Тәрбие сағатының тақырыбы :
Тәуелсіздік күні.
Мақсаты:
а)оқушыларға еліміздің
тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімізбен таныстыру,білімдерін
кеңейту.
ә) Отанды сүюге , ел байлығын
қорғауға , болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар
керек екенін ұғындыру. б) бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін
зерделеу , оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел Азаматы етіп
тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа
дайындау.
Кіріспе:
Тәуелсі ел тарихы
–отаншылдықтың , ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры
терең тарих.Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді.Елім
деп еңіреген ақындарымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп
жең болмас» деп жырлайтын еді.Арғы замандарды айтпағанның өзінде ,
тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында
екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны-осының
дәлелі.Тәуелсіздік таңы- Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан
даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата-
бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі
дейміз.Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан.Бұл қазақ
тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманымыз орындалған күні
болды.
1-жүргізуші:
-Құрметті қонақтар Біздің
сыныбымызға келген қадамдарыңыз сәтті болсын.Сіздердің жақсы
көңіл-күйде болып, дем алып қайтуларыңызға біздің сынып ұжымы зор
сенімде.Сіздердің алдарыңызда 1-сынып оқушылары өз өнерлерін
көрсетеді.
2-жүргізуші:
Әнұраным –жан ұраным Айтар
әнім- сөйлер сөзім Туған жерім-сағынарым Мәңгі бақи шырқалады.
Республикам әнұраным. Хор : « Әнұран»
1-жүргізуші
:
Армандарды жақындатып тым
алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс . Егемендік –ел бақыты,
ертеңі, О, халайық ! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан, Асыл елім жан- жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен
бақытым, Айналайын Қазақстан-Гүлстан!
1-оқушы:
Тас еденде жатты қазақ баласы
, Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы, Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!
Қайрат атты атым бар , он
сегізде жасым бар... Еркек тоқты құрбандық , атам десең
атыңдар!...
2-оқушы
:
Сұранбады, жалынбады тік
тұрды, Барлық жендет қорықты одан тіксінді, Тас қорғанда жалғыз өзі
жатсада, Қанішерлер айналада көптінді...
3-оқушы
Бір қазаққа әлі келмей, жер
болып, Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік, Сенің ісің, сен өлтірдің
дегенді , Айтпақшы олар,өрен жасқа көлдей
ғып...
Алдарыңызда бишілер тобының
орындауында Қамажай биі.
1-жүргізуші: Орнында бар оңалар демекші ,
ел орнында , жер орнында, жерге жетер байлық жоқ.Жер болса, ел
болады, ел болса ер болады.Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»
егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды.125 –дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде ,асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет керемет дархан дастархандай далада , егіні теңіздей
толқыған, төрт түлігі өрбіген , өндірісі өркендеген мекенде өмір
сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп , оның көк байрағын
көтеруді мақтаныш тұтады.
4-оқушы: Қазақпын, еңселі
елмін егеменді, Кеңейттім кең әлемге керегемді. Мұхиттың ар жағында
жатқан жұрттар Таныды тепе –тең деп тереземді. Қазақпын,
қойнауы-құт, жері-дархан, Әнімді бес құрлықтың бәріне
айтам.
Ән : «Жаса
Қазақстан».
2-жүргізуші: Қасиеттті
Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің . Елім, жерім,
Отаным –бақ – дәулетім, Болашағым, өнер-білім ,
өркенім.
2-жүргізуші: Барлық ұлттың
басын қосты бұл достық Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық Достық
деген қасиетті ұранға Кең даланың жүрегі де үн қосты Биші қыздар
биімен де үн қосты. «Шаттық биі»
1-жүргізуші: Қасиетті
Қазақстан мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, жерім,
Отаным- бақ –дәулетім, Болашағым , өнер- білім ,
өркенім.
5-оқушы: Бейбіт өмір тілеймін
мен халқыма Туған тілім шұбарланба жарқыра Тарихымызда таланттылар
көбейсін Бас иемін ата баба рухына.
Ән :
Қазақстаным.
Қазақ елім! Туды жастық
дәуірің .
Алғандайсың жұлдызыңның
жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты
болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
, халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын деп тілейік
ағайын.
Абдикадирова
Айжамал.
Ұзартылған күн тобының
тәрбиешісі.