Ұйымдастырылған оқу қызметі:
Қарапайым математика негіздері.
Білім саласы: «Таным»
Білім саласын кіріктіру: «Таным» «Шығармашылық», Монтосори
элементтері.
Тақырыбы: «Қызықты математика әлеміне саяхат».
Мақсаты: Балалардың сан санау ұғымын кеңейту дамыту. Салыстыру,
санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктері: Слайд, сандар , сандар таңбасы, санайтын
таяқшалар,магнитті тақта, ,тәрелке мәни салынған ,көк және қызыл
дөңгелектер.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ -
жауап, салыстыру.
Оқу әрекеті:
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Сәлемдесу
Балалар бүгінгі біздің
сабағымыз ерекше. Бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Алдымен біз
қонақтармен амандасайық.
-«Сәлеметсіз бе»,қазақша
амандасу.
- Здраствуйте, орысша
амандасу.
- Гуд монен ағылшынша
амандасу.
Баланың іс - әрекеті:
Балалар шаттық шеңберіне жиналады.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де
«сіз»,
Бар адамға
құрметпен
Бас иеміз біз. Қимылмен
балалар көрсетеді.
Сабақтың
барысы:
Тәрбиеші сұрақтар қою арқылы
сабақты бастайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың көктем мезгілі.
-Көктем мезгілінің
ерекшеліктері?
Мнемо кесте бойынша суретті
оқу. Қар еріп,күн шығып, құстар келіп ән салды
.
-Көктемде ағаштар бүршік
жарады,шөп шыға бастайды. Күн жылынады. Қар ериді.
- Көктем мезгілінде неше ай бар?
- Үш ай бар.
- Атап беріңдер?
- наурыз, сәуір, мамыр.
-Қазір көктемнің нешінші
айы?
-Үшінші соңғы айы- мамыр.
- Ал енді, балалар апта күндерін
қайталайық.
Дүйсенбі.
Сейсенбі.
Сәрсенбі.
Бейсенбі.
Жұма.
Сенбі.
Жексенбі.
Хормен .жеке баладан сұрау
-Балабақшаға неше күн келеміз?
5 күн .
Атау.
Ал неше күн
демаламыз?
Екі күн демаламыз.
- Балалар саяхатқа барғыларың келе ме?
- Барғымыз келеді!
Онда біз қызықты математика еліне саяхатқа
шығамыз.
1-аялдама.
«Сиқырлы сандар елі».
Балалар мен сендердің алғыр,
тапқыр, шапшаңдықтарыңды білемін. Ол үшін менің бірнеше тапсырма,
ойындарым бар. Соларды орындай аласыңдар ма? 1.
Тапсырма.
Балық аулау ойыны
.
Магнитті тақтада орындау.түсіп
қалған сандарды орнына қою.
1...3..5.
1, 2, 3, 4, 5,6,8.9,10- ға дейінгі сандарды тура санау 1-баладан
сұрау.
үш тілде
санау
10,9,8, 7,6, 5,4,3,2,1 кері
санау 1-баладан сұрау.
Сандарды орысша санау.(Келесі
баладан сұрау).
Адасқан
сандар . Сандарды ретімен тұру .
Музыка әуенімен жүру.
2-ші аялдама: Тапсырма.
«Логикалық суреттер».
Сурет бойынша сұрақтарға жауап
береді.
Тапсырма. -Қоян мен қонжықтың сүйікті тағамы қандай?
-Қоян – сәбіз.
-Қонжық – бал.-Қоянның құлағы нешеу?-Екеу.
Балалар мына ағаштар
қандай?
Жуан
,жіңішке
Енді балалар біз мына берілген
тапсырмаларды орындап көрейік:
Сергіту сәті: «Алма кетті
домалап»
Оң қолымда бес
саусақ
Сол қолымда бес
саусақ
Бесті беске
қосқанда
Болып шықты оң саусақ саусақ
жаттығуын жасау
3-ші біздің аялдама: «Әр
түрлі тапсырмалар».
Ол үшін біз мына тұрған
үстелдерге отырамыз.
Сендердің алдарында жатқан
геометриялық пішін қандай? Моншақ тізбегін
жасау Монтосори
элементтері арқылы
-Көк және қызыл
дөңгелектер.
-Үлкен бе әлде кішкентай
ма?
-Кішкентай көк және қызыл
.
-Дұрыс айтасыңдар.Ендеше осы
дөңгелекшелерден моншақ құрастырайық.
Моншақ
құрастырамыз.
Д/О. Таяқшылар (Есте сақтау).
Монтосори әдісі
Шарты: Санау таяқшаларынан құралған пішінді көрсетіп, 1 - 2 секунд
оны бала өзі құрастыру керек.
Үй
Балық.
Шырша
Енді балалар сендер сандарды
ұнтақталған дақыл салынған тәрелкеде Монтосори әдісі арқылы
айтылған сандарды жазып отырайық. 1-3-5 сандарын жазайық. Мысалы :
1 санын жазады апай қарайды шайқап келесі сан айтылады. Балалар
жазады тағы да қайталанады.
Ал енді біз ойын ойнаймыз
. «Қыстырғыштармен
ойын».Ойынның шарты: Әр түрлі
суреттер сандарды сандар санына қарай
орналастыру.
Тәрбиеші:
Балалар сендер өте жақсы
тапсырма орындадыңдар.
-Балалар біз қайда саяхатқа
бардық?
-Бүгінгі сабақта нені
білдік?
-Қандай жұмыстар
жасадық?
-Сандарды санадық, санамақ
айттық.
Балалар сендер менің барлық
тапсырмаларымды орындадыңдар . Сендер өте ақылды балалар
екенсіңдер.
Балалар сендер нағыз алғыр, білімпаз, өнерлі балалар
екенсіңдер.
Ойындарға да жақсы қатыстыңдар ,логикалық есептерді шештік басқа
сұрақтарыма жауап бердіңдер.Менің сендерге сыйлығым бар.Сыйлықты
үлестіру.
Күтілген нәтиже:
Білуі керек: Логикалық есептерді шеше білу
керек, сан санау ұғымын кеңейту.
Болу
керек: Ойлау қабілеттері, білімге
деген құштарлығы.
Үйрену
керек: Шапшаңдыққа, шыншылдыққа,
адамгершілікке баулу.