Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бірінші байлық –денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын,көңіл-күйін ажырата білуді қалыптастыру. Дыбысты таза орындау,сөзін анық айтуға үйрету. Ән өнеріне қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Оқу қызмет түрі: Музыка

Қараша айы. Өтпелі тақырып: «Дені саудың жаны сау»

ҰОҚ тақырыбы:

Тақырыбы: «Дұрыс тамақтану. Дәрумендер»

Күні: 09.11.2021 ж


ТОП: МАД

Балауса


ҰОҚ-нің мақсаты:

«Бірінші байлық –денсаулық» деген ұғымды кеңінен түсіндіре отырып, салауатты өмір салтын насихаттау.Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын, сипатын,көңіл-күйін ажырата білуді қалыптастыру. Дыбысты таза орындау,сөзін анық айтуға үйрету.

Ән өнеріне қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп, үйренеді.

Әнді тыңдағанда әуенді сезіне біледі

Ырғағы мен динамикасыншапалақтап көрсету арқылы есте сақтайды.

Музыкалық-ырғағқты қимылды өздері орындай алады.

Ойынды қызыға ойнап, ұйымшылдықпен, белсене араласады.

Тілдік мақсат:

Балалар: Қойылған сұраққа көңілдене жауап береді, өз ойларын білдіріп әңгімелейді.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жеміс-жидектердің көрнекілігі, сылдырмақ, таяқшалар, жасанды жемістер, слайд (дұрыс тамақтану және дәрумендерге арналған).

Пікір алмасу:

-Бізде қазір қай мезгіл?

-Күз мезгілінде ауа райы қалай өзгереді?

-Күз мезгілінде нелер піседі?

-Жарайсыңдар. Бүгін біз осы жеміс-жидектер, көкөністер, дұрыс тамақтану үшін қандай тағамдарды қолдану керек екендігімен танысамыз.

-Балалар, тамақтану дегеніміз не?

Өткен ҰОҚ-нен

алған білім

Балалар өткен сабақтардағы сұрақтарға жауап береді.

ҰОҚ өткізу барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I.Дұрыс әсерлі көңіл-күй орнату





II.Ұйымдастыру

«Барабанчик» марш ойналып, балаларды залда қарсы алу.

Музыкалық амандасу: балалар залға кіріп болғаннан кейін, жарты шеңберге тұрып ,балалар мен баян аспабының сүйемелдеуімен амандасамыз.

СЕРГІТУ СӘТІ

Саусақтарға қараңдар,

Бұл кішкентай балалар.

Көңілденіп күледі,

Жаттығуды енді сен,

Бірге жаса менімен.

Аман, сау болып ағзамыз,

Түзу болып арқамыз.

Досымызға қарайық,

Күлімсіреп алайық.

Сұрақ-жауап.

-Балалар, дұрыс тамақтану деген не?

-Жеміс-жидек жеген пайдалы ма?

-Пайдалы және пайдалы емес тамақтануды қалай түсінесіңдер?

Музыкалық-ырғағқтық қимыл: «Сәбіз биі» қимылдарын үйрету.

Жеміс-жидек, көкеніс, сылдырмақ, таяқшалар, жасанды жемістер, слайд (дұрыс тамақтану және дәрумендерге арналған).


III. Тақырып бойынша жұмыс

Ән тыңдау: :«Ақ бұлақ»

Балалар әнді түсінгені жайлы әңгіме айту.Балалар, музыка қандай көңіл күйде жазылған?

Дауыс жаттығуы: жабынқы үнмен, айтуды үйрену

- Ән айтар алдында

дауысты қалыпқа келтіріп, ән айту ережелерін естен шығармайық, және дұрыс отыруымызды қадағалаймыз.

Ән айту: алдыңғы оқу қызметінде өткен әнімізді қайталап, қортындылау.

Түсінбеген, дұрыс болмай қалған жерлермен жұмыс жасау.

Жаңа ән: :«Жемістер»Ә.Бейсеуов. таныстыру, балалармен жұмыс жасау. Әннің не жайлы екенін түсіндіріп, қалай әнді айту керек екенін түсіндіру,айту. Ән айтпас бұрын бірінші танысу, мәтінмен, автормен.Сосын балаларға сүйемелдеу арқылы әнді орындау. Яғни ең бірінші сөздерін оқып аламыз одан кейін сүйемелдеу арқылы әнді жалғастырамыз.

Дидактикалық ойын: «Не артық?» ойынның сөздерін жатқа айтып, бірдей қимылдап, ойын шартының орындалуын қадағалайды.

Би: «Көкеністер» биінің элементтерін үйретіп, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.



IV. ҰОҚ-нің қорытындысы

Оқу қызметін қорытындылаймыз: бүгінгі оқу қызметінде не өттік барлығын қайталап сұрау.Мадақ сөздер айту. Балаларды саппен тұрғызып марш арқылы музыка залынан шығарып салу.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2022
484
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі