Материалдар / Тақырыбы: Үлгеімі төмен оқушылармен жұмыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: Үлгеімі төмен оқушылармен жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2018
615
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Үлгермеушілік тұрақтылығына байланысты үлгермеушіліктің 3 түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Жалпы және тұрақты үлгермеушілік - ұзақ уақыт бойы барлық немесе көптеген пәннен үлгермеу.

  2. Жекелеген, бірақ салыстырмалы тұрақты үлгермеушілік – бұл бір немесе екі үш қиын пәндерден үлгермеу.

  3. Эпизодтық тұрғыдағы үлгермеушілік – бірде жеңіл пәннен бірде екінші пәннен үлгермей қалу.

I категория себептері ретінде: оқушының алдыңғы дайындығының төменгі деңгейі әр түрлі себептерге байланысты қолайсыз жағдайлар (дене кемістіктері, ауру, тұрмыс жағдайының нашарлығы, ата-ананың қамқорлығының жоқтығы); оқушы тәрбиесінің жетіспеушілігі (жалқаулық, тәртіпсіздік); ақыл – ойының дамуының әлсіздігі.

II категория алдыңғы сыныптардағы кемшіліктер, оқылатын пәнге деген оқушының қызығушылығының жетіспеушілігі, оқудағы қиындықтарды жеңуде ерік әлсіздігі;

III категория дұрыс оқытпау, оқудағы бақылаусыздық, сабаққа дұрыс қатыспау, сабақтағы зейінсіздік, үй тапсырмаларын жүйелі орындамау.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.Өз іс-тәжірибеме сүйене келе,химия пәнінен үлгерімі төмен оқушылар жайлы мәліметтерді үнемі толық жинақтап,саралап отырамын.Оның қорытындысын жасап,оқушыға берілетін тапсырманы құрғанда үнемі еске алу қажет.Өйткені,әр баланың түсіну,орындау,қабылдау деңгейіне байланысты.Сонда ғана жетістікке жетуге болады.Мысалы,мына үлгіде көрсетілгендей етіп жасауға болады.


Оқушының аты-жөні

Сыныбы

Деңгейі

1



Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, есте сақтау қабілеті нашар

2



Түсіну деңгейі төмен,баяу қимылдайтын оқушы

3



Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, есеп шығаруды білмейді, есте сақтау қабілеті нашар

4



Сабақты түсіну деңгейі өте төмен, есте сақтау қабілеті нашар,тез шаршайды.

5



Сабаққа ынтасы төмен, түсіну деңгейі төмен, қызығушылығы аз





Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:

  • Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру.

  • Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс.

  • Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру.

  • Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн.

  • Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді.

  • Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде оған көңіл бөлу, көмектесу қажет.

Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек.Сондықтан,формативтік бағалаудың әсері өте жоғары деп ойлаймын.Сонымен қатар,баланы әр қырынан көре білу үшін қабілетін толық зерттеу қажет.Өзімнің іс-тәжірибемнен мына кестелерді көрсетуге болады.


Үлгерімі төмен оқушылардың қабілетін зерттеу






Оқушының аты-жөні

Сауаттылығы

Зейіні

Еске сақтау қабілеті

Байқағыштығы

Үй тапсырмасын орындауы

Өздігінен ойлауы

Қиялының дамуы

жауапкершілігі

ізденімпаздығы

Балалармен қарым-қатынасы

Кітапханамен байланысы

1













2













3













4













5














Мұғалім сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыны анықтап, олардың пәнді меңгеруін, түсінуін есепке алып, диагностика жүргізіп отыруы қажет. Бұл оқушының пәннің қай жерінде олқылығы бар екендігін анықтауға және оның себебін анықтауға көмектеседі. Бұл себептер төмендегідей болуы мүмкін:

Химия пәнінен диагностикалау

Оқушы: ___________________________ Сынып______ тоқсан ______


Сипаттамалар

Бағалау шкаласы

1

Материалды толық түсінеді, қатынастарды қорытындылайды, байланыстарды табады



2

Материалмен танысқанда қызығушылықты, табандылықты, жоғары мотивацияны білдіреді



3

Берілген тапсырманың орындалу шарттарын білу үшін бар зейінімен оқып-танысады,



4

Тесттік тапсырмаларды шешу тәсілдерін табады



5

Анықтамаларды және деңгейлік тапсырмаларды дұрыс шешу амалдарын орындай алады



6

Кестемен жұмыс жеке тапсырмаларды орындай алады



7

Тапсырма орындау барысында басқа пәндерден алған білімін тиімді қолдана алады



8

Берілген тапсырманы тез орындайды



9

Қиындығы жоғары тапсырманы өз бетімен білуге қабілеті бар



10

АКТ-ны қолдана алады





Сонымен бірге,пән бойынша жылдық жоспар құрып,іске асуын қамтамасыз ету қажет.Ол жоспар әр балаға да арналып жасалуы мүмкін,ол ұстаздың шеберлігіне байланысты.Сонымен қорытындылай келе, үлгерімі нашар оқушымен жұмыс ұстаздың шеберлігіне байланысты болады.Қазіргі заман талабына сай сабақтағы әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы «сөйлемейтін» оқушыны сөйлетіп»,дарынды оқушыны танып білуге жол ашады.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!