Материалдар / Тақырыбы: Тұлғаны дамытуда мәдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру

Тақырыбы: Тұлғаны дамытуда мәдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыруға арналған –.мәдениетаралық құзыреттілік моделі әртүрлі қасиеттері, қабілеттері мен жеке дағдылары енген ең толық құрылым болып табылады. Осы модельге сәйкес мәдениетаралық құзырет келесі бес элементтен тұрады: қарым-қатынас жасай алу (savoir apprendre/ faire), білімі болуы (savoirs), түсіндіре және салыстыра алу (savoir comprendre), ашық-жарқын және өзара әрекетке дайын болу (savoir etre), мәдениетке сыни көзқарасы немесе саяси білімі болуы (savoir s’engager) Білім алушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2020
905
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әдістемелік баяндама

Тақырыбы: Тұлғаны дамытуда мәдениаралық құзыреттілікті қалыптастыру

Койгельдина Бакытгул Жумагалиевна

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы




Бұл баяндама мәдениетаралық құзіреттілікті қалыптастыруға арналған –.мәдениетаралық құзыреттілік моделі әртүрлі қасиеттері, қабілеттері мен жеке дағдылары енген ең толық құрылым болып табылады. Осы модельге сәйкес мәдениетаралық құзырет келесі бес элементтен тұрады: қарым-қатынас жасай алу (savoir apprendre/ faire), білімі болуы (savoirs), түсіндіре және салыстыра алу (savoir comprendre), ашық-жарқын және өзара әрекетке дайын болу (savoir etre), мәдениетке сыни көзқарасы немесе саяси білімі болуы (savoir s’engager) Білім алушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту.



Жоспары:


1.Мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікке анықтамасы.

2. Мәдениетаралық құзіреттің элементтерімен таныстыру.

3. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында қолданылатын материалдармен жұмыс істеуді көрсету.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Қоғамда өз орнын тауып, өзге ұлтты тереңірек білу үшін тек оның тілін біліп, сол тілде сөйлей білу жеткіліксіз екендігін өмір өзі дәлелдеді. Мұның өзі лингвистикадағы антропоцентристік парадигма аясында қарастырылатын жаңа лингвомәдениеттану және мәдениетаралық коммуникация бағыттарының қалыптасуына алып келді. Кез келген елдің тілі мен мәдениеті өз деңгейінде күрделі де, сан қырлы сипатта болып келеді және ол әлемнің тілдік бейнесін жасауға негіз болады. Ал әлемдегі халықтар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынас орнатып түсінісуі мәдениетаралық коммуникация теориясының пайда болуына негіз болды.

Кез келген елдің тілі мен мәдениеті  өз деңгейінде күрделі де, сан қырлы сипатта болып келеді және ол әлемнің тілдік бейнесін жасауға негіз болады. Ал әлемдегі халықтар мен мәдениеттердің өзара қарым-қатынас орнатып түсінісуі мәдениетаралық коммуникация теориясының пайда болуына негіз болды. 

Мәдениетаралық қарым-қатынас екі құрамдастастан – тіл мен мәдениеттен тұрады. Қазіргі коммуникативті ккеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі қарым-қатынастың әр-түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр –түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, сөйтіп әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады.

Тілдік қатынас (коммуникация) әр түрлі қоғамдық қатынастардың нәтижесінде адамдарға тән ойлау арқылы жарыққа шыққан сөйлесімнің тіл арқылы жүзеге асуы, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы. Ал мәдениетаралық коммуникация жай қатынас құралы емес, түрлі мәдениет иелерінің арасындығы қатынас құралы ретінде қарастырылады, бұл - коммуникация үрдісіне мәдени көзқарас тұрғысынан қарауды қажет етеді. Ол түрлі тілдік қауымдастықтар өкілдерінің арасында өзара түсіністікті қамтамасыз ететін болғандықтан олардың тілдік және мәдени деңгейлерінің өзара тең дәрежеде болмаса да шамалас болуы қажет. Түрлі мәдениет өкілдері арасындағы мәдениетаралық коммуникацияның тиісті деңгейде өтуі көбіне жағдаяттық контекске байланысты болады. Ұлттық мәдениет, ұлттық мінез-құлықтыңкөріністері коммуникацияның арқасында өрнектеледі. Коммуникацияның ауызша және ауызша емес символдары белгілі бір халықты, оның сипаттарын, мәдениетін, салт-дәстүрін айқын сипаттап береді. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа түскен әрбір коммуникант өзін және әңгімелесушісін «өзінікі» және «бөгде» деп қарастырады. Мәдениетаралық қоммуникацияда коммуникант өзін еркін сезіну үшін өзімен тілдік қарым-қатынасқа түскен өзге ұлт өкілінің тек тілін ғана емес, сол ұлттың (елдің) мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық мінез-құлқын білуге тиіс.

Кез-келген адам білімді, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, ғылымды, техниканы тіл арқылы үйренеді. Тіл – ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы. Сондықтан, онда әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары, оның психикалық қалпы тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады.

