Материалдар / Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамыта отырып, қыс мезгіліндегі қар жамылған ағаштарды бейнелеу қабілеттерін анықтау. Түстерді ретімен пайдаланып күрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра білу дағдыларын бекіту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Ақпан 2021
599
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжайы

«Балапан»тобы.

Күні: Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қар жамылған ағаштар

Мақсаты: Шығармашылық қабілеттері мен қиялдарын дамыта отырып, қыс мезгіліндегі қар жамылған ағаштарды бейнелеу қабілеттерін анықтау.

Түстерді ретімен пайдаланып күрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра білу дағдыларын бекіту

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Қысқы орман» суретін қарау

Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, әңгімелесу, сергіту сәті, ойын , қорытынды.

Қажетті көрнекі құралдар: ойыншық қоян мен аңдардың, қысқы орманның суреттері, мнемокесте.

Билингвалды компонент: қар – снег – snow, түлкі – лиса – fox, қоян – заяц – rabbit.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі






Жылулық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Ренжуді білмейміз,

Қуанамыз бірге,

Арайлап атқан күнге.

Ғажайып сәт: балаларға қоянды алып келу.

-Балалар, менің қолымда не бар екенін қараңдаршы. Бұл қоян қайдан келді екен? Өзі тоңып, қарны ашып қалған сияқты. Келіңдер, оны көңілдендірейік. Кім қоян туралы жұмбақ жасырып, өлең біледі екен?

Толықтыру:

Сылдырдан қорқады,

Тоқтамай жортады.


Шеңберде тұрып, өлең жолдарын айтады.




Қоянды қызықтайды.






Қоян туралы білетін өлең, жұмбақтарын айтады.


Жұмбақты шешеді.

Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі

























Суретпен жұмыс

Тақтаға қысқы орманның суреті ілінеді.

-Мына суреттен қандай ағаштарды көріп тұрсыңдар?

-Ағаштар қандай күйде?

-Тағы не көріп тұрсыңдар?

-Олар не істеп жатыр?

-Бұл суретті қалай атауға болады?

Сергіту сәті:

-Енді, бәріміз аңдардың қимылын келтірейік.

«Fox» деген түлкі ғой,

Жыбыр – жыбыр тұмсығы.

Бұлғаң – бұлғаң құйрығы.

«Rabbit» отыр саққұлақ,

Бұта түбін бақылап.

Секіріп ол кетеді,

Қалса біреу жақындап.

Бұғы да бар орманда,

Мүйізі үлкен басында.

Басын шайқап қалғанда,

Қорқады екен қасқыр да.

Д/ойын: «Сипаттап бер»

Шарты: сурет бойынша жануарларға сипаттама жасау.





Суретті мұқият қарайды. Онда бейнеленген жануарлар мен ағаштар туралы тәрбиешінің сұрағына сүйеніп, өз ойларын айтады.




Тәрбиешімен бірге қайталайды, қимылдарды жасайды:

Бастарын шайқайды;

Белдерін қозғайды, екі жаққа теңселеді;

Қолдарымен қоянның құлақтарын келтіреді;

Бір орында тұрып секіреді;


Қолдарымен бұғының мүйізін келтіреді;

Бастарын шайқайды.

Қолдарына алған сурет бойынша аңдарды сипаттайды. Мысалы: түлкінің тоны қызғылт – сары, құйрығы ұлпа және ұзын, өзі қу, т.б.

Іс-әрекеттің бағалау кезеңі





Венн диаграммасын қолдану

Түлкі мен қоянға қатысты шартты белгілерді қолданады (ұзын құлақ – қысқа құлақ, түлкінің құйрығы, қоянның құйрығы, т.б.)

-Түлкі мен қоянның ерекшеліктері мен ұқсастықтары қандай?

-Дұрыс айтасыңдар. Осымен, ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіміз аяқталды.


Түлкі мен қоянның дене бітіміндегі ерекшеліктерін салыстырады, тиісті жерге суреттерді орналастырады. Екеуіне ұқсас жайттарды баяндайды:қоректенеді, үстерінде тондары, төрт аяғы, екі құлағы бар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қысқы ағаштардың суретіне қарап мүсіндей біледі.

Қандай түсініктерді игерді: болған оқиғаны, көрген сурет мазмұнын қалпына келтіруді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: салыстырып, ұқсастығын таба білуді меңгерді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!