Материалдар / Тәрбие сабағы: "Тәуелсіздік туы желбіресін!". 3 сынып

Тәрбие сабағы: "Тәуелсіздік туы желбіресін!". 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Тәуелсіздік туы желбіресін!" атты ашық тәрбие сабағын басқа ұстаздарға да қосымша көмек ретінде ұсынамын. Бұл материалым мазмұны жағынан өті әсерлі, оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейтуге көмегі тиеді деп ойлаймын;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2018
706
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сабағы: «Тәуелсіздік туы желбіресін!»Тәрбие сабағының мақсаты:
  • Оқушылардың еліміздің Тәуелсіздік алғанына 27 жыл толуына байланысты Қазақстан туралы білімін кеңейту;
  • Тарихи деректердің маңызын аша білуге және материалдарды дидактикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру;
  • Тәуелсіздік жолында күрескендердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: көрме, Желтоқсан құрбандарының суреттері, бүктемелер, нақыл сөздер;Тәрбие сабағының барысы: Әнұран шырқалады. Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгін Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Тәуелсіздік туы желбіресін!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі –Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайын, мереке құтты болсын!Алғашқы құттықтау сөз. (Мектеп директоры)
  • Егемендік! Тәуелсіздік!
«Бостандық!» деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді. Осыдан 27 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Ендеше тарих бетіне шегініс жасап, бір зер салып өтейікші.Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін! Қазақтың қара қылды қақ жарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық.Төле би (Еламан Сат):Уа, халқым, сөз қадірін білесің, Жаңбыр жаумаса жер жетім,Басшысы болмаса ел жетім,Көсіле шабар жерің бар,Тау көтерген елің бар,Қол бастайтын ерің бар,Атадан қалған сара жолың бар.Қазыбек би (Жандияр):Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, достығымызды сақтай білген елміз, дәм – тұзды ақтай білген елміз.Әйтеке би(Еламан.Серк): О, ұлы аға! Биікке шықсаң көзің ашылады. Жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады. Менің балаларға айтпағым:Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар,Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар,.Жүргізуші: - Қазақ халқының XVIII ғасырдағы тарихы арпалысқа толы, жер бетінде бар болу, не жоқ болу деген жанкешті тынымсыз заман еді.
  • XX ғасырда ұлттың ұлт ретінде өзін тануы «Ұлттың болашағы не болады?» дегенге жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілген.
  • 1930-1933 жылдар халқымыздың жартысынан көбін жалмаған ашаршылық жылдары.
  • 1936-1938 жылдарда ұлт зиялыларына репрессия болды.
  • 1941-1945 жылдар ССРО-Германия соғысы.
1954-1956 жылдарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп қоныстана бастады. Жүргізуші: Тарих еске алып отырғанды ұнатады, ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Маңызы зор біздің Тәуелсіздігіміздің тарих бетіне жазылғанына да біршама жылдар легі өтті. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар – намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын. Алмас:Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,Шарпысқан сәті үміт пен күдік, наланың,Қайрат, Ләззат, Сәбира,Құрбаны болған жаланың.Бектас:Надан жасаған сұмдықтан,Адамдар азап шеккен күн,Қасқалдақ ұшып көлінен,Шүрегей келіп қонған күн.