Тәрбие жүйесі нәтижесіндегі оқушының әлеуметтік табысты болуына тигізетін әсері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие жүйесі нәтижесіндегі оқушының әлеуметтік табысты болуына тигізетін әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие жүйесі нәтижесіндегі оқушының әлеуметтік табысты болуына тигізетін әсері жөнінде болмақ. Тәрбие жұмысы күрделі, әрі қиын процесс. Бүгінгі таңның ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе қаласы, “Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы” КММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жүсіп Гүлмира Тұрмұханқызы


Тақырыбы: Тәрбие жүйесі нәтижесіндегі оқушының әлеуметтік табысты болуына тигізетін әсері.


Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан жұмыстар оқытудың, тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде педагог А.Байтұрсынов: Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеу керек-деген Ахмет Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап-мақсатымен үндес, өмір бойы өшпейтін, ескермейтін өсиет. Бұлай дейтініміз, болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға педагогтар мен ата-аналар.

Сондықтан да бүгінгі таңда еліміздің-білім, тәрбие жүйесінің стратегиялық мақсаты-жүйелі дайындалып, берген білімді, дағдыларды меңгеретін,бәсекелестікке қабілеті мол,шығармашылық бағытта жұмыс істей алатын,тың жаңалықтарға бейім,ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Мектеп мұғалімі жас ұрпаққа білім беріп қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Әр оқушының әлеуметтік,және моральдық бейнесін қалыптастырады.

Тәрбие жұмысын бір бағытқа салып,оқушыларға қойылатын талаптардың бірлігін

қамтамасыз ету сынып жетекшісінің негізгі міндеті болып табылады.Бұл одан өте үлкен жауапкершілік талап етеді.Қазіргі кезде тәрбие жүйесі нәтижесінде оқушының әлеуметтік табысты болуына тигізетін әсері өте зор.Мектептегі тәрбие жұмысына байланысты сынып жетекшісінің міндеттері күрделеніп,жаңа сипат,жаңа мазмұнға ие болып отыр.Оның бұл әлеуметтік-іс әрекеттерін айқындайтын негізгі міндеттерінің бірі:

Мыналар:

1.Өз сыныбындағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың

жеке басының ерекшеліктерін жан-жакты зерттеу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды ынтымағы

жарасқан,жұмысқа икемді ұжым етіп,ұйымдастыру.

3.Оқушыларға арналған ережелердің талаптарын түсіндіру арқылы жауапкершілікке тәрбиелеу.

4.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасау.

5.Оқушылардың оқуын тастап кетпеуі үшін алдын-ала тиісті шаралар қолдану.

6.Оқушылар арасында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.Сынып жетекшісі жұмысының мазмұнын анықтауда мектептің және сыныптың тәртібі мен оқу үлгерімі дәрежесі, мұғалімдер құрамын ескеру қажет және тәрбие жұмысын белгілі бір жүйемен жүргізу міндет.Мысалы, мұғалім өз сыныбындағы оқушылардың ерекшеліктерін,қабілеттері мен зейінін, интеликтуалдық даму деңгейін ескеріп оларды «Дарын», »Іскерлер», «Шеберлер», »Екпінділер» атты топқа бөліп жұмыс жүргізуге болады. «Дарын» тобына әсіресе ,табиғи дарыны мол, жаратылысынан музыкаға ,поэззияға,бейім оқушыларды топтастыруға болады.Ал, Іскерлер тобына іскер, белсенді, қоғамдық жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайтын оқушыларды іріктеп алу керек.Сондай-ақ, «Шеберлер» тобына бес саусақтарынан өнер тамған қылқалам шеберлерін жатқызып,Ептілер тобына епті де күшті, спортқа қабілеті бар, шымыр оқушылар алу.Сынып жетекшісі жұмысының қай саласын алсақ та, соның бәрінде де табысқа жетудің негізгі кепілі- оқушыларды жақсы білу.К.Д.Ушинский «Адамға тәрбие беру әдістері» атты еңбегінде «Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге,оңай іс болып көрінеді.Олай болса, оқушыларға жақсы тәрбие беру міндеттері оларды мақсатқа сай, жүйелі түрде зерттеп-білуді талап етеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.01.2022
478
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі