№2 Облыстық арнайы
санаториялық мектеп – интернат
Тақырыбы:
«Жаратылыс ғажайыптар
әлемінде» атты
Биология,
Химия апталығының ашылу
салтанаты
Өткізген: Құлмырзаева
Айгул, Мұратқызы Базан
Күні:
13.04.2018
Уақыты:
10.10
«Жаратылыс ғажайыптар
әлемінде» атты
Биология,
Химия апталығының ашылу
салтанаты
Ақнұр: Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі «Биология, Химия» апталығының ашылу салтанатына қош
келдіңіздер!
Нұрдәулет: Оқушылардың қызығушылығын
арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты
өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар бұл пәндерді тек сабақта
ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін
түсіндіру.
Ақнұр:Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
жаратылыстану елінде,
орыс, қазақ тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып, шалқысып,
Көңілді ән салысып.
қызықты кеш жасайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық.
Нұрдәулет: Бүгін біз биология, химия,
география елдеріне саяхат жасаймыз. Алғашқы ат басын тірейтін
еліміз – биология елі
Ақнұр: Енднше кезекті бізді қоршаған
тірі табиғаттың қыр – сырын, өсімдіктер мен жануарлар әлемін
меңгертетін биология ғылымы жөнінде айтары бар жас өрендерге
берейік
_____________: Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып
Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін
________________: Ей,замандас ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер,су мөлдір ауа,өсімдік.
Ала жүріп осылардың сыйлығын,
Осыларды қорлау деген не сұмдық?
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барын сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ, замандас әр ұрпаққа туған жер.
Не берсе де,береді ол қарызға.
____________: . Химияны оқу парыз әркімге,
Оқиды оны барлық елде, әр тілде
Химияның оқыңдар әр бөлімін,
Кездесер ол алдарыңнан әр күнде.
Химияны оқиық біз көңілмен,
Кездесер ол күнделікті өмірден.
Ақылымыз – химияны біліңдер!
Тап болар ол әр жерден, әр өңірден.
____________ Химияда болады көп ертегі,
Салт – дәстүрмен келе жатқан ертелі.
Химия – біздің жас кеме ғой,
Болашаққа бағытталған желкені.
Күшейтеміз химияның сапасын!
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы
Химиямыз мәңгі – бақи жасасын!
_____________: Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
_______________: Бозторғайың шырылдап боз кілемде,
Көз алдымда көк орай гүлді кезең.
Далам жайлы сыбызғы сыр шертіп үн,
Тау мен тастан сыңғырлап сұлу өзен.
О,Табиғат,сырың да терең екен,
Тұнып тұрған қойнауың өлең екен.
Қанымдағы қасиет сенен екен,
Не деген керемет ең,керемет ең!
__________________Балалықпен байқамаппын, ол кездерде
аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың
ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік,
Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақтысы болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан
Элементтер ішінде де қатты сірә қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда барма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын
сарғайып.
Нұрдәулет: Бәріміз мында қарайық
Ойынымызды бастайық
Алуан түрлі ойларды
Ортамызға тастайық.
Биология, Химия пәндерінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі
Таңдайымызға татырлық
Ойын ««Логикалық
сұрақтар».» шар
ішінен сұрақтар алынады
-
Әрбір бұтаға 3 қарғадан
қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді.Қарғалар қайта ұшып,бұтаққа
төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді.Бұтақ қанша,қарға
қанша?
Ж: 5 бұтақ 16
қарға
-
Түйеқұс екі аяғымен
тұрғанда бір пұт тартса,бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?- деп
атасы немересіне қарады.
Ж: Бір пұт,себебі
түйеқұс салмағы
өзгермейді.
-
Балықшыдан неше балық
ұстадың дегенде:
-Жиырманың жартысын,бассыз екеуін,құйрықсыз
үшеуін,-деді.
Балықшы неше балық
ұстады?
Жауабы. 10
балық
-
Айдала. Көзге түртсе
көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді.Екі ауыл
арасы ет пісірімдік жер.Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп-өшті.Үй
иесі бұрын көре ме,әлде салт аттылар бұрын көре
ме?
Жауабы. Ешқайсысы
көрмей- ді, себебі сөніп-өшті деген сөзге мән берсек, сәуле
сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп
қалды.
-
Қараңғы
бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не
жағасыз?
Жауабы: шырпы
-
Суға қай кезде қолды кесіп
алуға болады?
Жауабы: егер оны мұз етіп
қатырса
Ақнұр:Құлақтан кіріп бойды
алар
Жақсы ән мен әсем
күй,
Көңілге түрлі ой
салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп
Абай атамыз айтқандай ән жан азағы.
Кезекті әнге берейік.
Ән «
Саржайлау » орындайтын 9 сынып оқушысы
Камила.
1 –
жүргізуші : Алақаныңды аяма, халқым,
өренге жас өнерге жақын.
Бойына қуат, күш-жігер берсін
Оған да керек лебізің жарқын
Бізге
білім берген ұстаздарға қол
соғайық.
1-
жүргізуші: Осымен биология, химия, география ғылымдарының
апталығының ашылу салтанаты да тәмәм болды. Біз сендермен
қоштаспаймыз.
2-
жүргізуші: Бұл басы ғана, достар! Көретін қызықтар әлі алда!
Апталықта бәрі бар - ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар...
Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді
көрсетейік! Сіздерді апта соңында марапаттар күтіп
тұр!
СОҢЫ