Тіл-адамдардың еңбек ету процесінде, қарым-қатынас жасау тәжірибесінде, сол тілде сөйлейтін халықтың бастан кешірген ұзақ өміріндегі ойлау жұмысының нәтижесі ретінде үнемі дамып отырады. Халықтыңтілқазынасынмеңгеру, тілдіөткірқұралретіндеқолданабілу – үлкенөнер. Әрбірмәдениеттіадамсолөнердіүйренуге, тілмәдениетінарттыруғаталпынуытиіс.

Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады:

1.  Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым-қатынаста, өзара байланыста болуы басқа мәдениет элементтерін өз бойына сіңіріп алуға алып келеді);

2.  Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады);

3.  Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени-әлеуметтік топтардың болуы);

4.  Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті (мәдени контекстің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті). [2]

Осы факторлардың әсерінен шетел тілінің маңызы артуда. Яғни қарым-қатынас құралы ретінде қолдану талабы туды. Тіл мәдениетті жүзеге асырушы құрал, тіл белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің негізін қалайтын тарихи қалыптасқан белгілер жүйесі. [3]

Лингвистикалық білімнің қазіргі жүйесінің жаңғыртулары негізін мәдениетаралық амал құрайды. Ал оның басты белгіленген мақсаты мәдениетаралық құзіреттілік қалыптастыру.

Соңғы жылдары мәдениетаралық құзіреттілік ұғымын көптеген ғалымдар зерттеп, түрлі анықтамалар беруде. (И.С. Соловьева, Н.Е. Яковлева, Ю.Л. Вторушина, Н.М. Губина, Г.В. Елизарова, Л.И. Гришева, Л.В. Цурикова, А.П. Садохин, Т.В. Ларина, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева, М.Г. Корочкина, Т.Baumer), оның құрылымдық ерекшеліктеріне назар аударылуда (Г.В. Елизарова, К.М. Ирисханова, А.П. Садохин, И.С. Соловьева, Н.М. Губина, М.В. Плеханова, Н.С. Тырхеева).

Мәдениетаралық құзіреттілік - ол тұлғаның өзін мәдениеттер диалогінде, яғни мәдениетаралық қатысым шеңберінде көрсете алу қабілеті деп анықталады. Біз барлығына ортақ Ұстанымы (қызығушылығы және ашықтық, өзге және өз мәдениеті туралы теріс түсінік қалыптастырмау).

2. Білімі (әлеуметтік топтар, олардың сипаттамалары және өз елімен әңгімелесуші еліндегі қызметі, әлеуметтік және жеке өзара іс-қимыл жалпы процестері туралы түсінік).

3. Талдау жасау және өзара байланыстыру түсінігі (басқа мәдениетте құжатты немесе құбылысты түсіну және түсіндіре алу немесе өз мәдениетімен байланыстыру қабілеті).

4. Өзара әрекеттесу және мағлұмат алу дағдылары (мәдениет және олардың практикада қолданылуы туралы жаңа білімді сіңіру үшін, сондай-ақ нақты жағдайларда өз білімін, ұстанымы мен дағдыларын қолдана білу).

5. Мәдени және саяси жағдайлардан хабардар болу (өз және басқа мәдениетте іс-шаралар мен нәтижелерін белгілі бір өлшемдерге негіздеп сыни тұрғысынан бағалау қабілеті).

Ресей ғалымы Г.Д.Томахин тілді және мәдениетті оқу барысында мынадай лексиканы меңгеру аса маңызды деп біледі:

- реалиялар, белгілі бір мәдениетке тән тілдік бірліктер, бұл бірліктерде ұлттық мәдениет ерекшелігі айқын көрініс тапқан, мұндай тілдік бірліктер басқа тілдерде болмайды:

-топонимдер /географиялық атаулар/;

-антропонимдер /адамдар есімдері/;

-ең алдымен тарихи және мемлекеттік қайраткерлер аты-жөндері;

-этнографиялық реалиялар: азық-түлік, киім-кешек атаулары, мейрамдар, көлік түрлері, ақша т.б.;

-қоғамдық-саяси реалиялар;

-білім беру жүйесінің реалиялары;

-мәдениетке, яғни театрға, киноға, әдебиетке, музыкаға, сурет өнеріне байланысты реалиялар.

2) коннотативті лексика, яғни мағынасы бойынша сәйкес келетін, бірақ мәдени ассоциациялар жағынан өзгеше лексика;

3) түпкі лексика, салыстырылып отырған тілде аналогы бар, бірақ ұлттық ерекшеліктері бар ұғымдар [6].

Мәдениетарлық қарым-қатынас білктілігінің талаптары заман ерекшелігіне байланысты келесі практикалық мақсатпен анықталады.

1. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету барысында материалдар шынайы өмір талаптарына сәйкестендіріліп, тақырыптар өмір тәжірибесіне сай іріктелуі тиіс.

2. Мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйрету жасанды орта жағдайында жүргізіледі. Сондықтан нақты білім дағдыларды қалыптастыру мақсатында бөтен ел бейнесі шынайы сомдалу үшін жаңа түрлі әдіс-тәсілдер қолданылуы талап етіледі.

