Материалдар / Тақырыптық сабақ: 7мамыр қоргаушілер куні, 9 мамыр Жеңіс күні
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыптық сабақ: 7мамыр қоргаушілер куні, 9 мамыр Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр тәрбиешілерге үлесі зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
823
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Біз Отанның сарбазы»


Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Ұлы отан соғысының мазмұнын әңгімелеп осы соғыста ерлік көрсеткен барытлардың ерліктерін, жыл сайын жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, балалрды отан қорғауға, Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға үрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу.

Құрметті: Ата аналар, ұстаздар, балалар 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен және де 9-мамыр жеңіс күнімен құттықтаймыз. «Біз Отанның сарбазы» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.


Тәрбиеші:

Жауынгер біздің саңылақтар
Жауды жеңген солдаттар
Ардақта Отан- ел үшін
Бақытты туған жер үшін    
.Отан үшін мерт болғанды танып біл,
Оларды әсте ұытпайды халық бұл!
Ерлік даңқы ешқашанда өлмейдіді,
Батырлардың жүрегі отбоп жанып тұр!

Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын Аталар!
Ұмытпайды ешқашанда
Жауынгерді балалар.
«Солдат болам мен ертең» балалардың орындауында

1бала:Тебіренді тауың, желпінді далаң,
           Көтерді көкке туларды ғалам.
           Жеңістің ұлы күнімен сені,
           Құттықтау үшін келіп тұр балаң.

 

2бала:Жеңіс келді далама,
          Жеңіс келді ән болып.
          Жеңіс келді қалама,
          Келді ауылға сән көрік.

3бала: Көлеңкесі жоқ көңілге күшті
            Алтын мамырдың сәулесі түсті.
            Дүниеге ұлы жеңіс келді деп,
            Көгіне тағы ұшырды құсты.
4бала:Жеңіс-күні бар әлемге әгілі
          Көктем шуақ тоғызыншы май күні
           Айтшы кане,біздің жеңіс шеруі
          Кездейсоқ па көктемге тұс келуі

Би:«Катюша » балалардың орындауында
Тәрбиеші:-Балалар ,жер шары балаларының тілегі не?

Балалар:-Бейбітшілік болсын!

-Соғыс болмасын!

-Достық болсын!

-Адамдар бір-бірімен тату, дос болсын!

5бала:Самалеті қанаты ,

Сүйсініңдер қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты

Мегнің ұшқыш ағам бар.

6-бала:От жалындай қайраты

Сүйсініңдер қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты

Менің танкист ағам бар.

7-бала:Жауды ықтырар айбаты

Сүйсініңдер қараңдар.

Бейбіт өмір солдаты

Ер теңізші ағам бар.

8-бала:

Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай.

Ұмытылмас мәңгілік

Тәррбиеші: -Балалар, біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық! Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоты болуға әзірмізӘн «Ақ көгершін» хормен. Жүргізуші: Осымен «Біз Отанның сарбазы» атты мерекелік жарысымыз аяқталды. Аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын, еліміз тыныш болсын!Тыңдап көргендеріңіз үшін көп-көп рахмет!



























«Бейбіт күн жасасын әлемде!»

 Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 74 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Еркетай» шағын орталығы бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!



 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны



Жүргізуші:

Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.



Жүргізуші: Бүлдіршіндердің тақпақтарын қабыл алыңыздар:

Сергей:

Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың бауырың.

Отан-өлкең Астанаң,

Отан-аудан, ауылың.







Артур:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық.

Таисия:

Анамыздай тілеуі ақ,

Отан бізде біреу-ақ

Ол-біздің Қазақстан!

Хор: «Жеңіс туы желбіреп»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.

Слайд көрсетіледі.

Клим:

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды.



Макар:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.



Алуа:

Біз еліктеп өсетін,

Батырларың десе кім?

Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржан біздің атамыз.

  

Кайр:

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік.







Би: «Орыс биі Катюша»

 

Жүргізуші:

Жеңіс келді, артта қалды зар, қайғы.

Адам асыл арманды алға жолдайды.

Бейбіт күнін аталардың әкелген,

Бүгін міне, ұрпақтары жолдайды-дей келе,

Ерасыл балапанның әніне кезек берсек.

Ән: «Вставай страна огромная»

Ойын: «Кім мерген»

Жүргізуші: 

Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің құтты болсын,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  ұлдардың  «Сарбаздар» биін қабыл алыңыздар!

 Би: «Сарбаздар» 

Жүргізуші:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді, ән болып.

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрік- дей келе Наргиз қызымыздың әніне кезек берсек. 

Жүргізуші:

Сұм соғыс қайтып болмасын,

Бәйшешектер солмасын.

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын.

Бірлікпенен күн кешіп,

Бейбітшілік орнасын.

Жүргізуші: Осымен 9-Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын!



































Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "№26 сәбилер бақшасы" КМҚК








Shape1








Орындаған:А.Ж.Галиева




2020-2021 о.ж


Павлодар облысының білім беру басқармасы, Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің "№26 сәбилер бақшасы" КМҚК








Shape2








Орындаған:А.Ж.Галиева





2020-2021 о.ж


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!