Материалдар / Тақырыбы: «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2024
373
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!»

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру.

Кіріспе сөз

Құрметті ата — аналар! Бүгінгі жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер. 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып саналады. Осыған орай бүгінгі шара «Отбасында қатыгездікке жол жоқ!» тақырыбында өтпек.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиісушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер етеді, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа қатыгездіктің салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етеді. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Отбасылардың берекесі қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық. «Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек .Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Балаларға зорлық көрсетудің бірнеше түрлері бар:

Физикалық күш көрсету зорлық - зомбылығы: дене күшiн қолданып, дененi ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтiру.

Күш көрсету зорлық – зомбылығынан кейін балалардың мінез – құлығындағы байқалатын өзгерістер: • балалар ересектерден, ата – аналарынан үнемі қорқатын болады; • балалар агрессивті, тез ашуланғыш немесе тұйық болады; • қарым – қатынас дағдысы баяу дамиды; • оқуда туындайтын қиыншылықтар: үлгермеушілік, жинақылық қасиетінің жоқтығы, тіл дамуының баяулығы; кекештік • үйден қашуы немесе құқықбұзушылыққа бейім болуы; • кездейсоқ дене жарақатына тап болу себебін түсіндіре алмауы; • икемсіз қозғалуы мен дене мүшелерінің ауыруы;

Психологиялық зорлық – зомбылық - адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетiн әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу (ерiксiз көндiру) арқылы ар – намысы мен абыройын кемсiту. Осы зорлық – зомбылықтың түрі үлкен адамдар арсында жиі кездеседі. Көбінесе ондай адамдар өздерін аурумыз деп санайды.

Психологиялық зорлық – зомбылық кезінде баланың мінез – құлқында кездесетін келеңсіздіктер: • мазасыздық немесе қобалжу; • ұйқының бұзылуы; • тәбеттің төмендеуі; • ұзақ уақыт дегбірсізденуі; • эксцентременталды мінез – құлықтың пайда болуы; • өз – өзіне қол жұмсау немесе қауіп – қатері; • басқа да адамдармен дұрыс қарым – қатынаста болмауы; • ең төменгі бағаға ие болу, өзіне сенімсіздік.

Эмоционалды және сөзбен қорлау: Жоғарыдағы зорлық – зомбылық түрі шынайы өмірде жиі кездеседі. Кей уақытта адамдар ұрыс, керіс, айқай – шу, дауыс көтеру сияқты келеңсіз қасиеттерді зорлық деп те санамайды. Алайда бұл негізінен осы зорлық түріне енеді. Осы зорлықтар барысында анықталатын жәйттер: • адамның намысына тиетін ғайбат сөздер айту, • сөзбен қорқытқан кезде, адамның бойына қорқыныш ұялайды; • кей адам көмек көрсетуден бас тартса, онда көмек қажет еткен адам өзін керексіз санауы мүмкін, сондықтан сөйлесуге құлқы болмайды.

Балаларды қауіп-қатерден қорғау: Қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн: - Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек; - Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;

- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету. -Көшеде, автобуста, пойызда танымайтын ересек адамдармен сойлеспе. - Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді; - Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді; - Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естіген болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?

А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.

Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірленуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.

Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.

В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.

Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.

Ата — ана үшін:

1. Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.

2. Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.

3. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.

4. Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.

5. Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңізден еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жағадайларды жиі жасырады.

Қорытынды:

Шынына келсек, бала өмірі-қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Ата ананың есіне отбасының көңіл-күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін біліңіз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!