3. Өз мәдениетінің құбылыстарын жетік түсіне білу керек. Сонда өзге мәдениетті өз мәдениетімен салыстырмалы түрде түсінуге тырысу, ұқсастықтарын табу, саралау.

4. Білім беру стандарттары өз кезегінде тілдік материалдардың аутенттілігін талап етеді. Аутентті материал негізінде тілді мәдениет элементтерін қанық меңгере аламыз. Шеттілдік білім бере отырып студенттің мәдениетаралық қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыру мына параметрлер бойынша іске асуы тиіс:

1) басқа мәдениет өкілімен қарым-қатынас барысындағы тілдік қарым-қатынас ерекшеліктерін білу;

2) эквиваленттік және эквиваленттік емес лексиканы меңгеру;

3) мәдениет танымдық мағлұматтарды білу;

4) шет тілінде ана тілінің реалияларын түсіндіре алу.

Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі мемлекеттің, сонымен бірге білім беру мекемелерінің басты мәселелерінің бірі – Қазақстан халқының мүддесін өз мақсат-мүддесінен жоғары қоятын білімді, саналы, кәсіпқой мамандарды тәрбиелеу. Ал оның ішінде бәсекеге қабілетті, құзіретті болашақ мамандарды (студенттерді) даярлау – жоғарғы оқу орнындағы міндеттердің бірі. Осыған байланысты мемлекетімізде,қоғамдық өміріміздің барлық салаларында кәсіби деңгейі жоғары болашақ мамандарды даярлау басты мақсат ретінде алынып отыр. Ал бұл бағыттағы мәселе білім беру саласына тікелей қатысты, себебі білім – жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік көзқарасын дамытатын, дүниетанымдық аясын кеңейтетін маңызды фактордың бірі болып саналады.Сондықтан еліміздің оқу орындарына, оның материалдық-техникалық базасына жаңаша талаптар қойылып, студенттерге білім беруде және тәрбиелеуде ерекше мән беріп, құзіретті тұрғыда білім беруді жетілдіру қажет.

Қазіргі таңда шет тілін оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру және оны әрі қарай дамыту болып табылады.
Осыған орай заманауи шет тілі сабағы оқушылардың бойында мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған болуы қажет. Ең алдымен оқушылардың тілдік құзіреттілігін дамытуға көңіл бөліну керек, атап айтқанда берілген тақырып көлемінде оқу, сөйлеу, жазу және тыңдап түсінуде мәдениетаралық қарым – қатынас құруға жаттықтыру. 
Мысалы «Біздің өміріміздегі теледидар» тақырыбындағы тапсырма: Сен- «Теледидардағы зорлық- зомбылық» тақырыбында өтіп жатқан телебағдарламамен байланыста тұрған талқылау тобының мүшесісің. Осы мәселе бойынша өз көзқарасыңды білдір.
«Арал мәселесі» тақырбында оқушылар «Арал мәселесін шешуге бағытталған проект құрастыру керек болса сен не істер едің? Бұл мәселені шешудің қандай жолдарын табар едің?» деген сұрақтар төңірегінде дикуссия жүргізеді.

Қорытындылай келе, қазіргі қоғамның, экономиканың және білім берудің дамуындағы өзгерістер кез - келген жағдайды саралап, мәдени және әлеуметтік шараларға белсене қатысатын, өзгермелі заманда өз бетімен шешім қабылдай алатын XXI ғасыр тұлғасын қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан жазушы Кларктың «Жай біліп қана қоймай, оны қолдану керек. Қатты қалап қана қоймай, әрекет ету керек» деген сөздері қазіргі таңда өзекті.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты: Жалпы орта білім // Білім әлемінде. №1. 2016 ж.;

2. А. Құлсариева, Қазіргі замандағы мәдени әмбебапталу үрдістері. http//kazakheli.kz.

3. Әлметова Ә. Лингвомәдениетті оқытудың әдістемелік негіздері, ʽʽКИЕʼʼ Лингвоелтану орталығы, 2018.

4. Byram M. Teaching and assessing intercultural communicative competence. Clevedon: Multilingual Matters, 2017.

5. Вторушина Ю.Л. Формирование межкультурной компетенции в контексте профессиональной подготовки будущих учителей иностранного языка (на материале преподавания английского языка с использованием народного фольклора). Дис. ...канд.пед.наук. М.: 2007. 187с.

6. Елизарова Г.В. Культура и обучение иностранным языкам.СПб.: КАРО, 2015. 352с.

7. Қудабаева П.А., Беркимбаев К.М. Болашақ мамандарды дайындау жҥйесінде мәдениетаралық құзырлылықты қалыптастырудың кейбір мәселелері // ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы, №3(47), 2015, - Б. 4- 8

8. Бондаревская Е.В., Кульневич С.В.Парадигмальный подход к разработке содержания ключевых педагогических компетенций // Педагогика. – 2014г. №10. С. 23-31.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