Материалдар / Тақырыбы: эссе ҰБТ дайындық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: эссе ҰБТ дайындық

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңінде оқушыларға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшеліктері»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1778
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы

Абай атындағы № 90 мектеп психологы

Жұмашова Мұңлық Жолдасқызы





«Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезеңінде оқушыларға, оқушылардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету ерекшеліктері»

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

А.Құнанбаев


Қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі ҰБТ болып тұрғаны белгілі. Мектепті тәмамдау, қилы тағдырға қадам басу, баланың балалықтан болашаққа салар жолы осы ҰБТ арқылы жүзеге асып жатады. Өйткені ҰБТ мектеп бітіруді қорытындылау нәтижесі ғана емес оқушының болашақ өмірінің негізі болатын мамандығына қол жеткізудегі бірден бір мүмкіндігі. Адам баласы дүниеге келіп өмір есігін ашқан сәттен бастап өмір-өзен оны ағысына салып ала жөнелетіні анық. Сол ағыны қатты ағыста ағыстан қалмай, тағдыр жазған тура жолдан таймай өмір сүре білу әрбір адамның өмірлік мақсаты мен тіршілік ету қағидасы. Өмірді өкінбестей етіп қалыптастыру әр жеке тұлғаның өз қолында. Ол үшін мынадай екі қағиданы есте сақтаса жеткілікті: біріншісі,салауатты өмір салтын құру, екіншісі, мамандық таңдауда қателеспеу. Өйткені, қазіргі қоғамда біздің өміріміздің өн бойы өзіміз таңдаған мамандық аясында қызмет атқарумен өтеді. Сондықтан мамандық таңдауда қателік жіберіп алмауға тырысу керек. Міне, осы қағиданы оқушы санасына сіңіру- менің оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық дайындау барысындағы ең алғашқы қадамдарымның бірі. Оқушы өз қалауын білсе,мақсатын айқындай алса, сол мақсатқа жету жолында қызығушылықпен ынталы көңіл-күй арқылы еңбек ете білуге ұмтылады. Мақсаттың шыңына жету үшін, яғни мамандық иесі атанып қоғамға пайдасын тигізе ала білетіндігін, өз мамандығының ашылмаған құпияларын игере алатындығын, ең бастысы осы жолда ата – ана үмітін ақтай алатындығын ұғындыру,ал ата-ананың бала болашағы үшін күресу арқылы көптеген еңбектер жасау керектігін түсіндіремін. Міне, менің жұмысымның негізі де осында, яғни мақсаты айқын адам сол мақсатқа қол жеткізуде кез келген қиыншылықты жеңуге тырысатындығында жатыр. Ал енді осы жолда оқушының кездескен кедергіден психологиялық соққы алмауға белсендіру үшін әр түрлі психологиялық тренингтер мен сабақтар өткізіп пайдалы кеңестер беремін. Бұл ретте мен ҰБТ-ге оқушыны психологиялық тұрғыда дайындау барысындағы атқарар жұмыстарыма негіз етіп аңыз – әңгімелерді аламын, кеңінен қолданамын. Кез келген аңыз – әңгіме астарында адамды ойландыратын мән мен мағына жатады. Оқушыны аңыз – әңгімені оқи немесе тыңдай отырып әңгіме астарында жатқан негізгі ойды өз бойына жақсы қасиет етіп сіңіре алуға ықпал етемін. Сонымен қатар, аңыз барысындағы кейіпкерлер басынан өткізген қателіктерге ұрынбау керектігін оқушылар талдау барысында өздері айтып жеткізіп жатады. Мәселен, мамандық таңдау туралы алғашқы сабағымда оларға тағдыр мүмкіндік беретіндігін, сол мүмкіндікті ретті пайдалану керектігін «Тағдыр мүмкіндіктері» аңыз-әңгімесін оқып талдату арқылы түсіндіріп өтемін. Қорытындысында оқушы ҰБТ-нің өз өмірін құрудағы үлкен мүмкіндік екендігін анық сезінеді.

ҰБТ ге дайындық кезінде оқушыға үлкен көмек көрсету арқылы тірек болатын олардың ата – анасы екендігі айқын. Ата – ана баланың таңдау жасауына ерік беріп, қалауына кедергі келтірмесе оқушының өз арманын жүзеге асыруына зор мүмкіндік жасағаны. Баласының өзі қалағандай дәрігер, мұғалім немесе тағы басқа да мамандыққа бару керектігін талап етуі, ата – ананың бала бойындағы мамандыққа деген сүйіспеншілікті ескере бермейтіндігі мектеп бітіруші түлектің қате қадам жасауына бірден бір негіз. Бала өзі қаламайтын іске енжарлықпен кірісетіндігін бәріміз де білеміз. Оның нәтижесі қанағаттанарлықсыз болатыны айқын. Міне осы нәрсе суицид пен депрессияның басты себебі. Сондықтан ҰБТ- ге ата – ананы психологиялық тұрғыда дайындаудағы ең алғашқы қадамым – олардың оқушының таңдауына қарсы келмеуге насихаттау. Жоғарыда айтып өткенімдей бұл ретте де аңыз – әңгімеге сүйенемін. «Ата-ана мен періште» аңыз-әңгімесін талдату арқылы ата-ана өзінің мамандық таңдауда оқушыға ерік бермеуі арқылы оқушының ертеңіне балта шаппау керектігін ұғындырамын. Ата – ана ең бірінші кезекте оқушыға талап қоюшы емес, таңдауына ықпал етуші екендігін ескертемін.

Мен – психологпын. Менің міндетім: адам жанын емдеу, жабыққан жүрекке демеу болу, адасқандарға жол көрсету, өмірді жаңадан бастағандарға сара соқпақ салу. Сондықтан да мен қатып қалған қағидалар арқылы сауалнама толтырып, тесттер шешкеннен гөрі баламен бірге отырып, оның жан дүниесіне ене әңгімелескенді, өз аңыз-әңгімелерім арқылы оның болмысына ізгілік пәлсапасын енгізгенді қалаймын. Мен өз мамандығымды сүйемін және өз шәкірттерімнің де сүйген мамандықтарының майталмандары болуына, өмірлік ұстанымды қателеспейтіндей етіп құруына және ең бастысы өз өмірлерінің баға жетпес құндылық екендігін түсіне білулеріне жұмыс жасауды өзімнің ең басты қызметтік қасиетім деп білемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!