Материалдар / Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн жайлы мәлімет беру, күннің көзі жарқырап тұрса, жылу беретінін түсіндіру. шаттық шеңбері, жұмбақ, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын арқылы күн туралы балаларға толық мағлұмат беру.күннің сәулелерін сары түсті бояумен түзу сызықтар арқылы салынатынын түсіндіру. Қиялдарын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2020
632
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы

«Нұрбалапан» бөбекжайы МКҚК Кіші жас «Балапан» тобы

Бекітемін:________24.11.2020 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу

Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі»

Мақсаты: Күн жайлы мәлімет беру, күннің көзі жарқырап тұрса, жылу беретінін түсіндіру. шаттық шеңбері, жұмбақ, ғажайып сәт, сергіту сәті, ойын арқылы күн туралы балаларға толық мағлұмат беру.күннің сәулелерін сары түсті бояумен түзу сызықтар арқылы салынатынын түсіндіру. Қиялдарын дамыту. Әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд,күн,үлестірмелі материалдар, ақ қағаз, майлы бояу, қолсүрткіш

Әдіс-тәсілдері: Ақпараттық технология, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,қорыту.

Іс-әрекет кезіңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық қозғаушы


























































Ұйымдастыру іздестіру

















































































Рефлексиялық

түзетуші

































Шаттық шеңбері

Алтын таңнын шуағы,

Бақыт үшін туады.

Қайырлы таң қонақтар,

Жарық күннің тұрағы!

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдаршы.

Жұмбақ шешу

Аспандағы сары доп,

Жарқырайды жарық боп.

-Балалар қайталайықшы?

Тосын сәт

-Балалар тынышталайықшы бір дыбыс шығатын сияқты.(Есік қағылады)

-Бұл кімдер екен?

-Балалар, бізге қонаққа кім келгендерін қараңдаршы, .

-Сәлеметсіз бе, күн! Сәлеметсіз бе, бұлт! Күн сіздің көңіл-күйіңіз жоқ қой?

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен өздеріңе әрең жеттім. Менің жағдайым мәз емес. Кеудемді ауыр зіл басып басымды көтере алмаймын. Мына бұлттар да жанымнан кетпей қойды. Осыдан құтылар жол іздеп сендерден көмек сұрай келген жайым бар. Маған көмектесе аласыңдар ма?

- Сәлеметсіздер ме, балалар?

Мен бұлтпын! Сендер менің тапсырмама түгел жауап берсеңіздер, мен күннің сәулелерін де, өзін де босатып ғайып боламын!

Балалар көмектесеміз бе?

1-тапсырма:

Күн туралы толықтай айтып беріңдер!

-Балалар күн қандай пішінге ұқсайды?

-Күн аспанда ма, жерде ме?

-Күннің қандай пайдасы бар? Күннің түсі қандай?

-Күн болмаса айналамыз қандай болар еді?

-Жарайсыңдар балалар!

Күн сәулесінің адамзатқа да, тіршілік үшін де пайдасы зор. Ол бізге шуағын, жылуын бойындағы барлық мейірімін беріп, айналамызды жарық қылып жайнатып тұрады.Адамдарға, тіршілік атаулыға, өсімдіктерге, ауадағы микробтарды өлтіру үшін де күннің пайдасы бар екен. Күн-өте үлкен жарық көзі. Күннің жылуы мен қуатының арқасында өсімдіктер өседі.

Бұлт екінші тапсырмаңыз қандай?

2-тапсырма. Суретпен жұмыс.

Күннің сәулелерін майлы бояумен салып беріңдер!

-Балалар, ендеше, қолдарымызға ақ қағазымызды алып, майлы бояуымызды аламыз. Күн қандай болады?

- Ақ қағаздарыңызда дөңгелек салынып тұр.

- Күннің нелері жоқ?

- Сурет салуды бастаймыз!

- Карандаштарды қай қолымызбен ұстаймыз?

