Тәрбие сағат: "Жол ережесін сақтайық!"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағат: "Жол ережесін сақтайық!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін,тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “Жол ережесін сақтайық!”

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, есте сақтауға үйрету. Танымдық белсенділігін жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық көліктермен жай көліктердегі тәртіпті сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін, ойын арқылы ойлау қабілетін,тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер.

Жол - көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол - көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.
Міне, осы мақсатта біздің балаларымыздың арасында «Жол жүру ережесін сақтайық» атты жол ережелеріне арналған ойын сауық өткізілуде. Ендеше, қош келдіңіздер!

  • Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Сұрақ: — Бағдаршам деген не?
— Ол қандай қызмет атқарады?

  • « Кел, танысайық!» айдары

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!

Бағдаршам қай көзін ашқанда біз тоқтаймыз? қызыл

Қай көзін ашқанда дайындалу керекпіз? сары

Қай көзін ашқанда біз жүреміз? жасыл


  • Ойын: “Бағдаршам”

Қызыл, сары, жасыл шам

Көшеде тұр бағдаршам! Бағдаршам көздерін реттілігімен бояп шығу.

Есікті біреу қағады. Балалар бізге біреу келген сияқты. Кім екен көрейікші. Бізге жол сақшысы келіп қалыпты. Сәлемдесейік!

Жол инспекторы:Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, жол инспекторы! Бүгінгі ойын сауығымыз бәріміз үшін маңызды.


Бағдаршам ойынын жол сақшысымен ойнаймыз! Бағдаршамнның түстерін көрсету арқылы баланы жолдан өткізу,





  • Сергіту сәті:

Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

  • Дидактикалық ойын «Көліктің иелерін тап»

Балалар суреттерді қарап көліктің түрлерін атайды әуе ,жер,су көліктерін атау.

- Өрт сөндіргіш машинасын кім жүргізеді ? (Өрт сөндіруші)

- Полиция машинасы кім жүргізеді ? (полиция)

- Ұшақты кім жүргізеді ? (Ұшқыш)

- Поезды кім жүргізеді ? (теміржолшы)

  • Жол белгілерін көрсету, түсіндіру таныстыру.

1. Ескерту белгісі!
2. Балалар өтетін жол!
3. Автобус аялдайтын орын!
4. Кіруге болмайды!
5. Жаяу жүргіншілерге жүруге болмайды!
6. Тоқтауға болмайды!
7. Тоқта! (стоп)
8. Тайғақ жол!
9. Телефон!
10. Дәмхана!
11. Жанармай бекеті!
12. Алғашқы медициналық көмек пункіті











  • Бағдаршам аппликация” ата анасымен жапсыру. Жол полициясына тексерту.

Жол полициясын шығарып салу.

Қортындылау: Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Бүгінгі сабақта не туралы өттік?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.07.2022
909
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі