Материалдар / Тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2020
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Нұрғиса Тілендиев атындағы көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернаты» КММ











Өзіндік жұмыс

Тақырыбы: Құқықтық тәрбие -құқықтық мемлекет негізі

















Дайындаған: Нілдібаева К.А

Құқықтық тәрбие -құқықтық мемлекет негізі

Еліміздің Конституциясындa — Қaзaқстaн Республикасы еліміздің демокрaтиялық, зайырлы, күқықтық және әлеуметтік мемлекет есебінде орнықтыратыны мәлімделген. Ол мемлекетіміз үшін биік мақсат болып табылады. Сонымен қатар, Елім із Қазақстанның Конституциясының алғашқы бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, кұқықтары мен бостандықтары», — деп жазылған. [1] Азаматтық қоғам мен күқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең негізігі бастамаларының бірі болып – азаматтардың кұқықтық білімін одан әрі жетілдіру, кұқықтық мәдиениетін негіздендіру, әсіресе оның құрамдас бөлшегі – адам құқығының мәдениеті болып табылады.

Адам күқықтары жөніндегі ақпаратпен жүйелі қамтамасыздандыру қажеттілігі маңызды екендігін егер де ескеретін болсақ, онда осы салада адам қүқығы мәдениетін қүрастыруда да қажетті қүралдың бірі – білім беру үйымдарыдеп айтсақ қателеспейміз. Осы орайда «Адам қүқығы жөнінде айтқан уақытта бүгін біз адам мен мемлекеттің арасындағы өзара қатынасын айтамыз»,- дейді М.Новицкий» [2]

Азамат пен мемлекеттің ара – қатынасы күқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясына сәйкес жетілуде. Мемлекет пен адам қүқығының ортасындағы өзара байланыстылығы және ішінара негізділігі күқықтық мемлекеттің негізгі мақсаты адам және азаматтың күқықтарын қамтамасыздандыру екендігін де көре аламыз.

Қоғам белгілі бір тәртіпке негізделіп, жетіліп, өмір сүреді. Қоғамдағы тәртіп алуан әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез — қүлқын тәртіпке келтіретінпринциптердің әсерімен, демек күшімен орнатылады . Күқықтық нормаларды жүзеге асырукезінде күқықтық тәртіпорнығатыны, алқүқытық нормалар негізінен заңнан нәр алып нақты күқықтар мен міндеттер жүктейтіні түсінікті. Мемлекетіміздің заңдарын сақтау, оларға мойынсыну- жауапкершілікті, түсіністікті, заңдарды білуді және оғантиісінше мінез-құлық пен іс-қимылдарды үйлестіруді міндет етеді.

Қоғамның ең көкейкесті мәселелерінің бірі болып - қылмыстың, күқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Оны қазіргі таңда бүкіл деңгейдегі шенеуніктерден бастап, кұқық қорғау органдары қызметкерлері, ұстаздар, ата-аналар да түсінуде. Кұқық бұзушылық жөнінде «Күқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, оның заң алдындағы жауаптылыққа апаратын күқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі», — деп көрсетілген [3, 181б]

Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, демек болашағы болмайды. Бұл барлығымызға анық және оны жақсы түсінеміз. Алайда, қоғамда қоғамдық тәртіпті бұзуға жақын азаматтар да кездеседі және бұл — кұқық бұзушылықтың орын алуына әкеліп соқтырады, сол себепті күқық бұзушылық — қоғам өміріне сәйкес келетін қауіпті дерт болып табылады. Кұқық бұзушылықтың себептеріне байланысты көне заманнан қазіргі күнге шейін алуан түрлі ойлар айтылып келеді. Солардың арасында күқықтық нормаларды бұзуына ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер ететініндігі айтылған.

Жастар арасында кұқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды жауапкершілікті түсінуге өз үлесін қосатын, көмектесетін субъектілердің бірі — оқу орындары болып табылады. Оқу орнында жасөспірімнің азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, күқықтық, мәдени тағы да басқа да қасиеттерін жетілдіру және қалыптастыру процесі іске асырылады. Осы үжым мүшелеріне үлкен жауапкершілік пен міндет жүктейді. Күқық бүзушылық пен келеңсіз жағдайларды барша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — жас үрпаққа күқықтық тәрбие беру, оның мақсат - міндеттерін дұрыс түсіндірудің қажеттілігі ерекше болып табылады. Күқықтық тәрбие беру әртүрлі тәрбиелеудің маңызды бір саласы. «Күқықтық тәрбие мақсаты - оқушыларда күқықтық мәдениет пен күқықтық әрекет - қылық қалыптастырып, оларды күқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу», — деп айтылған [4, 163б]

Бүгінгі таңда «Білім туралы» Заңның талаптарын жүзеге асыру әлі де бірнеше экономикалық - материалдық, күқықтық - нормативтік базаны негіздеуді, күқықтық тәрбиені шығармашылықпен қүрастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жүмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті керек қылады. Сол себепті оқытушы жаңа заңдылықтармен танысып, оларды жүмыс кезінде басшылыққа алып қолдануды, оқу-тәрбие процессінде ұтымды, тиімді, мақсатты пайдалану жолдарын, тәрбиенің әдіс -тәсілдерін, сан алуан нысандарын игеріп, жаңа технологияларды кеңінен пайдаланғаны абзал. Жасөспірімдерді күқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу - олардың қылмысқа бармауына, өз бетінше өмірдегі мәселелерді шешудедұрыс шешім жaсaуынa, келеңсіз, жағымсыз жaғдaйлaрдaн тaртынуынa, қоғaмғa тиімді жұмыспен айналысуына жәрдемдеседі.

