Материалдар / Тақырыбы: «Психология – болашақ мамандығы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Психология – болашақ мамандығы»

Материал туралы қысқаша түсінік
психологтарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
924
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Есір Айшуақұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ











Эссе



Тақырыбы: «Психология – болашақ мамандығы»











Орындаған: Көңілқосова Бибіазиза

Педагог-психолог







2020 жыл



Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу-үлкен өнер.

З.Фрейд



Болашағына жоспар құрмайтын жан жоқ шығар?!. Себебі, өмір-құпиясы мен қызығы, қиындығы қатар тұратын тылсым дүние. Заманның дамуына қарай жас Қазақстан да болашаққа қадам жасауда. Қазақстанның болашағына көз тіксек, мен таңдаған мамандықтың орны қандай болмақ?

Қазақстанның болашағы –білікті маман. Түрлі-түрлі мамандық иелері бар. Білікті маман – тек үздік білім иесі ғана емес, өмірдің кез келген жағдайында ізденісте жүретін жан. Ол ғылыми ізденіс пен тәжірибені қатар ұстайтын іскер жан болуы керек. Ғылымды меңгеріп қана қоймай, оны өмірде қолдану мүмкіндіктерін қарастыратын маман болғаны абзал. Сол маманға сұраныс болады. Өйткені, ол – ел экономикасын өрістеуге тың идеялар бере алатын нағыз маман. Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады. Психолог –маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжым әр мүшесімен мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады. Жақсы психолог болып қалыптасуы үшін жоғарыда көрсетілген қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін.

Осының нәтижесінде психолог- көмекші, психолог-өзгелердің жан дүниесін терең түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын-зерттеуші, психолог- өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын-қолдаушы деп айта аламыз. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас психолог өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін. Мен мектеп қабырғасында «оқушы –мектеп –ата-ана» үштік одағымен жұмыс істей жүріп, әр түрлі мәселелерді шешуде, кездескен қиыншылықтарды жоюда, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу барысында аталған қасиеттерді қолдану нәтижесінде ғана табыстарға жетудемін. Оқушыларымыздың барлығы бос уақыттарында дерлік ғаламтор желісінде отырып агрессивті мінез-құлық қалыптастыратын ойындар ойнап, одан қалса көгілдір экран алдында шетелдік ән тыңдап, фильмдерін көріп отыратындағы барлығымыз білеміз. Осылардың нәтижесінде оқушыларымыздың мінез-құлқында, тәлім-тәрбиесінде, өмірге деген көзқарастарында көптеген қиыншылықтар туындауда. Осы тұрғыда ата-аналар балаларын материалдық тұрғыда қамтамасыз етіп, моральдық тұрғыда қолдауды ұмытып кетіп жатады. Осы жерде психологтарға артылар жүк ауыр. Психолог әрбір оқушының жан дүниесін түсіне отырып, көмекке зәру жанға уақытында қолдау көрсетіп, қайғысына ортақтасып, қуанышына қуанып, қателігі болса түзеп, жақсылығы болса, мадақтап отыруға жұмыс жасайды. Сондықтан психолог мамандығына деген сұраныстың арту себебі осында. Мен психолог маман ретінде жұмыс істей, жүріп көне ғасырлардан бері келе жатқан ғалымдардың ойларымен таныспын. Ендігі кезек, қазіргі біліммен қоса заманауи білімді қосып тәжірибемді шындамақпын. Қазіргі таңда мен ұлттық педагогикамен қатар, шетелдік педагог-ғалымдардың ой-пікірлерін, психологиялық жұмыс істеу барысында қолданамын.

Мақсат-айқын, міндет-біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш жігерім мен білімді сала бермекпін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!