Материалдар / Тақырып: Сабақ талдау түрлері мен типтері

Тақырып: Сабақ талдау түрлері мен типтері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәріс ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
1676
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 11.02.2021

Топ: 2-инфо-1

Пән: Информатиканы оқыту әдістемесі

Оқытушы: Аршын Ж.

Тақырып: Сабақ талдау түрлері мен типтері


Дәріс:

Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі:

Өзіндік талдаусыз мүмкін емес:

• оқытудың толық жүйесін құру;

• шеберлікті арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту;

• озат педагогикалық іс – тәжірибені жинақтау;

• техникалық жұмысқа уақытты жұмсауды қысқарту;

• мұғалімнің өзіндік қорғау мен психологиялық ахуалды қамтамасыз ету.

Сабақ талдау типтері

1. – толық - мұғалім іс-әрекетінің стилін анықтау мен іс тәжірибесін, оқу – тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыруды бақылау мақсатынды жүзеге асырылады.

2. – қысқа - жалпы сапасын бағалау мақсатында және негізгі дидактикалық категорияларды айқындайды; 3. – кешенді – сабақты ұйымдасту формасы, әдісі, мазмұны, мақсаты арасындағы байланыс пен бірлінін жан – жақты қарастыруды болжайды. Көп жағдайда бір тақытыпқа байланысты бірнеше сабақтарды талдауда және жас мамандарды оқытуда қолданылады.

4. – аспектілі – сабақты бір түрін терең қарастыру қажеттілігі туындаған кезде мұғалімнің іс - әрекетіндегі жекеленген амаладрың тиімділігі мен кемшіліктерін айқындау мақсатында қолданылады.

Талдаудың әр қайсының бірнеше түрлері бар: дидактикалық, психологиялық, тбиелік, методологиялық, ұйымдастырушылық.

Педагогикалық талдаудың мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін, осыған сүйене тырып сабақтың бір аспектісіне (жалпы педагогикалық, психологиялық т.б.) сәйкес келетін жекеленген талдау жүзеге асырылады.

Сабақты талдаудың жалпы критерилері

Нәтижелік. Сабақтың нәтижелігі сабақты өткізу технологиясына тәуелді деп саналады, оқу үрдісін ұйымдастурудың негізгі ережелері орындауға негізделген және неғұрлым технология сапалы, соғұрлым сабақты нәтижесі жоғары. Сондықтан мұғалімнің және оқушының барлық іс-әрекеті қазіргі заманғы психолого – педагогикалық жетістіктерді ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары

• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;

• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);

• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;

• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;

• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;

• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;

• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;

• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;

Сабақ құрлымы

Кәзіргі таңда ғылыми ақпарат ағымы өте үлкен, оқыту уақыты шектеулі. Ең маңызды талаптардың бірі оқытудың әдістері мен тиімді мазмұнын табу болып саналады.

Сабақтың құрылымы дидактикалық мақсат негізінде құрылады, оқу материалының мазмұны, оқу іс-әрекетінің барысында жүзеге асырылатын ақыл-ойлық және практикалық операция құрамына, психологиялық заңдылықтары мен жағдайына (класс құрамына, дайындық деңгейіне, кесел келтіретін және күшті оқушылардың әсері т.б.) сәйкес құрылады.

Қандай да бір оқу материалының меңгерілу деңгейінің заңдылыға сәйкес мұғалім үйренудің логикасын, реттілігін құрады, ол оқытудың нақты әдістері мен амалдардың көптеген түрлерінің сан алуандылығымен байқалады.

Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз ететін:

• оқытудың, тәрбие мен дамудың мақсатын кешенді жоспарлау;

• сабақ мазмұнының ішіндегі негізгісін және тақырыптың маңыздысын, нақтылығын бөлу;

• материалдың мөлшерлігі және қайталау уақыты, жаңа материалды оқу, үй тапсырмасын бекітудің мақсатқа лайықты реттілігін анықтау;

• оқытудың ұтымды әдіс – тәсілдері, амалдарын таңдау;

• оқушыларға жеке дара және дифференциалды көзқарас;

• оқытудың қажетті оқу – материалдық жағдайын амтамасыз ету.

Оқушылардың танымдылық іс-әрекетін белсенділігін арттыру:

• оқушының оқу – танымдылық міндеттердің қабылдауы мен түсінуі;

• шешу жолдарының жоспарын құру;

• індеттің іс-жүзінде шешуі;

• міндетті шешу үрдісін бақылау;

• үлгіге сәйкес нәтижесін бағалау;

• жинаған білімін одан әрі жетілдірудің міндеттерін айқындау

Мұғалімге оқушыларға сабақ үстінде өзіндік шығармашылықпен оқу іс-әрекетін ұйымдастыра білу қажет және оқытудың «белсенді» әдісін қолдана отырып меңгерілу үрдісіне бақылау жасау, ерекше қарым – қатынасты ұйымдастыра отырып көптеген әдістемелік амалдарды қолдана отырып жүзеге асыру қажет.

