Материалдар / Тақырыбы: «Оқушыға фортепиано аспабын алғаш меңгерту әдістері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Оқушыға фортепиано аспабын алғаш меңгерту әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Оқушыға аспапты алғаш меңгерту әдістері» Мақсаты:• Аспаппен танысу Аспапта дұрыс отыруы;• Дыбыстың дұрыс шығуы; Аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру;• Музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын: жылдам, бірқалыпты , баяу –білу.• Музыкалық сауат беру,шығармашылық дағдыларын дамыту. Әуендік, үндестік және тембрлік есту қабілетін дамыту. Міндеті:• Аспаптың құрылымымен танысу; Ойнау техникасын меңгеру:• Нота сауатын меңгерту Интонациямен жұмыс жасау;• Легато, нон легатоға ойнап үйрену; Білімділігі: Аспаппен танысады Дамытушылығы: Аспапқа деген ынтасын арттырып,музыкаға деген сүйіспеншілігін дамыту Тәрбиелігі: музыка әлемімен танысу Көрнекілігі: Фортепиано аспабы, ноталардың жазылған суреттері.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
667
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Тақырыбы: «Оқушыға аспапты алғаш меңгерту әдістері»

Мақсаты:• Аспаппен танысу Аспапта дұрыс отыруы;• Дыбыстың дұрыс шығуы; Аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру;• Музыкалық мәнерліліктің негізгі құралдарын: жылдам, бірқалыпты , баяу –білу.• Музыкалық сауат беру,шығармашылық дағдыларын дамыту. Әуендік, үндестік және тембрлік есту қабілетін дамыту. 

Міндеті:• Аспаптың құрылымымен танысу; Ойнау техникасын меңгеру:• Нота сауатын меңгерту Интонациямен жұмыс жасау;• Легато, нон легатоға ойнап үйрену; 

Білімділігі: Аспаппен танысады

Дамытушылығы: Аспапқа деген ынтасын арттырып,музыкаға деген сүйіспеншілігін дамыту

Тәрбиелігі: музыка әлемімен танысу

Көрнекілігі: Фортепиано аспабы, ноталардың жазылған суреттері.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тақырыппен ,сабақ жоспарымен таныстыру.

Негізгі сабақ:

Аспаптың шығу тарихымен танысу,құрылымымен танысу,Фортепиано аспабында ойнау дағдыларын дамыту. Аспапта ойнау алдында қолды жұмыстану қалпына келтіру, қозғалыс аппаратымен жұмыс жасау; қол, иық, мойындарын жұмсарту; қол қойылымы.• Шығарманы талдау;• Сабақты қортындылау;• 

Үйге тапсырма. 

1.Аспапта дұрыс отыру:-Аяқты нық ұстау;-Арқаны тіке ұстау;-Иықты көтермеу, төмен түсіру

2. Қолды, шынтақты көтермей ұстау керек, ойнау кезінде кедергі келтірмеу керек. Барлық ауырлық саусақ ұштарына кету керек.

3. Қол қимылы еркін, жұмсақ жүру керек. Қатты жұлқыған қимыл жасап ойнауға болмайды. Суда жүзіп жүргендей елестетіп ойнау керек.

4. Саусақ қара клавиштерге жақын орналасу керек.

5.Клавиштер саусақтың жұмсақ жерімен ойналады

6.Саусақтарды бірге, жинап ұстау керек .\

7. Иықтан бастап барлық қолды пайдалану керек. 

Аспапта ойнау үшін, аспап жанында дұрыс отыру керек. Отырғанда клавиатураға қойылған қол горизонталь қалыпта болу керек. Тек қана дұрыс отырғанда қолдың бүкіл бөліктері еркін қимылдар жасау керек.- Қане қолыңды алға соз. Саусақтарың қара клавиатураға нақты тұру керек. Әр уақытта баладан ыңғайлы ма?- деп сұрап тұру қажет. Егер баланың қолы қосылып тұрса, оған қолыңның жүріс кезінде қалай болды, солай еркін ұстатқызып, қолын қайта - қайта сілкілдетіп, оң және сол қолмен бірдей жұмыстану керек. Қолың – ол сенің дауысың. Қолың сөйлей алады, дыбысты қатты, жәй және жүрекпен әндете айтсаң, солай ойнайсың. Бүкіл денеңнің бос болуын гимнастика арқылы жаттығулармен орындаймыз:-Сағат тілі;- «Піл» Қол көтеріп, денеңді бос ұстап аяқ бүгіліп, түзеліп тұрасың. Енді аспап жанына отыр.• Жәй қозғалыспен оң қолыңның үшінші саусағыңмен, І октаваның соль нотасына қой. Қолың жоғарыдан клавиатураға қону керек. - Қолды жұмсақ ұстап әр түрлі биіктікте көтеріп ( иыққа дейін, орташа биіктікте) клавиатураға жұмсақ түсіреміз. Барлық саусақтарды кезекпе-кезек ,сосын бірге ашып- жұмамыз. Карандашқа саусақтарды жұмсақ жерімен қоямыз, барлық саусақ бір сызық бойында тұру керек. Гамма, шығармаларды ойнағандада саусақтар осындай қалыпта тұру керек. Оң қол, сол қолмен С-dur гаммасы ойналады. Гамма легато, нон легатоға ойналып көрсетіледі. Оқушымен бірге қосылып ойнап дыбыстың таза шығуына көңіл бөлінеді. «Ладушки», «Колыбельная», «Тень-тень», «Два кота» секілді шағын шығармаларды нон легатоға ойнатып қолдары жаттықтырылады. Сұрақтармен жаңа терминдер пысықталады:-Байланыстырып ойнауға қандай штрих қолданылады? (легато)-Байланыссыз ойнауға қолданатын штрих? (нон легато) 

