Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағат Қ.Рысбеков атындағы нөмері 5 мектеп интернат 6 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернаты
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама.
Дайындаған; Ж.Тұрғанбай
Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама!
Сабақ мақсаты: адамзат өміріне қауіп төндіріп
отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре
отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден
аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға
тәрбиелеу. Есірткі жайлы кеңінен мағлұмат бере отырып,
Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, тазалыққа, денсаулыққа,
баулу
Жаңа сабақты түсіндіру:
Адам денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз
денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру керек. Дені сау
адамның еңбекке әрқашанда құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың
болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер
зияны ұшан теңіз.
Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,
Аман - есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
Обасы ол ХХІ ғасырдың
Айырмаған досың менен қасың кім?
Мың - миллиондап жеп келеді жегіқұрт,
Қиылуда қыршынынан жасыл гүл.
Солардың бірі – сол құрдымға бастаған,
Маскүнемдік, нашақорлық теңеу барма басқа оған.
Есірткі - бұл адамның көңіл - күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын
бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат.
Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, есірткісіз өмір
сүре алмайтын бейшара халге жетеді.
Есірткінің негізгі түрлеріне:
апиын, кокаин, көкнәр, гашиш, марихуана жатады. Мұның барлығы адам
ағзасына өте зиянды. алғашында дәмін көруге үйретеді де, кейін
өзіне тәуелді
етіп қояды, табылмаған жағдайда ұрлыққа, адам өлтіруге дейін
барады. Есірткінің 25 пайызы Ауған елінен келеді екен. Есірткі өлім
тамшысы. Нашақорлық пен темекі аздырар адам баласын. 3 желтоқсан
әлемдік СПИД пен күрес күні болып жарияланған. Есірткіге көбінесе
16 - 25 жас аралығындағы боз бала мен бой жеткендер ұшырасады. Спид
- тің жұғу жолдары. Ерте жыныстық қатынаста болғанда, ауыру адамнан
сау адамға қан құйғанда, пайдаланған шприцті қолданғанда
жұғады.
Осы
орайда видео роликті
тамашалайық
Темекінің адам ағзасына кері әсерін тигізетін 4 ережесі
1. ашуланшақ, зейіні, есте сақтау қабілеті төмендейді.
2. Никотин, шайыр, күйе миға барып жабысады да ұйқы жүйесі
бұзылады.
3. жүрек, қан айналымын, асқазан, өкпе мүшелерін зақымданады.
4, қызық көрушілік пен еліктеушіліктен пайда болады. Дені сау ұрпақ
болу үшін:
1 Спортпен айналысу керек
2. Салауатты өмір салтын ұстану
3. Дұрыс дәруменді тағамдармен тамақтану
4. Жеке бас тазалығын сақтау
5. Өзін-өзін сыйлау таза ауада болу
Қорытынды: Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді де өмір сүруі
үшін
денсаулықтың әсері ұшан - теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі
ең жарқын жастық шақтарыңда дендеріңнің саулығына бүгіннен бастап
қамқор жасаңдар. Жастық шақтың тамырына балта шабылмасын.
Өзіміздің өмір сүріп отырған ортада өмірімізге қауіпті есірткі
сияқты зиянды заттарға әуес болмайық. ХХІ ғасырдың азаматтары
ғаламдық дертке жол бермейік. Ертеңгі жарқын болашақ біздің
қолымызда. Біздің болашақ өміріміздің жалғасы, тірегі сендерсіңдер!
Қазақстанның дені сау, парасатты, мәдениетті, сауатты еңбекқор адал
ұлдары мен қыздары болып өсіңдер.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым –
Желтоқсан»
Мақсаты:
1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай
саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан
болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып,
жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете
түсіндіру.
Тәрбиелік:
Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз
анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық
сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу
қабілетін дамыту.
Алғы сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан
мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі
дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда
алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым
– Желтоқсан» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.Тарбие
сағатымыз елімізде болып
жатқан пандемияға байланысты онлайн турде өткізілгелі
отыр.
1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2-жүргізуші:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
1-оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас қайраты халқымның.
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттің нәубе, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы,
әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы
қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз
көтерілістің
бірі.
