Материалдар / Тәрбие сағат: Вирyстық aурyлaрдың aлдын aлy шаралары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағат: Вирyстық aурyлaрдың aлдын aлy шаралары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптың ең негізін анықтап, талдау жасай білуге, салыстыруға үйрету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2020
495
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

5-сынып


Сaбaқтың тaқырыбы: Вирyстық aурyлaрдың aлдын aлy шаралары

Сaбaқ мaқсaты:

1. Бiлiмдiлiк мaқсaты: Вирyстық ayрyлaрдың aлдын aлy

2. Тәрбиелік мақсаты: Білімділік пен сауаттылыққа тәрбиелей отырып, бірін-бірі сыйлауға,

тыңдауға салауаттылыққа үйрету. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

3. Дамытушылық мақсаты: Тақырыптың ең негізін анықтап, талдау жасай  білуге, салыстыруға

үйрету.


Сабақ типі: инновациялық сабақ

Сабақтың түрі: Ақпараттық оқыту технологиясы

Оқыту әдісі:  тест, сұрақ жауап.

Көрнекіліктер:  слайдтар ( презентация ), кесте.

І. Үйымдастыру. «Денім сау болсын десең .............. «

ІІ. Қосымша білімдерін тексеру. Вирустар жайлы ақпарат.

«Бір қадам артқа» стратегиясы

Сұрақтар:

  1. Вирус дегеніміз не?

  2. Вирустардың құрылысы қандай?

  3. Вирустардың қанша түрі бар?( өсімдіктер мен жануарлар)


Жаңа тақырып: Вирустық аурулардың алдын алу.


Жұқпалы аурулардың алдын алу

Инфекциялық аурулардың алдын алу жолдарының ең басты ережесі жеке гигиены ұстану болып табылады. Өнімдерді пісірер алдында мұқият жуып отыру керек. Тамақтанудың алдында, дәретханадан шыққан соң және даладан келгеннен кейін міндетті түрде қолдарыңызды жуыңыз. Үй-жайды желдету, шаңды сүрту, едендерді тазалау, басқа адамдардың киімін кимеу және жеке гигиена заттарын қолдану қажет. Дұрыс тамақтанып, иммунитетті көтеру керек.

Вирустық жұқпалы ауруларды алдын алуды ерте балалық кезеңнен бастау керек. Ағзаның вирустық инфекцияларға қарсы тұру қабілетін арттыру керек. Егер отбасыңызда ауру адамыңыз болса, оны сау баладан аулақ болатындай етіп оқшаулау керек. Бөлмеге үнемі ауа кіргізу патогендік вирустардың санын азайтуға көмектеседі. Науқас жеке ыдыс-аяқты, сүлгіні және сабынды қолдануы қажет.

Қауіпті ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) дерті қайдан бастау алғанына тоқталсақ, оның жұқтырылған белгісі алғаш рет 1981 жылы АҚШ-та тіркелген. Ал ЖИТС-ке шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты. ВИЧ инфекциясы көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп, оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл аурудың емі әлі табылған жоқ. Алайда ВИЧ инфекциясы тіркелген жандардың бойындағы ауруды біраз уақытқа созу үшін дәрі-дәрмектер болғанымен, оның құны қымбат. ЖИТС вирусы сау адамға мынандай үш негізгі жолдармен жұғады:

1) Жыныстық қатынас арқылы;

2) Адамның ауруы қаны арқылы (қан құю, ауру адамға пайдаланған шприцтер, т.б.)

3) ЖИТС ауруы жұққан анадан баласына ауысу арқылы

Вирустар адам баласының серігі десек қателеспесбіз. Өйткені олар адам туғаннан бастап оны қоршайды және онымен бірге тіршілік етеді. Олардың кейбіреулерін біз елең етпесек, қалған біреулерімен жанассақ-ак болғаны ауырып қаламыз. Адам организміне вирустар бірнеше жолдармен енеді. Көбінесе олар ауамен немесе тағамдармен, кейде насекомтаратқыштар — маса немесе кенелер көмегімен келіп енеді.



ПРЕЗЕНТАЦИЯ: 1. ПРЕЗЕНТАЦИЯ: 2.


ПРЕЗЕНТАЦИЯ: 3 ПРЕЗЕНТАЦИЯ: 4



Тұмау. Тұмаумен ауырмаған адам жер шарында некенсаяқ болар. Бүл сырқат өте ертеден белгілі.

Бұл жөнінен кейбір мәліметті ерте дүние дәрігері — Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады. Тұмау эпидемиясы адам баласына шешек пен обадан кем тимеген. 1918—1920 жылдары түмаумен 500 миллиондай адам ауырьш, оның 20 миллиондайы қаза тапқан, ал бүның өзі бірінші

дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар санынан әлдеқайда көп.
Тұмау кенеттен басталып, тез тарайды. Тұмаудың нағыз қоздырушысы’1933 жылы табылды.

Осыған дейін ауруды бір кішкене ғана бактерия қоздырады делініп келді. Кейінірек ол микроб - тұмау вирусының серігі екені анықталды. Қазір тұмау вирусының толып жатқан топтары бар. Сондықтан оның бір тобына жақсы әсер ететін құрал, екіншілерін мүлде зақымдамайды да. 

Полиомиелит ауруына тым үқсас вирус 1948 жылы Коксаки каласында тұратын ауру балалардан табылды. Олар жазда және күзде байқалады. Қөбінесе осы вирусты ауру және сау адамдар ішегінен, лас сулардан және шыбындардан кездестіруге болады. Коксаки вирусының қоздыратын ауруы полиомиелитке тым ұқсас және одан өлім-жітім аздау болады.



В) Бейнефильм көру. ЖИТС вирусы.

















Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған

мектеп-интернаты













ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: «Вирyстық aурyлaрдың aлдын aлy шаралары»


5-сынып


Орындаған: Досатова К.Д.















Қостанай – 2020 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!