• Өткенді қайталау, қорытынды.- Қандай дыбыстар болады?- Төмен және жоғары.- Өз ішіңнен ортасын тауып клавиатураға түзу сызық жүргіз.- Сол жағынан дыбыстар төмен (аю, барыс, жолбарыс), оң жағынан (құстар, қоян, тышқан)- Октава деген не?- Клавиатурада неше октава бар?- Сегіз.- Қане, енді ноталар қайда тұратынын еске түсірейік.- до, ре, ми, фа, соль, ля, си.- Дыбыстар жоғары және төмен болады. Ұзақ және қысқа болады.- Бүгін қандай терминдерді өттік?- Дыбыс шығару түрлері?

Бағалау.

• Үй тапсырмасын беру:Дыбысты дұрыс шығарып ойнау.Жаттығуларды столдың тегіс үстінде жасап қайталау; Дене гимнастикалық жаттығуларын жасау;Қолды клавиатураға түсіргенде қалықтаған сіреспеген қалыпта жаттықтыру.





Фортепиано жайлы қызықты мәліметтер

Өзінің ерекше үнімен адамдардың жүрегін жаулаған фортепиано XVIII ғасырдың басынан бастап жарық көрген. Содан бері көптеген музыканттар өз өмірлерін осы аспапқа арнады. Бір қарағаннан ойнау оңай көрінгенімен, расында олай емес. Бұл көптеген дағдыларды талап етеді. 

Қандай аспап түрі болмасын адамның оған деген үлкен сүйіспеншілігі мен қызығушылығы болуы қажет. Шын жүректен шыққан әуеннің өзінің басқаша сыңғырлаған сазын байқауға болады. Ең алғашқы пианино 1709 жылы музыкалық аспапатар жасайтын италияндық Бартоломео Кристофори жасады. Ол оны „клавищный инструмент” деп атады. Кейін ол сөз қысқарып „фортепиано” деп аталды. Ал қазір пианино деп аталып кетті. Бұл сөз „ громко-тихо” деген сөздерден алынған. Пианино ең алғаш Еуропада пайда болды. Бұл жағдай олардың мәдениетіне қатты әсер етті. Фортепиано өмірге келе бастаған шақта Еуропа классицизм дәуіріне көшіп жатқан болатын. Дәл осы кезде фортепиано аспабының саудасы қызып кетті. Ол барлық музыкалық жиындардың сәніне айналып, әр үйдің бір бұрышынан орын ала бастаған. Ал қазір фортепиано жайлы қызықты мәліметтер ұсынғым келеді: 1.Фортепианоның 70% -ы ағаштан тұрады, қалған бөлігі шойыннан, мысыннан, киізден және т.б. жасалған. Алғашқы кездерде осы аспаптың құрылысында піл сүйегін пайдаланған, қазір пластмассанаың көмегімен құрылады.

2. Зерттеулер бойынша фортепианода ойнайтын балалардың шыдамдылығы, ойлау қабілеті, және басқа да жұмыстарға үлгерімін жақсы болады деп қарастырған.

3. фортепианоны халық тек атақты орындардан ғана емес, кез келген музыкалық ортада тыңдауға мүмкіндік алды. Фортепианоның үнін есту үшін қарапайым жұрт қанша ақша төлеуге де дайын болды. Осының нәтижесінде фортепианоға арнап түрлі шығарма тудыру да қажет болды.

4. Кристофоридің үш түпнұсқа фортепианосы қазіргі күнге дейін сақталған: - 1720 жылғы фортепианосы қазір Нью Йорк қаласындағы Метрополитен мұражайында сақталған. - 1722 жылғы шыққан фортепиано Рим қаласындағы аспаптар мұражайында орналасқан. - 1726 жылғы жарық көрген фортепианосы Лейпцигский университетінде сақталып тұр.

5. Әлемдегі ең үлкен фортепиано концеттік рояль Challen сoncert grand, ұзындығы 3,3 метр, ал кернеуі 30 тоннадан асады.

Фортепиано басқа аспаптар арасындағы ең негізгісі болып саналады. Бұған көптеген себептер бар, бірақ бастысы - құралдың ауқымы. Фортепиано оркестрдің барлық аспаптарын, бас бусиннің ең төменгі нотасынан пикколлалық флейтадағы ең жоғары нотаға дейін қамтиды.Бүгіндері фортепиано өз тұғырынан түскен емес. Тіпті көптеген адамдардың үйлерінің төрінен орын алған бұл аспаптың музыка тарихында алар орны тіпті айрықша. Фортепиано бізге дәл осы күнгідегідей үлгіде келе қойған жоқ. Оның фортепиано болып бітуіне дейінгі өзгерістері бізге нағыз ұлы аспапты алып келді.

Фортепиано аспабы

Аспаптың құрылысы













Аспаптағы октава атауы





Фортепиано тарихы





















Еркінқала балалар саз мектебі





АШЫҚ САБАҚ











Қобыз тартуға дайындық және дыбыс шығару әдістері

Күнай

2сынып Жұмабек Каусар


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!