Қыранды қуып көгінен,Қарғалар билік алған күн.Серк.Еламан:Шектеліп ана тіліміз,Оқылмай өлең-жырымыз,Жабылып жатса мектептер,Жадырар қалай күніміз?Тарылып жатса даламыз,Қайтып біз тыныс аламыз?Қақымыз да жоқ айтуға,Әділет қайдан табамыз?Сат.Еламан:Бұрқ етті қазақ баласы,Кеудеде өршіп наласы,Алаңға қарай ағылдыТаусылып барлық шарасы.Жанымыз жомарт қазақпыз,Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.Қосайық басты, бауырлар,Жанайық, жансақ маздап біз.Жүргізуші:Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзда жанған алауы,Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,Ешқашан да тиісті емес еңкеюге жалауы!Алмас:Қазағымды «Ұлтшыл» деп, жалалы болған – Желтоқсан,Серкебаев Еламан:Сапар шеккен Қайрат боп, Мәңгілікке – Желтоқсан.Арнұр:Әлем саған елеңдеп, Құлақ түрген-Желтоқсан!Жандияр:Бодандықтың бұғауын, лақтырған – Желтоқсан!Әдемі:Ар-ұятым, абыройым, Қасиетім сен –Желтоқсан!Сатыбалдин Еламан:Ерік-жігер, күш-қуатым, Бәрі де сен-Желтоқсан!Өлең: «Тәуелсіздік»Ділназ:Қақап күннің ызғары,Сүйектен өтіп кеткен күн,Қаракөз қазақ қыздарынОМОН-дар бастан тепкен күн.Қариялар итке таланып,Ел басын күрек шапқан күн,Аппақ қар қанға боялып,Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.Арнұр:Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін,Ерлерім елдік үшін атой салып,Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.Әдемі:Желтоқсан тағдырларға азалы күн,Қайраған намыстарын мазалы мұң,Қыршынынан қиылған боздақтары,Қалар мәңгі есінде Қазағымның

Сырым:Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,Жігер оты маздаған тұрақты ұғым,Тәуелсіздік билігі қолға қонған –Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.Ислям:Тарихым жатыр тасымдаТіл қатып келер ғасырға,Азаттық деген ұғымның,Желтоқсан тұрар басында.Серкебаев Еламан:Жас арудың жанарында – Желтоқсан,Сатыбалдин ЕламанҚанды ғасыр табанында – Желтоқсан,Арнұр:Қаралы өмір қайыстырған халқымның,Қара тұман қабағында – Желтоқсан,Әдемі:Жауыздықты жасаған да – Желтоқсан,Жандияр:Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан,Азамат:Жазықсыздың көз жасына жуынып,Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.Нұрсұлтан:Әр қазақтың есінде сақталады,Желтоқсандық өрендер ақталады.Ер намысын қорғаған, сарбаздарым,Ерліктерің мәңгілік сақталады.Азамат:Бақтың құсы әр адамға қонып бір,О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын,Әр қазақтың жүрегі деп соғып тұр!Жүргізуші: Бостандықты шынжырлап маталаған ескі өмірді қиратқан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына биыл 32 жыл толады. Желтоқсан оқиғасының лебімен көкжиегімізден азаттық пен теңдіктің таңы атып, қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді.Алмас:Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім,Ел іргесі берік болсын – ұраным,Тәуелсіздік – өзіңді еркін сезіну,Салт-дәстүрім – қолдан түспес құралым.Бектас:Тәуелсіздік!Не деп оны түсіндік?Тәуелсіздік – ар – ожданың кісілік.Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп.Ел – жұртыңның алма құнын түсіріп.

Ділназ:Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,Қымбаттан да ең қымбатты барымыз.Тәуелсіздік – білектегі әліміз,Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.Өлең: «Көк тудың желбірегені»Жүргізуші: Тәуелсіздік!Тәуелсіздік бізге не берді? Тәуелсіз елдің ұланы қандай болу керек?
