Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сабағы: "Тіл білгірлер" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: "Тіл білгірлер" сайысы орта сыныптарға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тіл білгірі» сайысы

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,білімін жетілдіру,мәнерлі сөйлеу,әдемі оқуды үретіп,сөздік қорларын молайту.Тілді аялап,құрметтеуге тәрбиелеу,тілге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру.

Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгін

келсе алдымен оның тілін үйрен

Пифагор.

Көрнекіліктер:Көрме плакаттар,сыныптың ішін әдемлеу.

Барысы:Өз тілің өскен өркенің,

Ананың берген ақ сүті,

Мақтанын ұлттық ол сенің.

А.Тоқмағанбетов.

Бұл дәуірде өз әдебиетін білмеген адам толық мәнде интеллигент емес деуге болады.

М.Әуезов.

Мұғалім:Қымбатты ұстаздар,оқушылар,мектебімізде қазақ тілі апталығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі.Бүгін сыныптар арасында өтетін мақал-мәтел сайысына қош келдіңіздер!

1 оқушы:Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі.Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында рулық тіл дәуірін де,тайпалық тіл дәуірін де,халықтың тіл дәуірін де басынан кешірді.

Қазақ тіл-өркендеген мәдениеттің тілі,көсемсөздік,ресми іс қағаздарының тілі,граматтикалық құрылысы барынша дамыған орамды тл.

Қазақстан Республикасының ата заңы-Конституциясында Қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп жазылған.

Мұғалім:Өнер алды-қызыл тіл деген қазақ мақалы бар.Мұны қазақ сөз қадірін білгендіктен айтқан.

Сөз өнері ақылға,қиялға,көңілге байланысты болады.Ақыл ісі-аңдау,қияс ісі-меңзеу,көңіл ісі-түю.

Тілдің міндеті-ақылдың аңдауы,қиялдың мензеуін айтуға жарау.Оны тілмен айтып,білдіруге көп шеберлік керек.

Ендеше,құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ,өйткені бәріміздің ана тіліміз-қазақ тіліне арналады.

2 оқушы: Мақал-мәтел-халықтың ұзақ уақыт бойы адамдарды іс-әрекетіне,мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздер.Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады.Мысалы,бастауыш сыныптағы балалардың ойын еңбек процесінде бір-бірімен келісе алмай педагогке шағым жасайтын кездері болады.Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, Шағым жасау-шалдуарлық деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғаның сезінетіндей үн ырғағын,дауыс екпінін өзгерте айтады.

Мұғалім: Тілден асқан асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден асқан теңіз жоқ-дей келе сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.

Аружан: Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әкем менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер.

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.


Әлімхан: Ана тілім- болашақ,келешегім

Сен арқылы биікпін,тенесемін.

Өлең жазып ой толғап өз тілімде

Шыңға қадам басамын,мен өсемін.


Арман: Ана тілім-бүгінім,ертеңім де,

Ана тілім-өлеңім,ертегім де,

Сенің арқан туған тіл,сенің арқаң

Сыйлаймын да,азатпын еркемін де.


Адемай: Туған тілім тірлігімнің аймағы

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Мұғалім: Енді,сайысымызды бастайық.Әр топ өздерің таныстырып өтеді,топтың ұраны,аты.

-Сайыскерлеріміздің білімін,шешендік шеберліктерің бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық.

-Сайысымыз үш турдан тұрады.

1)Тур. «Кім көп біледі?» мақал-мәтел жарысы.

2)Тур. Кім тапқыр?

3)Тур. Кім шапшан?

2.Тур.

1)Өнер алды қызыл (тіл)

2)Тіл (тас) жарады ,(тас) жармаса бас жарады.

3)(Бал) тамған тілден у да тамар.

4)(Білім) кілті кітап.

5)Жалқаудың жаны тәтті,еңбектің (наны) тәтті.

6)Таяқ еттен өтеді,(сөз) сүйектен өтеді.

3.Тур. Кім шапшан?

«Тоғызқұмалақ» сөзінен жаңа сөздер құрастыру

-Әділқазылар өз ұпайларын айтады.

Мұғалім. Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрің біл,

Өз тілінді құрметте,-деп Қадыр ағамыз жырлағандай, ана тілдің мәртебесің көтеріп,құрметтейік.Жасай бер,анам тілім,қазақ тілі.




.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.03.2018
705
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12