Материалдар / Тақырыбы: Дала құстары (байланыстырып сөйлеу)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Дала құстары (байланыстырып сөйлеу)

Материал туралы қысқаша түсінік
Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, құстарды қорғай білуге тәрбиелеу. Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
900
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжайы

«Балапан» тобы

Күні: 19.01.2021ж

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Дала құстары (байланыстырып сөйлеу)

Мақсаты: Зат есімдер мен көмекші есімдерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, құстарды қорғай білуге тәрбиелеу. Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту

Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Балабақша ауласындағы құстарға бақылау жасау

Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу

Қажетті көрнекі құралдар: Кірпі, жаутаң ойыншықтары, қарға, торғай, сауысқанның суреттері, доп

Билингвалдық компонент: кірпі - ежик – hedgehog, қарға- ворона - crow

торғай - воробей - sparrow

Іс – әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушылығын

ояту кезеңі

- Сәлеметсіздер ме, балалар!

Жылулық шеңбері:

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату - тәтті ойнаймыз.

Ғажайып сәт: Тәрбиеші балаларға қолындағы хатты көрсетеді.

- Балалар, менің қолымдағы хат кірпі мен жаутаңнан келді. Мен сендерге хаттың мазмұнын оқып берейін.

- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Біздің орман тым - тырыс болып қалды. Құстар көрінбейді, дауыстары естілмейді. Біздің құстар сендер жаққа ұшып кеткен сияқты. Егер келсе бізге хабар беріңдер.

Сәлеммен, жаутаң мен кірпі

-Балалар, сіздер балабақшаға келе жатқандарыңда қандай құстарды көрдіңдер?

Суретпен жұмыс

Балалар, қазір мен сіздерге жұмбақтар жасырамын, мұқият ойланыңыздар.

Жұмбақтар

Бір-ақ уыс көлемім,

Шыбын-шіркей қорегім.

Бау-бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше? (торғаймын)



Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(Қарға)

Күндіз соқыр не деген,

Түнде қандай көреген.

(Үкі)

Балалар әрбір жұмбақтың шешуін тапқан сайын тәрбиеші суретті тақтаға іледі.

-Жарайсыңдар, балалар!

- Сәлеметсіз бе!

Орындарынан тұрып, шаттық шеңберін орындайды.





Балалар тәрбиешінің қолындағы хатқа қарайды. Тәрбиешіні итыңдайды.















- Торғай, қарға











Балалар тәрбиешінің көмегіне сүйене отырып, жұмбақты шешеді.


Ұйымдас-

тырушылық

ізденіс кезеңі

- Балалар, құстар күн суытқан кезде жылы жаққа ұшып кетеді. Ал кейбір құстар жылы жаққа кетпей қалып қояды.

-Балалар, жылы жаққа ұшып кететін құстарды не деп атаймыз?

-Ал кетпей қалатын құстарды не деп атаймыз?

-Балалар, жыл құстарына қандай құстарды жатқызамыз, қыстап қалатын құстарға ше?

Балалар, жыл құстарына тырна, үйрек, қарлығаш сияқты құстарды жатқызамыз.

Ал қыстап қалатын құстарға қарға, торғай, шымшық сияқты құстарды жатқызамыз.

-Балалар, қыстап қалатын құстарға біздер қамқор болуымыз керек. Өйткені күн суытқан кезде құстардың тамақтарын тауып жеуі қиындайды. Себебі, жәндіктердің барлығы тығылап қалады. Жер бетіндегі түрлі өсімдіктердің барлығы қурап қалады.

Сондықтан да оларға жем беріп, ұя жасап беруіміз керек екен.

-Балалар, орындарыңнан тұрыңдар, сергіту жаттығуын жасаймыз.

Сергіту сәті

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

Қарғаға біз ұқсайық

Қане қанат жаяйық,

Қарға сияқты жүрейік,

Жан-жағымызға қарайық.

"Қайсысы қалай дауыстайды?" дидактикалық ойыны

Мақсаты: Құстардың даусын ажыратып, дұрыс атай білуге үйрету.

-Балалар, ормандағы құстар сіздермен танысу үшін ұшып келген екен. Кәне, енді осы құстарды кірпі мен жаутаңға қайтарайық.









-Жыл құстары



-Қыстап қалатын құстар деп атаймыз





Балалар тыңдап отырады.

































Орындарынан тұрып, сергіту жаттығуын орындайды.







Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Балалар құстарды ағашқа қондырады.




Іс – әрекеттің бағалау кезеңі

-Балалар, біздер қандай құстармен таныстық?

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс- әрекетін аяқтайды.

- Қарға, торғай, шымшық


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Дала құстары туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді: Жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды ажырата білуді түсінді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Құстарға қамқор болуды меңгерді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!