-Ендеше, күннің көзі қандай болады?

Ендеше, бізге қандай бояу қажет болады?

-Майлы бояуымызбен сәулелерін түзу сызықтар арқылы оң жағымыздан бастап, сала береміз! Сендер білесіңдер ме, сурет салып отырған кезде, бояу, карандаштарыңды ауызға салуға болмайды. Бояуымыздың ұшында әр түрлі микробтар болады. Қолымызды да, саусақтарымызды да аузымызға салуға болмайды. Бояуды қолданған кезде , қатты баспай, ақырын ұстауымыз керек. Өйткені бояуымыздың ұшы сынып кетуі мүмкін.

Күн сіздің басыңыздың ауырғаны қойып келе ме?

-Балалар, Күнге қарайықшы нұрланып әдемі болып келеді. Олай болса тездетіп көмектесіп бұлттардан құтқарайық.

Жеке көмек қажет балаларға көмектесемін.

-Суретімізді салып болғандарымыз суретімізді алдымызға қоямыз, мен көрмеге ілемін.

- Бұлт қоштасып шығып кетеді.

Сергіту сәті: «Көңілді күн» әніне билеу.



-Балалар мен сендермен ойын ойнағым

келіп тұр.





Үстел-үсті ойыны: «Сәулелерді орналастыр» (Сары дөңгелек күн бейнесі беріледі , балалар жан-жағына кір қыстырғыш қыстырып сәулелерін орналастырады)

Күн: -Ой балалар! Сендер қандай кереметсіңдер. Өздерің кішкентай болсаңдарда ақылды, өнерлі екенсіңдер. Мен сендерден көмек сұрағаныма қуанып тұрмын.

Күн: Рахмет балалар мен кетейін тіршілік атаулыға жылуымды таратайын, мені күтіп қалған шығар. Көріскеншке күн жақсы болсын, балапандарым!

-Сау болыңыз!

-Балалар бүгін бізге қонаққа кімдер келді?

- Күннің қандай пайдасы бар екен?

-Біз ненің суретін салдық?

-Оқу қызметі сендерге ұнады

ма?

-Балалар бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Жабырқап келген күнді қуанта білдіңдер. Сол үшін сендерге де әрқашан күндей күліп, бір-біріңе жылуларыңды сыйлап жүріңдер деп күліп тұрған күн бейнесін сыйлаймын!



Шаттық шеңберін іс-қимылмен орындайды.







  • Күз мезгілі.

  • Айнала сары жапыраққа толады. Күн суыта бастайды.





  • Күн.

  • Күн.




  • Бұл күн ғой.

  • Балалар күнмен амандасады.




  • Балалар есікке назар аударады.























  • Көмектесеміз.






  • Дөңгелек

  • Аспанда.

  • Сары

  • Қараңғы












Балалар таңырқап тәрбиешіге қарап, мұқият тыңдайды.











  • Дөңгелек.



  • Жарқыраған сәулелері жоқ екен.



  • Тыңдайды.



  • Оң қолымызбен.



  • Сары.



  • Балалар сурет салуға кіріседі.




  • Салған суреттеріне мақтанышпен қарап масаттанадыСергіту сәтін іс-әрекет қимылмен музыкамен орындайды.

  • Балалар бұлтпен қоштасады.









Ойын ойнайды




Балалар мұқият тыңдайды.




Балалар күнге назар аударып қарайды.









- Сау болыңыз!

-Күн және бұлт келді.

- Жылуын береді.

-Біз күн сәулелерін салдық.

-Әрине ұнады.

Күтілетін нәтиже: Біледі: майлы бояуды пайдаланып түзу сызықтарды сыза білу дағдыларын. Игереді: Сары бояуды дұрыс ұстауды, ұқыпты бояй білуді, ептілікті, икемділікті. Меңгереді: сары түсті бояу арқылы күннің шуағын бояп салуды.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!