Көп ұлтты тәуелсіз мемлекетті нығайту, жaс ұрпаққа адамгершілік, пaтриоттық, азаматтық тәрбие беру біздің барлығымызға міндет екенін өмірдің өзі айғақтап отыр. Кұқықтық тәрбиені оқытушылар қауымы ата - аналармен, кұқық қорғау органдары жұмыскерлерімен және т.б. ұйымдармен бірлесіп іске асырса сонда, нәтижелі болады. Оқу орны мен жанұяда балалар әлеуметтік іс-қимылдың тұңғыш мінез - құлықын қалыптастырып адамгершілік, әдеп, заңды мінез-құлық, дұрыс іс - әрекет, кұ қы қтық нормаларды игере бастайды. Әлеуметтік нормалардың басты маңызды түрі болып саналатын әдептік нормалардың құқытық келбеті болмағанымен, оның ережелеріне сусындап өскен бала сөзсіз қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Әдептік нормалар кұқықтық нормаларға негіз, арқау болып, нақты бір деңгейде адамның ар-ұятын, намысын негіздеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға себеп болады. «Кұқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, оларға арқа сүйейді. Неғұрлым кұ қы қтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады» [5, 197б]

Кұқықтық тәлім беру жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке байланысты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Елім із ұрпаққа кұ қы қтың тәрбие беру ісіне өз назарып аударып келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және жүзеге асыру -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын атқарудың жемісі болып табылады. Көп жағдайда кұқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін туралы түсінбеушілік қоғамға жат әрекеттерді тудырады. Бұл ретте оқушының санасына кұ қы қтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу кұ қықты қ тәрбиенің міндеті болып табылады.

Кұқықтың тәрбие негізі отбасынан бастау алады. Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы жанұяда жатыр. Бізде отбасы әр түрлі: маскүнемдіктен, ұрыс -керістен көз ашпайтын, өзгелердің, мемлекеттің есебінен арам жолға барғысы келетін жанұялар да бар. Бұндай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке оң қарамайтыны да түсінікті емес пе? Осындай отбасында өскен бала өзімшіл, әрі кұқыққа қарсы әрекет жасауға бір табан жақын тұрады.

Ал, ауылымыздың жастарының ішінде кұқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар да бар. Жастар арасындағы үгіт - насихат пен кұ қы қтың тәрбие мәселесі туралы жоғары ұйымдары жағынан белгіленген шаралар іске асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру керек. Кұқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам осындай кезде өзінің ар -ұятына жүгінеді. Оныңжанындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы да мүмкін. Бұл оның көп жағдайда көп кұқықтың тәрбиені бұзуына әкеледі.

Оқушыға жай ғана білімді болу аз, сонымен қатар тәжірибелі, көпті көрген, адамдардың жүрегіне барар кілтті таба алатын тәрбиеші болу аса маңызды. Жастардың мектептегі өмірі адамның азаматтық қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. Осы кезде адамгершілігі, дүниетанымы, тәртіптілігі, өзгеге және өзіне талап қоюы, адалдығы, қайырымдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. Осылардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда тіршілік ету ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға шыдамсыздық, қоғамдық тәртіпті сақтау да жатады. Ол өз кезегінде құқықтық мәдениеттен көрінеді. Тұлғаның кұқықтық мәдениеті күрделі. Мәселе адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жайлы болғанда, сан алуан сұрақтар пайда болады. Кұқықтық мемлекет демократиялық қағидаларға арақа сүйей отырып, әр тұлғаның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, талпынысын толық және еркін іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Демократияны дамыту мемлекеттік және қоғамдық өмірдің кұқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің кұқықтық негізін орынықтыру процесі төмендегідей маңызды шараларды іске асыруды қажет етеді: заңдылықтарды әрдайым дамыту; заңның жүзеге асыуын бекіту; қоғамдық тәртіп орнатуға әр адамның ат салысуы. Одан заңдылық пен кұқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тура мемлекет мойынында болу керектігінен туындайды.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның кұқықтық мәдениетінің ішінде тығыз байланыс бар. Сол себепті де кұқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының құрамдас бөлігі есебінде қарастырамыз. Қоғамдық қайта құру кезеңінде кұқықтың мәдениетті қалыптастыру кезіндегі кемшіліктерді жеңу орын алады. Кұқық қоғам мен қоғамның әрбір мүшесінің барша өмірін қамтып жатады. Кұқықтық мәдениеті нашар жетілген адам тек қана заңның өрескел бұзылған кезінде ғана оған зейін аударады да, кұқықтық талаптарды мойындамаған көптеген кездерді байқамайды.