  • Тәуелсіздік маған өз ана тілімде еркін сөйлеуге мүмкіндік берді.(Әдемі)
  • Тәуелсіз елдің ұланы біз сияқты бақытты.(Сат.Еламан)
  • Тәуелсіз елдің ұланы ана тілін, ата тарихын, бай дәстүрін қадірлейді.(Алмас)
  • Тәуелсіз елдің ұланы қай елде білім алса да Қазақстанды дамытады.(Серк.Еламан)
  • Тәуелсіз елдің ұланы Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің атын әлемге паш етеді, мақтаныш етеді.(Арнұр)
Жүргізуші:Қандай дүние жетеді балауыңа,Бәрі сенің жан Отан, қалауыңда.Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып,Қазақстан елтаңбасы, жалауы да,Тәуелсізбін, егеменмін, азатпын,Туды міне, ел аңсаған азат күн!Елдің туын биік ұстар әрқашанБолашағы сендерсіңдер қазақтың!Дильназ:Үлгі бізге – аталардың ерлігі,Ұлағаты, өнегесі, еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғары,Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңіНұрсұлтан:Тәуелсіздік – Еліміздің тірегі,Тәуелсіздік деп соғады,Бар қазақтың жүрегі.ӘдеміБиіктей бер, асқақтап, жомарт халқым,Өркендей түс, аяқталды тозақты күн!О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр!Бүгін міне, Тәуелсіздік, ағайын,Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!Асыл:Қандай бақыт, қуанышты күн бүгін,Дәлелдеуде Қазақстан елдігінАрман еткен, қыршын кеткен ағалар!Елің алды егеменді елдігін!Би: «Қазақстан, алға!»Т- білдіреді теңдіктіӘ-әдептілік, әлдікті, әділетті,У – уайымсыз уақытты,Е – егемендік, елдікті,Л – дейді лағып лепірме,С – сенімділік, секілді ең,І – ілтипат пен ізет қой,З – зиялылық тілек қой,Д – шақырады достыққа,І – ізеттіміз бәріміз,К – көктегі күн боламыз.Жандияр:Тәуелсіздік мемлекет – Қазақстан!Біздерді басқармайды ешкім тыстан.Оңайлықпен келген жоқ теңдігіміз,Аман қалған қазақпыз қырылыстан.Егеменді , ерікті ел екенбіз.Жылдан жылға дамыған берекемізБостандықтың таңы атқалы 27 жыл,Халайық, құтты болсын мерекеміз!Жүргізуші: Бұдан былай біздің жүрегімізге Желтоқсан қасыреті сияқты ұлтымыздың қайғысы емес, мерейлі мерекелі, шуақты берекелі қуаныштар толсын деп тілейік!Елімізде тек бейбітшілік, бірлік, ынтымақ, ырыс, болсын деген тілекпен ---------------ертеңгілігімізді аяқтамас бұрын «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» демекші киелі ауыз билерімізден бата сұрасақ.Төле би(Сатыбалдин Еламан)Жас баланың күлкісін бер, жас ананың ұйқысын бер.Жомарттың қолын бер, сапарлының жолын бер.Судың тұнығын бер, асаудың арынын бер, түнгі оттың жалынын бер. Түндеріміз тыныш болсын, үйлерімізге ырыс толсын,Ұлдарымыз сесті болсын, қыздарымыз есті болсын,Әумин!Қазыбек би (Жандияр):Айтқаның әділ болсын, тілегің қабыл болсын.Жортқанда жолың болсын, дұшпаныңа киелі бол, Халқыңа иелі бол, өзіңе өмір берсін,Айтқан сөзің әрдайым, осылай жүйелі болсын.Балалар қуаныш әкелсін, немерелер жұбаныш әкелсін,Орынымыз төр болсын, дастарханымыз мол болсын, Әумин!Әйтеке би(Серкебаев Еламан):Асқар таудың паңдығын бер, бұлбұлдың таңғы үнін бер, даланың жазықтығын бер, гүлдің нәзіктігін бер, Лашынның жүрегін бер, нағыз достың тілегін бер.Жастардың қазасын көрмейік, зұлымдардың жаласын көрмейік,Елімізде бірлік болсын, жарасты тірлік болсын, Әумин!Жүргізуші:Атыңнан айналайын егемен ел,Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер,Мерейің құтты болсын, ТәуелсіздікҒасырдың тойы болшы келе берер! – дей келе осымен бүгінгі ертеңгілімізді аяқтаймыз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