Материалдар / Тақырыбы: «Жомарт Күз»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Жомарт Күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге бейімділіктерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2021
329
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жомарт Күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге бейімділіктерін арттыру.
Тәрбиеші: 

-Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық!

(Балалар кіреді, қолдарында жапырақтар)
1-сұрақ: Балалар қош келдіңіздер бүгін біз қай жыл мезгілін тойламақпыз?

Балалар:

-Күз мезгілін тойлаймыз!

2-сұрақ: Күз мезгілі нешеге бөлінеді?

Балалар:

-Ерте Күз, Алтын Күз, Қара Күз.
3-сұрақ: Күз айларын ата.

Балалар:

-Қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші:

-Ендеше ортаға Күз айларын шақырайық.

(Балалар қол шапалақтайды, ортаға күз айлары келіп кіреді)
1-бала: (Қыркүйек)
Бірінші қыркүйек
Білімге бастады.

Айналайын балғындар,
Алға бағыт алыңдар.

2-бала: (Қазан)
Жаңартқан ғаламды,
Жаңбырлы ғажап ай
Осынау заманды
Орнатқан қазан ай.
3-бала: (Қараша)

Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық.
Қарашы, өрледі
Қараша ән салып.
Ән: «Алтын күз»

(Сырттан бір дыбыс естіледі, желдің шуы)

Тәрбиеші:
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы:

-Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар:

-Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:

-Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.
Тәрбиеші:

-Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Күз ханшайымы:

Балалар, мен сіздерге жұмбақтарымды ала келдім.
Жұмбақтар:

1-ші жұмбақ

Бұлттар төніп, жерге төгіліп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала нұры қашады.

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады.

Балалар:

-Күз

2-ші жұмбақ

Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл,
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар:

-Жапырақ

Күз ханшайымы:

-Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім. Кішкене ханшайымдарды осы жапырақтармен ортаға биге шақырамын.

Би: «Жапырақтар»

Күз ханшайымы:

-Рахмет балалар мен сіздерге келе жатып сиқырлы Алтын таяқшамды жоғалтып алдым. Сол таяқшаммен күзгі жеміс-жидектерімді ортаға шығаруым керек еді.

(Музыка әуені ойнайды, қолында Алтын таяқшасы бар Мыстан кемпір келіп кіреді)

Төрде Мыстан кемпірдің үйшігі тұрады, алдында бояулар мен қылқалам.

Мыстан кемпір: (үйшіктің алдына барып әндетіп үйшікті сырлай бастайды, бір қолында «Алтын таяқша»)

Мен төбеде тұрамын

Үйшігіме қонамын.

Үйшігім тозып кетіпті.

Әрлеп оны алайын.

Тәрбиеші:

-Міне қызық «Алтын таяқша» мында Мыстан кемпірде екен ғой.

Ей Мыстан кемпір әкел мында Күздің алтын таяқшасын!

Мыстан кемпір:

-Жоқ болмайды, жоғалған зат қайтарылмайды.

Тәрбиеші:

-Сен бұл алтын таяқшаның қасиетін білмейсің, сондықтан таяқшаны Күз ханшайымына қайтар, ол алтын таяқшаның көмегімен күзгі жеміс-жидектерді ортаға шақырады, ал саған жерден әдемі кілем жасап береді, сен сонымен ұшып кете алатын боласың.

Мыстан кемпір:

-Ендеше балаларың маған қысқа картоп жинап берсін мен оларға алтын таяқшаны қайтаратын боламын.

Ойын: «Қасықпен картоп жинаймыз»

Ойын шарты: Балалар екі топ болып қатарға тұрады алдарындағы себеттегі картоптарды қарсы беттегі себеттерге қаксықпен кезектесіп тасыйды.

(Мыстан кемпір Алтын таяқшаны жерге қойып ойынға көмектеседі, Күз ханшайымы алтын таяқшаны өзіне алып қояды, ойын соңынан Мыстан кемпір алтын таяқшаны іздейді, орнынан сыпырғышты тауып алады)

Мыстан кемпір:

-Қандай қусыңдар, таяқшаны алып қойғансыңдар, ендеше мен сіздерге енді келмеймін қош болыңдар!

(сыпырғышқа мініп, қолына картоп салынған себетті алып ұшып кетеді)

Музыка әуенімен ортаға Аю келіп кіреді.

Аю:

-Амансыңдар ма? балалар мерекелерің құтты болсын! Мені сіздерге орман аңдары жіберді, қане менімен кім орманға барады?

(Балалар қашып шығып кетеді)

-Мына балалар барлығы менен қашып кетті-ау шамасы, ендеше қалған балаларға тиіспей ақ қояйын. Көрермендерге сұрақтарым бар. Жауап беруге әзірсіздер ме. Ал бастайық ендеше.

1-ші сұрағым:

Қазақ тілінде күз айларының ескіше атаулары?

(Мизам, Ақырап, Қауыс)



2-ші сұрақ:

Күз туралы мақал айтыңыз?

1.Күз -береке байлықтың бастауы.

2.Күз- келсе бақыт келер ырыспен.

3-ші сұрақ:

Абай аталарың күз мезгілін қалай суреттеді?

(Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.

Күз болып.....)

4-ші сұрақ:

Күзде жер бетінде не болмайды?

(Қар болмайды)

5-ші сұрақ:

Жолбарыс күзде қайда жүреді?

(Ну орманда)

6-шы сұрақ:

Тиін қысқа не жинайды?

(Жаңғақ)

Аю:

-Ой рахмет білгіш екенсіңдер. Мен барып балаларды іздеп қайтайын.

Күз ханшайымы қолындағы таяқшасын жоғары төмен, ауада айналдырады.

Ортаға көкөністер мен жемістер шығады.

Күз ханшайымы:

Жиналып қапсыз бәріңіз,
Қайсыңыз ең дәмдісіз?

1-бала: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
2-бала: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
3-бала: (Асқабақ)
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
4-бала: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
5-бала: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер іші

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!