Материалдар / Тақырыбы: "Логопедиялық ойындар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: "Логопедиялық ойындар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопедиялық ойындар арқылы балалардың ақыл-ойы, сөйлеу тілі дамиды. Логопедиялық ойындарды ойнаған кезде балалардың қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттері, зейіндері тұрақталады. Ойын ойнаған кезде бір-бірімен қарым-қатыас жасауды, көмектесуді үйренеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
1235
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.

1. «Мен жеңімпазбын»

Орындықтарды ортаға қойып,музыка әуені ойнағанда

балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар

саны балалар санынан, 1 санға кем болу керек.

Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып,

мен жеңімпазбын деп айту керек.

2.«Дайын бол»

Балалар шеңбермен жүгіреді.Жүргізуші бір сөз айтады,

ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді. Мысалы:

қоян-секіреді,ат-шабады,құс-ұшады, ләйлек-бір аяғымен

тұрады.

3.«Құлақ -мұрын»

Балалар шеңбермен тұрады.

Жүргізуші:құлақ- деп қолымен мұрынды ұстайды,

ал мұрын –деп құлақты ұстайды.Ал балалар құлақ

дегенде құлақты, мұрын-дегенде мұрындарын көрсету

керек.жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын

тексеру мақсатымен оларды шатастырып айтады.



Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

1.«Ине мен жіп»

Жүгізуші:

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіндер.

Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап

тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер

арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан

шығады.

2. «Сыйқырлы қапшық»

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың

алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің

үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әр т.рлі ұсақ

ойыншықтар.Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың

ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді.

Мысалы: екі доп, екі машина т.б.

Балалар қолдарымен заттарды сипа бірдей затты

тауып алғаннан кейін оны сипатта айтады.

Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады,

ойын осылайша жалғасады.

3.«Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі.

Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп

береді.

Кесте,құрал-жабдықтармен жұмыс

1.Айлардың аттарын ата?

2.Жыл мезгілін түстерге сәйкес ата?

3.Әр мезгілде неше ай бар?

4.Бір айда неше апта бар?

5.қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?



Есте сақтау қаблетін дамытуға арналған ойындар.



1.«Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады.

Жүгізуші: «су»-десе қолдарын алдына созады,

«ауа»-дегенде жоғары көтереді,

«от»-дегенде қолын айналдырады,

«жер»-дегенде қолдарын түсіреді.

Кім шаттаса сол ойыннан шығады.

2..«Орныңды тап»

Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы

баланы есінде сақтап, қарап алу керек.Жүгізушінің

бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап

кетеді (белгі. шапалақтау, барабан немесебубенмен

беріледі).Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда

қай орында, кімнің қасында тұғанын есіңде сақтап,

қайта шеңбер түзеді. Өз орнын тапқан балалар

мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.

3. «Көңілді шеңбер»

Балалар шеңбер жасап отырады, бір-біріне мұқият

қарайды. Жүгізуші белгі берген кезде балалар көздерін

жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балалардың

бірнешеуіне әр түрлі заттарды қыстырып қояды.

(гүл, орамал,бантик, көзілдірік). Балалар қөздерін

ашқанда не өзгерді?-деп сұайды. Ең зейінді балаға

ойыншық беруге болады.



Ойлауды дамытуға арналған ойындар.



1.«Матадағы менің орным»
Жерде жатқан мата үстінде,балалар белгі берген

уақытта тұрып қалауға тиісті. Матаның өлшемін

педагог кішірейте отырып ойынды жалғастырады.

Бірақ ойынды балалар мата бетінен шығып

кетпеулері керек.

 

2 «Ойлан да аяқта».
-ат шабады,ал қарлығаш...(ұшады)

-ит үреді,ал қарға...   (қарқылдайды)

-жылан жорғалайды,ал балық...(жүзеді)

-қасқыр ұлиды,алқой...(маңырайды)

-түйе боздайды,ал жылқы...(кісінейді)

 

3.«Қарама-қарсы сөзді ата»

Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен

балалардың арасында тұрады. Жүргізуші балаларға

кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады.

Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып

айтуға тиісті.

Мысалы:

Ащы-тұщы

Жақсы-жаман

Қара-ақ

Күн-түн

Аласа-биік

Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса

ойыннан шығады.жеңімпаз бала жүргізуші болады.

Ойын қайталанады.





31 «Күншуақ» МДҰ











Логопедиялық ойындар











Дайындаған : А.Ж.Жуканова.











Ақтөбе –2021ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!