу керек. Өндірістік алаңнан, автомобиль жолдарынан алыс болу керек. Жапырақтарды жақсылап жудым да 20-30 минуттай тұздалған суға салып қойдым. Себебі сол кезде оның ашты дәмі кетеді.Салат құрамы: қияр, қызанақ, көк пияз, майонез, бақбақ жапырағы, тұз. Салат өте дәмді болды!



Сондай-ақ бақбақ гүлінен бал жасауға болады. Балды қалай жасауға болатының сілтемені басып көруіңізге болады.

Жасанды бал, табиғи ара балынан айырмашылығы білінбейді. Бақбақ гүлі витоминдер мен микроэлементтерге бай, күнделікті бір қасықтан қолдану бет терісіне, тіс еттеріне, көру кабілетін және иммундық жүйеге керемет емдік әсері бар. Ал оны жасау үшін түкте қиындығы жоқ. Ол үшін 400 дана бақбақ гүлін жинап алу керек, бірақ ол гүлдер көлік жүретін жолдан алыс өсуі керек, өйткені көліктерден зиянды газдар бөлініп шығады. Содан кейін гүлдің сары күлтешелерін жасыл сабағынан бөліп аламыз. Сонда балдың түсіде әдемі карамелді түске айналады.

Ары қарай 400 милилитр су құйып жақсырап араластыра отырып бықтырып 10 минут қайнатамыз. 2-3 сағатқа суытып қоямыз, содан кейін жақсылап сұзгіштен сүзіп аламыз. Сұзілген сүйықтыққа 1 кг қант салып жақсылып араластырып 20 минут қайнатамыз. Бетіндегі көбігін алып тастап жарты лимон сөлін қосамыз. Лимон балға қышқыл дәм беріп және сарғыш әдемі түс береді. Жақсылап араластырып қайнатамыз.


Мен кітаптардан, энциклопедиялардан, интернеттен өте көп материал жинастырдым. Осыған сүйене отырып бақбақ гүлінің көп пайдасы бар екеніне көзім жетті. Бақбақ гүлін біз жанұямызбен жинап пайдаланатын болдық.

Бақбақ гүлінің емдік қасиеті бар. Ол теріге, асқазаңға,бүйрекке т.б.пайдасын тигізеді. Жинастырған материалдарымнан «Бақбақ гүлінен жасалған аптека» деген шағын жинақ құрастырдым.

«Бақбақ гүлінен жасалған аптека»

Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадір тұтып, сүйіспеншілікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Грецияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар «писанли» ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латынша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөністердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, ашқылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.

Бақбақтың шөбін, тамырын дәрі үшін жинайды. Бақбақ асқа тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысына көмектеседі. Жалпы бақбақтың біз білмейтін денсаулыққа тигізер пайдасы мол.

*Көздің мүйіз қабаты қабынған жағдайда гүл шөбінен 10 г, ақ гүлден 10 г қосып, қайнатамыз. Қайнатпа салқындаған кезде онымен көзді жуамыз.

*Бадамша безіңіз қабынған болса. Бақбақтың 15 г, ошаған тұқымынан 3 г, борпылдақ саңырау құлақтан 3 г, қызылмия тамырынан 3 г қосып, қайнатамыз. Содан оны бұқтырып ішіңіз. Сонда ауруыңыздан оңай айығасыз.

*Созылмалы іш қатуға бақбақты суға қайнатамыз. Содан онымен ауырып тұрған жерді дәке арқылы ысқылап, орап тастаймыз. Ол іштің жұмсаруына көмектеседі.

*Өт қалтасының қабынуына бақбақ тамырынан 62 г, ақ жусаннан 31 г, мысық жалбыздан 15 г қосып, қайнтамыз. Дайын болған қайнатпаны үздіксіз ішіп отырамыз. Осылайша аурудан тезірек сауығамыз.

*Ал құлағыңыз ауырса, 2-5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады. Бақбақ пен оның ащы заттарының сіріндісі Имупрет® препаратында бар, және басқа алты дәрілік өсімдіктермен бірге ол қабынуға қарсы қасиеті арқылы иммундық қорғану жүйесін нығайту үшін пайдаланылады.


Қорытынды бөлім

Осы тақырыпты зерттей отыра мен мынадай тұжырымға келдім. Бақбақ гүлі әрине пайдалы. Мен бақбақ гүлінің әкелер жақсылығын білдім. Бақбақ гүлін өте ерекше гүл екенін түсіндім. Өзі кішкетай болса да пайдасы өте көп. Алтын түсімен бізді қуантады. Енді бір елдер осы гүлді отбасы мүшелерін сәтсіздіктерден сақтайтын қасиетті өсімдік ретінде құрметтейді. Сонымен қатар қыз келіншектер сән салонына бармай-ақ үй жағдайында бақ-бақ гүлінің тұнбасынан жасалған су сабынмен жуынса, кәріліктің алдын алады екен. Бақ-бақ гүлінен жасалған сусынды ішсе, бас ауруы жазылады, қан қысымы түседі. Сондай-ақ ірінді ісіктерді, жұтқыншақтың қабынуы, зәр шығару жолдарын емдейді. Жұқпалы тұмау ауруына таптырмас ем екен.


Пайдаланылған әдебиеттер.

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (2-том,1-том)

Интернет жүйесін пайдалану

«Ақ дастарқан» кітабы 1985 ж.

«Балдырған» балалар журналы 2009 ж. 9 нөмірі

«Егемен Қазақстан» газеті 2011 жыл





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!