2-жүргізуші:
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен
апаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке
қол жеткізді.
2-оқушы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан.
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да - Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
1-жүргізуші:
Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986
жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10.00 да бар жоғы
18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Д.А.Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин
ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
2-жүргізуші:
Осыдан 29 жыл бұрынғы Алматы оқу орындарының бірінің жатақханасының
алдындағы оқиға. Көрініс.
Көрініс
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып,
орнына
В.Колбинді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кетейік!
3-оқушы:
Сүймейтұғын болдық қой, сүймей ғұмыр
Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген?
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді,
Бізге оны ешкім аяп бермейді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ляззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені.
1-жүргізуші:
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз
жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз
жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат,
Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай
жастарымыздың өмірін үзді.
2-жүргізуші:
Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі
күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі
тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді.
Соның бірі «Менің тағдырым».
4-оқушы:
Өмір бойы жолым болып көрмеді,
Жылап келем бұл дүниеге келгелі.
Қайғы шаңы басты менің денемді,
Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.
Жолдаған сәлемімді дос алмады,
Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.
Айта берем, айта берем қайбірін,
Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.
Тағдыр мені аямады, қорлады,
Жалынсам да, жыласамда болмады.
Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,
Армандаған ақ сәулеге жетпедім.
1-жүргізуші:
Осы өлең жолдары Қайраттың қатты қиналып Қазақстан үшін жанын
құрбан еткенін еске түсіруге болады.
1-жүргізуші:
Орыны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың жолын қусын.
1минут үнсіздікпен еске алайық,
Аруақ ағалардың ырза болсын.
5-оқушы:
Тұрса да биік өр басын,
Қазаққа бақыт орнасын.
Сексен алтыншы жылғыдай,
Желтоқсан желі болмасын!
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын.
1-жүргізуші:
«Шеру ұйымдастыруға қатысы бар» деген жалған айыппен қаншама зиялы
азаматтар жазаланды, жұмыстан қуылды. Бірақ ол үшін жауапқа
тартылған ешкім болған жоқ.
2-жүргізуші:
1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп, 17-сі
жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады.
Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш
машинамен, итпен және т.б. таратады.
6-оқушы:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Салт – санадан айырылып,
Арақтан ұрпақ азбасын.
Қызғаныштан тозбасын,
Қолдаушысыз болмасын.
Барлық ұлтпен тең болып,
Ешкімнен көңілің қалмасын.
Ендігі жерде басыңнан,
Бірлік пен бақ таймасын.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын әрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Халқым, саған ризамын!
Батыл бас аяқты, жас достар,
Бұл жерде – батыр жоқ қол бастар,
Бұл жерде – жүректе… мұз жатыр,
Бұл жерде - өрімдей… қыз жатыр.
Бұл жерден мәңгілік аттанған,
Халқымның есінде сақталған!
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін мынау
алдамшы дүниеден рахым күтіп, күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің
көңілі кім үшін, не үшін мерт
болуға тиіс екенін сезе бастаған тәрізді.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме
жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай
дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран
бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға жабылдым.
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басм бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік - ел мұраты. Бұл біздің ұлан байтақ теңіздей қазақ
тарихының басынан кешкендерінің тамшысы ғана болса да, осы 17жылда
Қазақстанның дамып өркендеуін жылдармен өрнектейміз.
2-жүргізуші:
1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты
президент етіп сайлады.
1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы,
әнұраны, туы туралы заң қабылданды.
2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының
Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет
айналымға түсті.
1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев
көк байрақты желбіретті.
2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.
1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі
орнатылды.
2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы
қабылданды.
1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.
2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.
1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада
тойладық.
2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.
1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін
И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.
2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.
1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары
2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы
1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.
2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы
тойланды.
Өлең: «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Тәуелсіздіктің түп тамырына желтоқсан оқиғасының тікелей байланысы
бар екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы
желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса
керек.
2-жүргізуші:
Бүгінде 1986 жылы болған Желтоқсан оқиғасына 29 жыл
толуда. Ел іргесі тыныш, халқымыз бай-қуатты
болсын!
Қ.Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернаты
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым –
Желтоқсан»