Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту. Отанын, жерін табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеумет»

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға құстар туралы мағлұмат беру, ой-өрістерін дамыту. Отанын, жерін табиғатын сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, қорытындылау.

Көрнекілік құралдар: сурет, слайд, үн таспа.


Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіпті, бәріміз қонақтармен амандасайық. Сәлеметсіздерме!

Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі? (слайд, мнемокесте)

  • Қыс мезгілі

Қыс мезгілі неше ай бар?

  • Үш ай

Қыс мезгілінің айларын атайықшы.

  • Желтоқсан, қаңтар, ақпан

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдаршы.

  • Күн суытады, боран соғады, қар жауады, мұз қатады.

Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

  • Аққала соғамыз, шаңғы тебу, сырғанақ, қар лақтырыспақ, коньки т.б.


Балалар, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Құстар біздің досымыз».


Жұмбақ жасыру


Тұмсығымен ояды,

Ұя салып қояды.

Табыңдаршы балалар

Ол қандай құс болады?

(Тоқылдақ)


Балаларға үн таспадан құстардың дауыстарын естірту.


Слайд арқылы балаларға құстарды таныстыру.


Бүгін біздер табиғатқа әдемі көрік беріп тұратын құстар жайлы әңгімелейміз.

Құстардың түрі өте көп. Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың әуені табиғатты құлпыртады, адамдардың көңіл-күйлерін көтереді.

Құстардың пайдасы өте көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды, олар бір жерден екінші жерге ұшып-қонып жүреді.


Барлық құстарға ортақ қасиет – олар ұшады, қанаттары, мамықтары, тұмсықтары бар.Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір-біріне ұқсамайды.


Құстар екі топқа бөлінеді екен.

  • Үй құстары және дала құстары.

Ал үй құстарына қандай құстар жатады?

  • Әтеш, тауық, үйрек, қаз, күркетауық.

Өте жақсы.

Неге үй құстары деп атаймыз?

  • Себебі, оларға жем,су беріп үйде бағамыз.

Үй құстарының қандай пайдасы бар?

  • Үй құстары бізге жұмыртқа береді, етін жейміз, жүнінен жастық жасаймыз.

Өте жақсы балалар.

Дала құстары қайла өмір сүреді?

  • Орманда, тауда, далада.


Ал енді балалар жыл мезгілінде өзгерістер болғанда құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Кетпей қыстап қалатын құстар бар. Олар, суыққа төзімді құстар: қарға, торғай, көгершін, сауысқан.

Жылы жаққа ұшып кететін құстарды жыл құсы деп атаймыз. Күн жылынғанда қайта ұшып келеді. Олар: аққу, тырна, қарлығаш, тоқылдақ, қараторғай.

Қыс мезгілінде құстарға жем шашып, қамқорлық жасауымыз керек.

Сергіту сәті

Бірінші тапсырма:

Балалар сендермен екі жолаққа біреу және көп құстарды орналастырайық. Бірінші жолаққа көгершін, ал екінші жолаққа торғайларды орналастырайық.


Балалар құстар жайлы тақпақтар білесіңдер ме?


1. Торғай, торғай торғайсың

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.


2. Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді

Бақшамызға қонбайды.


3. Құстар қанат қағады,

Көкте самғап ұшады.

Барлық құстар қосылып

Шиқ-шиқ етіп ән салады.




Екінші тапсырма:


Әр құсқа өз үйін табуға көмектесейік. Үй құстары мен дала құстарын өз үйлеріне орналастыру. Сызық арқылы суреттерді қосу.


Тыныс алу жаттығуы


«Шарды үрле»

Мақсаты: Балаларды жаттығу барысында дұрыс тыныс алуға үйрету.


Балалар құстар туралы тыйым сөздерді білесіңдер ме?


1. Құстың ұясын бұзба!

2. Құсқа тас лақтырма!

3. Құстың балапанына тиіспе!

4. Аққуды атпа,

Досыңды сатпа.


Үшінші тапсырма:


Дидактикалық ойын «Геометриялық пішіндерден құсты құрастыру»

Балалармен геометриялық пішіндерден торғай құрастыру.



Қорытынды бөлім:

Балалар біз сендермен қандай құстармен таныстық?

Балалармен орындалған тапсырмалар туралы ой-пікірлерімен бөлісу.

Сендерге бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?


Олай болса, балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Ендеше, шеңберге тұрып, құстарға алғыстарымызды білдірейік.


Қамқоршы боп жүреміз

Табиғатқа, құстарға.

Аялаймыз оларды,

Жақсы көріп бәріміз.


Қонақтармен қоштасайық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2022
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі