Материалдар / Тақырыбы: "Бауырсақ- ұлттық тағам"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: "Бауырсақ- ұлттық тағам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба. Тақырыбы " Бауырсақ- ұлттық тағам" Орындаған: 4 сынып оқушысы Аскербекова Кадиша Жетекшісі:Сагитова Жанар Кайроллиновна
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2021
1119
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақмола облысы

Сандықтау ауданы

«Жыланды қазақ негізгі мектебі»КММ











Жоба тақырыбы:

«Бауырсақ –ұлттық тағам»

Секциясы: Этномәдениеттану













Орындаған: Аскербекова Қадиша

4 сынып оқушысы


Жетекшісі: Сагитова Жанар Кайроллиновна

Бастауыш сынып мұғалімі











Каменка с.,2018-2019 оқу жылы



Жетекшінің пікірі:Сагитова Ж.К. бастауыш сынып мұғалімі.

«Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақ» тақырыбына зерттелген ғылыми жоба оқушының жас ерекшелігіне сай, өз тіліне жатық, ыңғайлы, жан-жақты талқыланып, ата-анасымен бірге ізденіп зерттеген. Жобамен жұмыс жасаушы қыз бала болған себепті осы тақырып өзіне сондай жақын,қызықты, талқылауға тұрарлық болды.Осы тақырыппен ізденіс үстінде жүргенде бауырсақтың жасалу жолдары мен бауырсақтың бірнеше түрін аша білген.Жұмыстың орындалу барысында оқушының қазақтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген патриоттық сезімнің мықты екенін көрсетеді.Бұл жұмысты тіл дамыту сабағында «Нан қайдан келеді?» ертегісін оқығанда, қоршаған дүниемен танысу сабағында «Нан дастарқанға қалай келеді?» тақырыбын өткенде пайдалануға болады. Бейнелеу өнері сабағында әртүрлі заттардан коллаж жасауда бидайдың дәндерін пайдалануға болады. Тәрбие сағаттарында кеңінен пайдаланып, көрнекілік ретінде қолдануға болады.































 

1





Мазмұны:

І. Кіріспе …………………………………………………………………

1.1. Нан — қасиетті тағам…………………………………………………

ІІ. Негізгі бөлім………………………………………………………………

2.1. Нанның ұлылығы…………………………………………………………

2.2. Нан мен бауырсақтың пайдасы .............................................................

2.3.Бауырсақ және  бауырсақтың  түрлері……………………………

2.4. Бауырсақты пісіру жолдары…………………………………………

ІІІ. Қорытынды  …………………………………………………………

ІV.Пайдаланған әдебиеттер……………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

























 

2



Аннотация

Бұл жұмыс нан өнімдері және оның қолдану аясымен қоса, нан өнім түрі-бауырсақ туралы кең көлемде деректер келтіріле отырып зерттелінген. Оқушы өзіне таныс деректі затты ала отырып, бауырсақтың  адам ағзасына пайдасы туралы және оның пісірілу жолдары туралы  тың материалдармен тақырып өзектілігі ашылған. Нан мен бауырсақтың  қасиеті мен қоғам өміріндегі маңыздылығы ерекшеленген.Нан қасиетті тағам болғандықтан, нанға байланысты ырым-тыйым сөздер де қолданылған.

 







Аннотация

 Это исследование было изучено с широким спектром деталей о хлебобулочных изделиях, включая хлебобулочные изделия и их применение. При ознакомлении ученика с документальным материалом раскрывается актуальность темы рассказа о пользе баурсака для организма человека и способов его приготовления. Хлеб и баурсак имеют особое значение в жизни общины, поскольку хлеб - это святое, его также используют для хлеба.

 







Abstract

This study has been researched with a wide range of details about baking products, including bakery products and their application. Getting the student acquainted with the documentary material, the relevance of the theme of the story about the benefits of baursak to the human body and its ways of cooking is revealed. The bread and the are of baursak particular importance in the life of the community. Because the bread is a sacred thing, it has also been used for loaves. 

 

 

 

 

 

 

3



    Зерттеудің мақсаты: нанның қасиеті, бауырсақтың түрлері туралы түсінік бере отырып, нан-азық атаулының анасы екеніне көз жеткізу. Қай халық, қай жұрттың болмасын нан қадіріне жетпейтіндері жоқ екендігін, нан бар жерде жан бар екені туралы айтып өту. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.


Зерттеудің ғылыми болжамы: Ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай отырып, салт-дәстүрімізді одан әрі дамыту, ұлттық мәдениетіне тәрбиелеу.


Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1.Бірінші кезең: киелі нан туралы, бауырсақ, оның түрлері, пісіру жолдары туралы материал жинақтау, қосымша материалдар көзін іздеу.

2.Екінші кезең: Жинақталған материалдарды қорыту, жүйелеу.

3.Үшінші кезең: Зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы нақты нәтижелер алу, жинақталған материалдары дайындап ұсыну

Зерттеу әдістері: Жинау, талдау.


Алынған мәліметтер негізінде жасалған қорытынды:

       Жұмысты орындау кезінде оқушы нанға, бауырсаққа байланысты ырымдар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, нанды қастерлеуге деген сезімі оянды. Бұл жоба салт- дәстүр бойынша ұсыныстар дайындауға бағытталған.

Жинақтау – құрылымдық бөлімінде бауырсақтың құрамы, жасалу жолдары, әртүрлі бауырсақ түрлерін пісіруге арнап жинақ кітапша шығару.

Алынған жұмыстың іс жүзінде қолданылуы:

тіл дамыту, қоршаған дүниемен таныстыру сабақтарында  нан туралы оқыту кезінде пайдаланады;

Сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға, тәрбие сағаттарға пайдалануға болады.

 

 

 

 















4

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру аясында – « Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы крек»

Н.Ә.Назарбаев





 

І. Кіріспе

1.1. Нан — қасиетті тағам

       Нан – біздің Отанымыздың байлығы, халықтың негізгі тамақтану өнімі болып табылады.

     Нан сапасы егіс шаруашылығымен өте тығыз байланысты. Ал егістіктен біз астық аламыз. Алған астығымыздың сапасы неғұрлым жоғары болса, одан алған өнім сапасы да соғұрлым жоғары болады.  Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, бауырсақ, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады. Астықты жер жүзінің түкпір — түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды. Міне, осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Астықтан алынатын ең маңызды өнімдердің бірі — нан және нан өнімдері. Бұл өнімдері күнделікті қолданылып отырады, сондықтан да тағамдық құндылығы жоғары болып саналады.

     Қазақта «Ас — атасы нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені — нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, жерге тастамауды үйретеді.

 ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Нанның ұлылығы

      Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта  «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да  жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар.

Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы

5

қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.

         Дастарқаныңыз берекелі болсын десеңіз, үйіңізге ырыс кірсін десеңіз, отырған адамдардың ықылас-пейілі өз шаңырағыңызға аусын десеңіз алдымен дастарқаныңызға нан қоюды ұмытпаңыз. Өйткені жай нанның өзінде пенделердің көзіне көрінбейтін адамдарды тартатын қасиет бар.

          Бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде нанның қадірін білмей, аяқ асты немесе қоқысқа тастаған кездері көп кездеседі. Сонымен  қатар наннан 

жасалатын  тағам  түрлері де  көп. Оның  әрқайсысы қандай үлкен еңбекпен, диқаншылардың маңдай терімен, қаншама адам еңбегімен дастарқанға келетініне көз жеткізу.Бұл жерде диқаншылардың ерен еңбегін де айтпай кетуге болмайды. Біздің өлкемізде көктем туысымен-ақ диқаншыла

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!