Материалдар / Тақырыбы: «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие » тақырыбындағы дөңгелек үстел
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие » тақырыбындағы дөңгелек үстел

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
5555
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие »

тақырыбындағы дөңгелек үстел

Алматы облысы Талдықорған қаласы Ескелді ауданы Көкжазық ауылы

«Балпық би атындағы орта мектебі» КММ


Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме ұстаздар! Бүгінгі дөңгелек үстелімізге келгендеріңізге алғсымызды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі дөңгелек үстеліміз қызықты өтеді деп ойлаймын.

Отбасым - менің жүрегім

Отбасым - менің тірегім

Отбасым - менің Отаным

Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады.

Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат алдындағы орны тым бөлек. "Отан - отбасынан басталады", "Отбасы - шағын мемлекет" деген сөздерде бекер айтылмаса керек.

Сонымен сіздерге сұрақ:


1. Сіздің үйде отбасы мүшелерінің орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрсіз бе?

2. "Отбасы, отау, отағасы, отау иесі" деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

3. Отбасының берекелі болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?

4. Қазақ халқының қай салт-дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған?

Баяндама: «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие »

Елбасы "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында "Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды" деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жаткан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.

Халқымызда "Отан отбасынан басталады" деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасы "Отбасы - Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі" деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді.

Тәулсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағытында қыруар шаруа атқарылды. Елбасымыз Н.Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білімді ұрпақ қалыптастыруға бағытталған сыдарлы саясаттының нәтижесінде ана мен баланы қолдау бойынша бағдарламалық құжаттар, гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейде отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес.

Қазақтың тарихында киелі отбасның қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп.

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Статистикалық көрсеткіш бойынша Қазақстанда неке құрған әр үш отбасының біреуі ажырасады екен. Мысалы, 2016 жылғы ресми мәліметтерге қарағанда, қалалық жерлердегі ажырассу деңгейі 40 пайыз болса, ауылдық жерлердегі деңгейі 27 пайызға жеткен. Соңғы бес жылда еліміздегі тіркелген некенің саны азайып, ажырасулардың саны көбейген. Ажырасулардың кесірінен республика бойынша толық емес отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар саны жылына 40 000 -нан асып отыр. Бұл жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші.Әсерінде қаншама адамның тағдыры бар. Әкесіз тәрбиеленген ұл мен қыздың жарымжан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмыта батаған сыңайлымыз. Батыстықтың әсерінен бе, кейінгі кезде біреудің отбасындағы мәселеге мүлдем бейжаймыз. Әркімнің жеке басының шаруасы дейтінді шығардық. Әке мен шеше тым балажан болып алды. "Ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды" деген сөзді бүгінгі ата-ананың басты уәжіне айналған. Осы бір сұрқия сөздің қай дәуірден жеткенін кім білсін?... Астарынан жаугершлік заманның салқыны сезіледі. Ендеше бүгінгідей бейбіт заманда мұншалықты салмағы ауыр сөзге арқа сүйеуіміз бекершілік екенін білсек.

Елбасымыз Н.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухаи жаңғыру" мақаласында "Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білуі қажет", деп атап көрсетті. Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие - ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.

Жағдаяттар:

"Қымбат машина" әңгімесі

"Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: "Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым"-дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды. - Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі. - Келші көрейік... Бере тұршы жүре ме екен? - Қандай әдемі, кел ойнайық. Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі-беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді. - Мен де ойнайыншы. - Ал балалар үндемей, ойындарын жалғастыра берді."


Сұрақтар:

1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?

2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?

3. Аман кінәлі ме?

4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?


Қорытынды: Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Музафар Әлімбаевтің мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.


Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,

Қайтсем ғана осыны адам етем,

Басқалардың осындай балалары,

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен

Ойым емес, оллаһи, біздікінің...

Енжарлығы елде жоқ алабөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан,

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,

Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе -ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен.

Мүше тістеп мықтылар той жасаса,

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

....Үміт пен күдіктің ортасында

Ата-ананың үміті талады екен! - Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, "Қайтсем де баламды адам етем" деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Аман - сау болыңыздар!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!