Сабақты өзіндік талдау деңгейі:

1. Эмоционалдық - ырықсыз деңгей, мұғалімнің өзінің педагогикалық іс - әрекетіне толық қанағаттануы немесе қанағаттанбау деңгейі.

2. Бағалау – сабақтың нәтижесінің қойылған мақсат пен жоспарға сәйкестігін бағалау;

3. Әдістемелік – сабаққа қабылданған талаптар негізінде сабақты талдау жасау;

4. Рефлексивті – себептері және одан шығатын нәтижені айқындау. Бұл талдаудың жоғары түрі, оны іске асыру үшін психолого – педагогикалық теорияны да қатыстыру қажет.

Сабақты өзіндік талдау

Оқушылардың көтерілуін, жетістігін ескере отырып іс-жүзінде орындалған мен жоспарланғанды салыстыру арқылы өз іс-әрекетінің соңғы нәтижесін бағалау мақсатында жүргізілген мақсаттың мазмұны мен міндеттеріне шын жүректен ой -тұрғысында жүйелеп орналастыру болып табылады.

Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптар:

• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті;

• дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу;

• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу;

• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі;

• сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу;

• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау;

• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау;

• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру;

• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау;

• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу;

• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);

• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;

Сабақты өзіндік талдау

1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?

Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?

Осы үлгідегі сабақтардың ішінде элементтері нақты белгіленген бе?

Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшері дұрыс белгіленген бе?

2. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

Осы тақырыптағы (сұрақтағы) бағдарламаның талаптарының барлығы байқалды ма?

Жаңа материалды түсіндірген кеде оқушылар қаншалықты белсенді болды(қабылдауы, түсінуі, танымдылық қызығушылықтың оянуы)?

Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» шешілу жолдары дұрыс таңдалды ма?

Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай?

Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалмен түсіндіру барысында бекіту орын аблы ма) Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?

3. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

оқушылардың ойлау операцияларының негізіне (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма?

Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма?

Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма?

Жалпы дамуына қатысты қандай – бір ақпарат орын алды ма?

Оқушылардың эстетикалық дамуы орын алды ма?

4. Сабақ барысында тәрбиелеу.

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма?

Дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді?

Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды?

Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?


5. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс әрекеті мен оқушы іс - әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?

6. Оқыту әдістерін таңдау.

Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?

7. Сабақтағы мұғалімнің жұмысы.

Сабақта мұғалімнің қандай іс-әрекеті орын алды қандай көлемде (сөйлеу іс-әрекеті, тыңдау, жазу, оқушыларға көмек т.б.)?

Класпен қарым-қатынасқа орнатылды ма?

8. Оқушылардың сабақтағы жұмысы.

Сабақтың әртүрлі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі қандай болды?

Сабақта оқушылардың қандай іс-әрекеті орын алды?

Сабақта қандай тәртіп болды және неге?

9. Сабақтың гигиеналық жағдайы.

Класс бөлмелері жеткілікті жарық болды ма?

Оқушылар денсаулығы, бойы, үлгерімене байланысты отырғызылған ба?

Сабақ кестесіне дұрыс қойылған ба?

10. Кейбір әлеуметтік міндеттер.

Педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік немесе мектептің зерттеуімен қабылданған шешімімен байланысты міндеттер. Жағдайға байланысты талдау барлық параметр негінде аталғандардың ішіннен талдаудың бір-екі түрін ғана алуға болады.

Өзіндік талдау – мұғалімнің келесі сабаққа дайындалудың бастамасы

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

Сабақ сапасының негізгі критерийі – оқушылардың білімділігі, сабақтың мақсатына жету. Сабақтың нәтижелі болуының алғышарттарының бірі- мұғалімнің мәдениеті, жан-жақтылығы мен адамгершілігі.

• Мақсаттылық.

a) Жинақтылық,тәрбиелілік, дамытушылық;

b) Сәйкестілік (жеке оқушыны дамыту,оның мүмкіндіктерін ашу мақсатында)

c) Мазмұндық

d) Жас ерекшеліктеріне сай.

• Мазмұндық критерийі

a) қағидаларға сүйену

b) Маңыздылық

c) Құрылымның, мазмұнның қисындылығы

• Әдістемелік критерийі

a) мақсаттылық

b) мазмұндық

c) мұғалімнің жеке басының мүмкіндігі

d) оқушының мүмкіндігі

e) жұмыс жағдайы

f) қызметтің жаңаша ұйымдастырылуы

• Оқушының іс әрекетін ұйымдастыру критерийі

a) тиімділік; (жалпылама, топтық, жеке , жұппен)

b) тәртіптілік, реттілік және бірқалыптылық

c) мұғалімнің басқару қызметі

d) ұжымды игеру ;

• Оқу құралдар критерийі

a) таңдау және тиімді пайдалану

b) сәйкестілік м c) негізгіні айқындаушылық

d) Нәтижелілік критерийі

e) білім мен біліктілік, шығармашылық тәжірибе жинақтау;

f) тәрбиелік, дамытушылық, білімділікжағынан алға жылжыту.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