Заңды білмеу — кұқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі және оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Бұл жерде жастар заң және кұқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Кұқықтық мәдениет жастардан жан-жақты кұқықтық білімдерді талап етеді. Адамның кұқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Ол өз кезегінде қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі — орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы. Сонымен адамның кұқықтық мәдениеті дегеніміз — орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты кұқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, кұқықты қорғау іс- әрекетінің терең бірлігі.

Кұқықты қадірлеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, түсіну және сезіну — адам тұлғaсының жоғарыдан көрініс тaбуы байланысты. Бұдан кейін заңдылықты түсіну кұқықтық мәдениеттің құрамы екендігін сезіну қиын емес.

Кұқықтық мемлекеттің негізгі нышаны - халықтың кұқықтық мәдениетінің болуы. Кұқықтық мәдениет қоғам мәдениетінің басты салаларының бірі болып табылады. Ол екі бөлімнен тұрады: жеке тұлғалардың мәдениеті және қоғамдық мәдениет. Азаматтың жалпы мәдениеті мен кұқықтық мәдениет, кұқықтық мәдениет пен кұқықтық сана бір-бірімен тығыз байланысты. Кұқықтық мәдениет кұқықтық санамен салыстырғанда әлдеқайда кең ұғым болып табылады. Азаматтардың кұқықтық мәдениеті олардың қолданыстағы заңдар туралы білімінен байқалады. Барлық заңдарды білу қажеттілігі мүмкін емес болса да, негізгі қоғамдық қатынастарды реттейтін заң талаптарын әрине әрбір азамат білгені жөн. Азаматтар өздерінің негізгі кұқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны өзгелердің және мемлекеттің мүддесіне қайшы келтірмей түсініп саналы орындауы, мемлекет алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуі құптарлық іс. Заңгер ғалымдар Ғ.Сапарғалиев және А.Ибраева өз еңбектерінде: «Тұлғаның кұқықтық мәдениеті - кұқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден тұрады. Ал мұның өзі кұқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді)» — деп атап көрсеткен [6, 1756]

Кұқықтық мәдениетті қалыптастырып дамыту еліміздің болашағын айқындаушы көрсеткіштердің бірі деп атасақ, жасөспірім ұрпаққа сапалы кұқықтық білім мен саналы тәрбие беру оқытушылар қауымынан білімділікті, кұқықтық білімдерін әрдайым дамытуды, нормативтік — құықықтық құжаттармен тоқтаусыз танысып, жұмыс уақытында осыларды басшылыққа алуды үрдіске айналдыруды, салалық мекемелермен, отбасымен тығыз ынтымақтастық қарым - қатынас орнықтыруды және қажырлы еңбекті керек етеді. Келелі жұмысты іске асыруда бала құқығын қорғау, балаға қарым — қатынас мәдениетін көтеру, оның талабын ескеру де нәтиже береді деп ойлаймыз. Кұқықтық саясаттың құрамдас бөлігі, елдің индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз етудің, оның зияткерлік әлеуетін жетілдірудің негізгі шарты болып табылатын ғылыми және білім беру қызметін кұқықтық реттеу болып табылады.

Ғылым-білім беру қызметінің құрамдас бөлігі, өз кезінде, кұқықтық білім беру, кұқықтық насихат, демек кұқықтық мәдениет мәселелері болып табылады. Осыған байланысты, азаматтардың кұқықтық санасын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер ішіндегі заңгерлік сауаттылықты көбейту туралы жұмысты жалғастыру керек. Халық арасында интернет- ресурстарды қоса отырып, бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен кұқықтық насихаттың сапасын арттыру мен көлемін кеңейту, заңнаманы және кұқық қолданудың басты проблемалары бойынша, атап көрсетсек, азаматтардың күнделікті өмірінде жиі пайдаланылатын кұқық салаларында ғылыми зерттеулерді жандандыру қажет.

Кұқықтық саясат тұжырымдамасының қағидаларын жүзеге aсыру ел Конституциясының басты идеялары мен қағидаларын Қазақстанда күқықтық мемлекет құрылымының жаңа кезеңінің жанында өмірімізде іске асыруға көмек береді. Қазақстандық заңнаманы Тұжырымдамада белгіленген 1е 1лекеттің кұқықтық саясатының басты бағыттарына сәйкес кешенді да1ыту және тиі1ді пайдалану заңдылық режи1ін одан әрі бекітуге, ада1 1ен аза1аттың конституциялық кұқықтары 1ен бостандықтарын сақтауға, елі1іздің орнықты әлеу1еттік-эконо1икалық да1уын қа1та1асыз етуге, қазақстандық 1е1лекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!